- •Б.Ғ.К., доцент
- •Дәрістер жинағы
- •1.Қазақстан биоресурстарының маңызы.
- •2. Өсімдік биоресурстары. Ормандар және оның маңызы.
- •3. Жануарлар ресурстары. Жабайы және үй жануарлары.
- •Дәріс № 2 Шөл, шөлейт аймақ өсімдіктері.
- •1. Қазақстандағы шөл, шөлейт аймақтары.
- •2. Шөлейт аймағы, климат және өсімдіктердің дүниесі.
- •3. Шөл аймақтары, климаттық жағдайы және өсімдіктері.
- •Дәріс № 3 Құмды аймақ өсімдіктер дүниесі. Құм аймағы топырақтары.
- •1. Құмды аймағына жалпы сипаттама. Солтүстік құм аймақтары өсімдіктері.
- •2. Құм аймағы топырақтары. Оңтүстік құм өсімдіктері.
- •3. Құм аймағы топырағы түрлері. Топырақ құрамы тұздылығы.
- •4. Эфемерлер мене эфемероидтардың ерекшеліктері.
- •Дәріс № 4 Қазақстан су қоймалары өсімдіктер қоры. Өндірісте пайдаланылатын және қорғауға қажетті өсімдіктер дүниесі.
- •1. Су қоймаларына сипаттама. Су қоймаларында өсетін өсімдіктердің ерекшелігі.
- •2. Қазақстанның су қойма өсімдіктерінің өкілдері.
- •3. Қазақстанда жойылып бара жатқан өсімдіктер.
- •Дәріс №5 Қазақстан жануарлар дүниесі.
- •2. Биоэкологиялық аймақтарда жануарлардың таралуы.
- •3. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланыстылығы.
- •4. Су құстарының сипаттамасы және миграциясы.
- •5. Маусымды және қорғауға алынған құстар.
- •Дәріс №6 Бірқазандар және аққулар.
- •1. Бірқазандардың сипаттамасы. Бұйра бірқазан ерекшелігі.
- •2. Қызғылт бірқазанның тіршілік етуі, көбейуі.
- •3. Аққулардың сипаттамасы және тіршілік етуі, маңызы.
- •Дәріс № 7 Бұталы орман құстары. Қазақстанда су жануарларының ресурстары. Балықтар.
- •1. Бұталы орман құстарына сипаттама.
- •2. Қырғауылдың тіршілік етуі, оны өсіру, маңызы.
- •3. Бекіре балығы мен насос тұқымдастар.
- •4. Тұқы (карп) тұқымдастар.
- •5. Көксерке тұқымдастар және лақа тұқымдастар.
- •1. Тұқы балықтарының сипаттамасы. Қарапайым сазан балық.
- •2. Қазақстандағы балық шаруашылығының маңызы.
- •1 −Кесте. Тоғанды балық шаруашылығының белдеулері
- •3. Усцинов және ысылдағыш геккон.
- •4. Шөл және түркістан агамасы. Сұр варан (кесірткенің бір түрі).
- •Дәріс №9 Жыландар отряды.
- •1. Соқыр және бума жыландар тұқымдасы.
- •2. Ала және улы жыландар.
- •Жылан жайлы аңыздар
- •Уының емдік қасиеттері
- •3. Су жыландарына жалпы сипаттама.
- •4. Қарапайым су жыланы тіршілігі. Жыландардың өндірістегі маңызы.
- •Дәріс №10 Қосмекенділер мен сүтқоректілер класы.
- •1.Каспий, батпақ, шөл тасбақалары.
- •4. Кірпі тустылар.
- •5. Жер қазушылар мен қол қанаттар туыстары.
- •Дәріс № 11 Жұп тұяқтылар отряды. Қабан туысы. Бұғылар отряды.
- •1. Жұп тұяқтыларға сипаттама.
- •2. Қабандар көбеюі, маңызы, жаулары, аурулары.
- •3. Еліктердің сырт көрінісі, жасау жағдайы, маңызы.
- •Дәріс № 12 Ұсақ мүйізділер туыстығы. Жайран және сайғақ (бөкен). Азия муфлогы және Архар.
- •1. Ұсақ мүйізділер сипаттамасы
- •2. Жайран мен бөкеннің сырт көрінісі және маңызы
- •3. Муфлондар келіп шығуы.
- •4. Архарлар, олардың маңызы.
- •Дәріс № 13 Кемірушілер және қоян тәрізділер отрядтары.
- •1. Тиындар туыстығы және жай тиындар. Тиындарды өндірісте пайдалану.
