Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дене шынықтыру жоспар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ойын шартын түсініп ойнайды

Меңгеру керек: Ойынды әрі қарай ойнай алады.

Жасай білу керек: «Аңшылар мен үйректер» ойынын ойнайды.

МКҚК «Өркен» балабақшасы

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балбөбек» ІІ сәбилер тобының

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Қимылды ойын «Ұшақтар»

Мақсаты: Қимылды ойын ойнау арқылы шапшаңдыққа, ептілікке дағдыландыру.

Биллингвизм: ойын-игра, ұшақ-самалет

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Қажетті көрнекі құралдар: ұшақтың суреті

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тілек шеңбері арқылы бір-біріне тілек айту.

Аспанымыз ашық болсын,

Деніміз сау болсын,

Ата-анамыз аман болсын!

Ізденуші қозғаушы

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде дене шынықтыру сабағында «Ұшақтар» ойынын ойнаймыз.

Ұшақ дегеніміз не екенін білесіңдер ме?

Ол әуе көлігі. Ұшақпен алыс қалаларға ұшады. Оның екі қанаты, денесі бар. Ұшақты жүргізетін адамды ұшқыш деп атаймыз.

Кәне, қайталайықшы.Қазір сендер ұшақтасыңдар. Мына жер сендердің қонатын жерлерің.

Белгі бойынша 1,2,3 дегенде сендер ұшасыңдар. Аэродромға қоныңдар дегенде белгілі бір жерге қонасыңдыр.

Ойынның шартын бұзған бала тақпақ айтып беру керек.

Түсінікті ме?

Ендеше ойынды бастайық. Ойын 2-3 рет қайталанады.

Ұшқыш

Рефлексивті коррекциялаушы

Қандай ойын ойнадық?

Ойын сендерге ұнады ма?

Ұшақ қандай көлік?

Онымен біз қайда барамыз?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан баланы мадақтау.

«Ұшақтар» ойынын.

Ия ұнады.

Әуе көлігі.

Алыс-алыс қалаларға

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Әуе көлігі екенін түсінеді

Меңгеру керек: Ұшақтың бөліктерін атайды

Жасай білу керек: Ойынды қызығушылықпен ойнайды

«Өркен» МдҰ әдіскері.................. Туякова Д.Д

«Теректі аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өркен»МдҰ

МКҚК өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Балбөбек» І-кіші сәбилер тобы.

Күні:

Білім беру салалары: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы:Жүру, «Күн мен жаңбыр» ойыны

Мақсаты: бір қырындап жүруге үйрету,ойынмен таныстыру.

Биллингвизм: күн-солнце, жаңбыр-дождь

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау

Қажетті көрнекі құралдар: суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері:

«Шар үрлеу» ойыны.

-Балалар, бір- біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық. Енді шарды үргендей «Уф» деп үрлеп дем шығарайық. Кәне біріміз бірге үреміз.

Біз міне шар сияқты үлкен болдық.

Шардан басқа тағы неге ұқсаймыз? (күнге, допқа)

Балалар бір –бірінің қолынан ұстап үлкен шеңбер жасайды.

«Үф» деп үрлеп дем шығарады.

Күнге , допқа, дөңгелекке.

Ізденуші қозғаушы

Қазір біз алдымен жаттығулар орындап, денемізді қыздырып алайық

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде

  • Бір қырындап жүруді үйренеміз

  • «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнаймыз.Ойынның шарты: Күн шықты қыдыруға болады. «Жаңбыр жауды» үйге қайтыңдар «Жаңбыр» деген белгіден кейін, балалар орындықтың астын паналайды.

Қыдыру кезінде балаларға гүл, жеміс теруге секіруге, екі-екіден жүруге кеңес беріледі.

Балалар орындықтарды отырады. Орындықтарынан тұрып жүреді, алаңды бойлай жүгіреді

Әркім өз орнына жүгіреді.

Рефлексивті коррекциялаушы

Бүгін біз қандай ойынмен таныстық?Ойын сендерге ұнады ма?

«Күн мен жаңбыр»

Ойын ұнады.