Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене шынықтыру жоспар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Дене шынықтыру жаттығулары балаларға өте пайдалы екенін біледі.

Меңгеру керек: Қызығушылықпен жасай біледі.

Жасай білу керек: Аяқтың ұшына арналған гимнастикалық жаттығуларды орындады.

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Түрлі бағытта шеңбер жасап, қол ұстасып жүгіру.

Мақсаты: Бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер бойымен жүгіру.

Биллингвизм: шеңбер-круг, жүгіру-бегеать

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Күнмен айға әлемнің

Береміз ыстық сәлемін

Қонақтарға сүйсініп

Береміз сәлем келіп біз

Тақпақта бәрі хормен айтып жылулық шеңберінде тұрады

Ізденуші қозғаушы

Балар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде шеңбер бойымен жәй жүгіріп үйренеміз.

Оқу іс-әрекетімізде дене қыздыру жаттығуларын жасайық

«Кім киік?»

  1. Аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғары көтеріп допқа қарау.

  2. Допты алдымызға қойып отыру, қолды артқа тіреп аяқты сәл жинап тізені оңға, түзу солға бұру.

  3. Екі аяқты бірге қос кеудеде бір орында тұрып секіру. Жәй жүгіру. Демалу жаттығуы.

Шеңбер бойымен сапқа тұру.

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде шеңбер бойымен жәй жүгіруді үйренеміз. Жүгіруді үйрету.

Ойын:»Поезд»

Балалар шеңбер бойымен жәй жүгіруді үйренеді.

Жаттығулар жасадық, шеңбер бойымен жәй жүгіріп үйрендік.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не үйрендік?

Қандай ойын ойнадық?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Шеңбер бойымен жәй жүгіруді

«Поезд» ойынын ойнадық

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: жаттығуларды орындайды.

Меңгеру керек: жаттығуларды шеңбер бойымен жәй жүгіруді жасай біледі.

Жасай білу керек: шеңбер бойымен жәй жүгіруді меңгерді.

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Секіру

Мақсаты: Белгілі бір затқа дейін секіріп қол тигізуге үйрету, ептілікке баулу.

Биллингвизм секіру-прыгать, ойыншық-игрушка, қоян-заяц

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа.

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

Тақпақта бәрі хормен айтып жылулық шеңберінде тұрады

Ізденуші қозғаушы

Ән айтқызу. «Ұзын құлақ, сұр қоян»

-Балалар, ән қандай жануар туралы?

Қоян қалай секіреді?

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде секіріп үйренеміз.

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге көптеген ойыншықтар келіп отыр. Кәне ойыншықтарға амандасайық.

Ойыншықтарды бір қатарға тұрғызу.

Балаларды бір қатарға тұрғызу.

Балалар алдарында тұрған ойыншықтарға секіріп барып қолымыздың ұшын ойыншыққа тигіземіз. Ал кәне бастайық.4-5 рет қайталау.

Ойын: « Допқа дейін секір»

Балаларды допқа дейін секіртіп үйрету.

Қоян туралы.

Балалар қоян сияқты секіреді.

Балалар амандасады.

Балалар ойыншыққа дейін жүгіріп, қолдарын тигізеді.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не үйрендік?

Қандай ойыншықпен ойнадық?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Секірдік. Қоян туралы. Доппен