- •2. Сарышұнақ және құбыжық.
- •Сары сарышұнақ
- •Дикарбз (құбыжық). Түрі эхидна
- •3. Қоян туыстары.
- •4. Пишуха туыстылар.
- •5. Қоян туыстылардан пайдалану
- •1. Қожанның сырт көрінісі. Екі түсті қожан.
- •2. Ұзын құлақ жарқанат. Жарқанаттар маңызы.
- •3. Нутрияның келіп шығу тегі. Қазақстанда нутрия өндірісі және көбейіп дамуы.
- •Дәріс № 15 Андатра. Жыртқыштар отряды. Ит тустылар. Қасқыр.
- •1. Андатраның келіп шығуы және сырт көрінісі.
- •2. Андатраның кемшілігі және өндірісі.
- •3. Ит туыстыларға сипаттама. Қасқырлар түрлері, жасау жағдайы.
- •4. Түлкі оның жасау жағдайы. Ит туыстылардан өндірісте пайдалану.
2. Қазақстанның су қойма өсімдіктерінің өкілдері.
Еуразия орталығында орналасқан байтақ ел. Жер көлемі 2млн 715мың шаршы шақырым. Каспийден Алтайға дейінгі аралық 3мың шақырым,соның ішінде Шөлді аймақтары 1600км-ді құрайды. Табиғи жағдайы түрліше. Осындай елімізде жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5754 түрі кездеседі. Олардың ішінде 700-ге жуығы эндемиктер немесе басқа елдерде кездеспейтін болып есептеледі.Елімізде бай өсімдіктер әлемінен пайдаланып келеміз. Олар тек құрылыс материалы емес азық түлік көзі болып есептеледі. Қазақстанда орманды дала Қазақстаннын 2%-ін алып жатыр. Бұл дала Солтүстік, Солтүстік Шығыс, Қостанай, Көкшетау жерлерін иелеп жатады.Бұл аймақлардың негізгі өсімдіктер көктерек қалың бұталарын тікенді раушан,қара жемісті ырғай т.б.есептеледі. Орман аймақтарынан пайдаланудың негізгі бағыты,шөп ору молайту,құрылыс материалы на және отынға жаратылады. Орман аймақтарында ең көп тараған шатыр қайың болып есептеледі,ұзындығы 20 метрге дейін олар негізгі құрылыс материалдары. Олардың құрамында қант көп болғандықтан ішімірлер қолданылады. Көктерек аралас ормандарда өсіп бойы 25метр болады. Ол 7 метр Алатау, Тянь-Шяньдарда тараған. Олар екі үйлік өсімдіктер. Шөптес өсімдіктерден астық тұқымдастарға кіретін құрғақ алтарық,шалғын қоңырдас, тарқақ шөп, қияқ өлең, сылдыр шөп, бөденешөп, алмұрт шөп, андыз, қырықбуындар қіреді.
3. Қазақстанда жойылып бара жатқан өсімдіктер.
Қазақстанда далалық аймақтар 110мың Га жерді иелейді. Бұларға аласа таулы аймақтар кіреді. Олар топырақ жағдайларына қарап,қара топырақ,сарғыш,ақшыл сары топырақ болып бөлінеді. Олардың негізгі жабындығы шөптесін өсімдіктер. Шөптесін өсімдіктердің басымдылығы ақ селеу, бетеге, бөріқарақат бірлестігі. Кейінгі жылдары тың жерлердің кемуіне байланысты көптеген өсімдіктер жойылып барады. Сол үшін олардың түрлерін сақтау мақсатында Наурызым,Қорғалжын қорықтары үлкен рол атқарады.Ағаштардан көбірек қарағай кездеседі. Сондай-ақ емен ағаштары да өседі. Бұталардан Шайқурай, Көкшіл жуа басым болады.
Қазақстан территориясының біраз 60%-ін Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 900км. Шығыстан батысқа дейін 3000км аралықта шөл,шөлейт аймағы иелейді. Олардан отын ретінде сексеуіл көбірек қолданылады. Кейінгі күндері сексеуілді аяусыз пайдалану нәтижесінде оларды қорғау қажет болып жатыр.
Негізгі әдебиеттер:
1. Бартов В.Ф. Экономические аспекты экологические аспекты.
2. Экологические кризисы. М.1970г.
3. Веклиг О.А. Эколого – экономические противоречия. Киев – 1991
4. Охрана ланщафтов М.1982г.
5. Природные ресурсы и охрана окружающей среды в респуб. Казахстан. А-А. 1994г.
