Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене шынықтыру жоспар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар дене қыздыру жаттығуларын біледі.

Меңгеру керек: Бірін-бірі қуып ұстап алуды үйренді меңгерді

Жасай білу керек: Дене қыздыру жаттығуларын жасай алады.

«Өркен» МдҰ әдіскері.................. Туякова Д.Д

«Теректі аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өркен»МдҰ

МКҚК өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Балбөбек» І-кіші сәбилер тобы.

Күні:

Білім салалары: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Тепе-теңдікті сақтау»

Мақсаты: Гимнастикалық орындықтың үстімен жүру

Биллингвизм: орындық-стул, жүру - ходить

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, үйрету,ойындар

Керекті құралдар: гимнастикалық орындықтар

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті.

Баланың іс – әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Іздену қозғаушы

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар,алақанымызды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке сыйлайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық

Балалар саппен залға кіреді.Олар шеңбер жасап тұрады.

Біріншіден күнделікті жаттығуымызды орындайық.

Бәріміз жаттығуды есімізге түсіріп менің артымнан қайталап орындаймыз.

Балалар біздер деніміз сау болу үшін жаттығулар жасауымыз керек.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Тепе-теңдікті сақтау»

Балалар, гимнастикалық орындықтардың үстімен жүру арқылы тепе-теңдігімізді сақтап үйренейік. Ол үшін қолымызды екі жаққа жайып, жайлап гимнастикалық орындықтардың бір шетінен екінші шетіне дейін жүріп үйренейік. Бойымызды еркін ұстап, тепе-теңдігімізді сақтайық.

3-4 рет қайталау.

Балалар, оқу іс-әрекетімізде денемізді қыздырып тепе-теңдігімізді сақтауды үйрендік Жарайсыңдар!

Балалар,алақандарын ашады

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке сыйлайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық

Балалар сапен залға кіреді. Шеңбер жасап тұрады.

Жаттығуларды орындайды.

Балалар гимнастикалық орындықтардың үстімен жүреді

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Гимнастикалық жаттығуларды

Меңгеру керек: Тепе-теңдікті сақтауды

Жасай білу керек:Гимнастикалық орындықтардың үстімен жүруді

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Кеудеге арналған жаттығулар»

Мақсаты: Кеудеге арналған жаттығуларды қайталату

Билингвизм: жаттығу – гимнастика

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, үйрету,ойындар

Керекті құралдар: суреттер

Іс - әрекет деңгейлері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс -әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы

Армысың алтын күн!

Күндей жарқырап.

Айдай арайлап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық.

Армысың алтын күн!

Күндей жарқырап.

Айдай арайлап,

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық.

Іздену қозғаушы

Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Кеудеге арналған гимнастикалық жаттығулар».

Ал балалар, бәріміз сапқа тұрайық та, кеудеге арналған жаттығуларды жасайық. Енді тыныс алу жаттығуларына арналған ойындарды ойнайық.

«Ол қашан болады?» алаңдағы ойын

«Айналма», «Біз ормандамыз» тіл дамтыуға арналаған ойындар

«Жел» дыбыс тыныс алу жаттығулары.

«Қояндар мен қасқыр» ойыны

«Жаңғақты орға лақтыр» ойыны

«Шырша» тыныс алу гимнастикасы.

Ойын «Өз орныңды тап»

Шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады. Белгі берілген уақытта жан-жаққа жүгіреді. Өз орныңды тап дегенде шеңбер бойымен тұруы керек

Кеудеге арналған жаттығуларды жасайды.

Тәрбиешіге ойын барысында сұрақтарға жауап береді.

«У» дыбысын қайталайды.

Тақпақты қайталап, мәтінді айтып отырады.

Барлық дыбыстарды айтуға жаттығады.

Жүгіреді, секіреді, жаңғақтарды лақтырады.

Рефлексивті коррекциялаушы

Тақтайдың үстімен балабақшаға оралады.

Балалар бір –біріне көмектеседі