Қосымша әдебиеттер:
1. Госид 17.11.01.77. Гидросфера, Использование и охрана вод М.1977г.
2. Госид 27, 59, 3, 88. Почвы, термины и определения М. 1988
3. Госид 12,1.03.84. Атмосфера М. 1984г.
Дәріс №5 Қазақстан жануарлар дүниесі.
Дәріс жоспары:
1. Қазақстанның жануарлар дүниесі.
2. Биоэкологиялық аймақтарда жануарлардың таралуы.
3. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланыстылығы.
4. Су құстарының сипаттамасы және миграциясы.
5. Маусымды және қорғауға алынған құстар.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1. Қазақстанның жануарлар дүниесі.
Орта Азия табиғаты өзінің түрлі думандығымен дүние ғалымдарын таң қалдырды. Қатаң шөлден тартып, қалың жапырақты ағаштар, ормандар, құм және батпақты батпақты аймақтар реттесіп келеді. Таулы аймақтарда тасты, қиялы аймақтар шөп өспейтін кейде қалың ағаштар мен орманның болуымен ерекшеленеді. Орта Азия солтүстіктен оңтүстікке қарап мың км жерді иелеп жатқанымен бірге теңіз бетінен 132метрден 7,5 мың метрге дейінгі биіктікте жатады.Біздің аймақта Сібір тайгасы, Гималай субтропикалық климаты Орта Азияда флора мен фаунасынің түрлі думандығымен деректеледі. Әдебиеттерге жүгінсек 800 түрлі омыртқалы жануарлар болып оның 105 түрі балықтар, 9 амфибиялар, 79 бауырымен жорғалаушылар, 459 түрі құстар, 153 сүтқоректілер екені анықталды. Балықтардың көпшілігі интрадукцияланған екенін есте сақтау керек.
Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары – аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақ бөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.
Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еуропалық қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бірнеше түрі кездеседі. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 – 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні – қарақал кездеседі.
Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі – жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмырбас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңтүстігіндегі кейбір жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі.
Зайсан қазаншұңқырынан оңтүстікке қарай созылып жатқан тауларда [Сауыр, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы] марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, сілеусін, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейді. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Мензбир суыры жерсіндіріле бастады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді.
Кең байтақ Қазақстан жерін мекендеген жабайы жануарлардың тәжірибелік маңызы бар: олардың кейбіреулері (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екінші біреулері – өсімдік пен жануар зиянкестері (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемірушілер жазық және таулы жерлерде оба ауруын, тышқан тәрізді, кемірушілер туляремия, лептоспироз, қуқызба ауруларын таратады. Қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бірқатар қан-паразиттік аурулар жұқтырады.
"Ақсу-Жабағлы қорығы"
Жануарлар түрлерінің қазіргі сипаты бірқатар жағдайларға байланысты, олардың аралығында, ең алдымен, жердің аса кең аумақта игерілуі, осыған орай жер суару, не керісінше, көптеген жайма су аңғарларын құрғатып, тех. дақылдар егу нәтижесінде жер бедерінің өзгеруі сияқты жағдайларды атап көрсету керек. Мұның нәтижесінде соңғы 150 – 200 жыл ішінде республика бойынша керқұлан (Пржевальский жылқысы), қабылан, тұран жолбарысы, тоғай бұғысы сияқты түрлері жойылып кетті. Көптеген аса бағалы аң түрлерінің азайғандығы соншалық, тіпті оларға жойылу қаупі төнген. Бұлардың қатарына қарақұйрық, үстірт арқары, арқар, Мензбир суыры, ортаазия өзен құндызы, қарақал жатады. Құстардың ішінде дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, қоқиқаз, орақтұмсық, жылан жегіш қыран, бүркіт, балықшы, кезқұйрықты субүркіт саны тым азайып кетті. Олардың бәрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілді. Сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабының” 3-басылымына қорғауға алынған аңдардың 40 түрі, құстың 56 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, балықтың 16 түрі енгізілді. Қорықтарда көптеген сирек кездесетін жануар түрлері мемлекеттік қорғауға алынды (қ. Ақсу-Жабағылы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Наурызым қорығы, Марқакөл қорығы, Үстірт қорығы). Республикамыздың қазіргі жануарлар дүниесі алуан түрлі, ал оның кең байтақ жерінде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген. Мұнда бір кезде құрып кеткен омыртқалылардың 200-ден астам түрі, көне дәуірдегі теңіз жайылмасында тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың, омыртқасыз жәндіктердің, мәселен, ұлулардың бірнеше жүздеген түрі табылды.[
