- •Б.Ғ.К., доцент
- •Дәрістер жинағы
- •1.Қазақстан биоресурстарының маңызы.
- •2. Өсімдік биоресурстары. Ормандар және оның маңызы.
- •3. Жануарлар ресурстары. Жабайы және үй жануарлары.
- •Дәріс № 2 Шөл, шөлейт аймақ өсімдіктері.
- •1. Қазақстандағы шөл, шөлейт аймақтары.
- •2. Шөлейт аймағы, климат және өсімдіктердің дүниесі.
- •3. Шөл аймақтары, климаттық жағдайы және өсімдіктері.
- •Дәріс № 3 Құмды аймақ өсімдіктер дүниесі. Құм аймағы топырақтары.
- •1. Құмды аймағына жалпы сипаттама. Солтүстік құм аймақтары өсімдіктері.
- •2. Құм аймағы топырақтары. Оңтүстік құм өсімдіктері.
- •3. Құм аймағы топырағы түрлері. Топырақ құрамы тұздылығы.
- •4. Эфемерлер мене эфемероидтардың ерекшеліктері.
- •Дәріс № 4 Қазақстан су қоймалары өсімдіктер қоры. Өндірісте пайдаланылатын және қорғауға қажетті өсімдіктер дүниесі.
- •1. Су қоймаларына сипаттама. Су қоймаларында өсетін өсімдіктердің ерекшелігі.
- •2. Қазақстанның су қойма өсімдіктерінің өкілдері.
- •3. Қазақстанда жойылып бара жатқан өсімдіктер.
- •Дәріс №5 Қазақстан жануарлар дүниесі.
- •2. Биоэкологиялық аймақтарда жануарлардың таралуы.
- •3. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланыстылығы.
- •4. Су құстарының сипаттамасы және миграциясы.
- •5. Маусымды және қорғауға алынған құстар.
- •Дәріс №6 Бірқазандар және аққулар.
- •1. Бірқазандардың сипаттамасы. Бұйра бірқазан ерекшелігі.
- •2. Қызғылт бірқазанның тіршілік етуі, көбейуі.
- •3. Аққулардың сипаттамасы және тіршілік етуі, маңызы.
- •Дәріс № 7 Бұталы орман құстары. Қазақстанда су жануарларының ресурстары. Балықтар.
- •1. Бұталы орман құстарына сипаттама.
- •2. Қырғауылдың тіршілік етуі, оны өсіру, маңызы.
- •3. Бекіре балығы мен насос тұқымдастар.
- •4. Тұқы (карп) тұқымдастар.
- •5. Көксерке тұқымдастар және лақа тұқымдастар.
- •1. Тұқы балықтарының сипаттамасы. Қарапайым сазан балық.
- •2. Қазақстандағы балық шаруашылығының маңызы.
- •1 −Кесте. Тоғанды балық шаруашылығының белдеулері
- •3. Усцинов және ысылдағыш геккон.
- •4. Шөл және түркістан агамасы. Сұр варан (кесірткенің бір түрі).
- •Дәріс №9 Жыландар отряды.
- •1. Соқыр және бума жыландар тұқымдасы.
- •2. Ала және улы жыландар.
- •Жылан жайлы аңыздар
- •Уының емдік қасиеттері
- •3. Су жыландарына жалпы сипаттама.
- •4. Қарапайым су жыланы тіршілігі. Жыландардың өндірістегі маңызы.
- •Дәріс №10 Қосмекенділер мен сүтқоректілер класы.
- •1.Каспий, батпақ, шөл тасбақалары.
- •4. Кірпі тустылар.
- •5. Жер қазушылар мен қол қанаттар туыстары.
- •Дәріс № 11 Жұп тұяқтылар отряды. Қабан туысы. Бұғылар отряды.
- •1. Жұп тұяқтыларға сипаттама.
- •2. Қабандар көбеюі, маңызы, жаулары, аурулары.
- •3. Еліктердің сырт көрінісі, жасау жағдайы, маңызы.
- •Дәріс № 12 Ұсақ мүйізділер туыстығы. Жайран және сайғақ (бөкен). Азия муфлогы және Архар.
- •1. Ұсақ мүйізділер сипаттамасы
- •2. Жайран мен бөкеннің сырт көрінісі және маңызы
- •3. Муфлондар келіп шығуы.
- •4. Архарлар, олардың маңызы.
- •Дәріс № 13 Кемірушілер және қоян тәрізділер отрядтары.
- •1. Тиындар туыстығы және жай тиындар. Тиындарды өндірісте пайдалану.
- •2. Сарышұнақ және құбыжық.
- •Сары сарышұнақ
- •Дикарбз (құбыжық). Түрі эхидна
- •3. Қоян туыстары.
- •4. Пишуха туыстылар.
- •5. Қоян туыстылардан пайдалану
- •1. Қожанның сырт көрінісі. Екі түсті қожан.
- •2. Ұзын құлақ жарқанат. Жарқанаттар маңызы.
- •3. Нутрияның келіп шығу тегі. Қазақстанда нутрия өндірісі және көбейіп дамуы.
- •Дәріс № 15 Андатра. Жыртқыштар отряды. Ит тустылар. Қасқыр.
- •1. Андатраның келіп шығуы және сырт көрінісі.
- •2. Андатраның кемшілігі және өндірісі.
- •3. Ит туыстыларға сипаттама. Қасқырлар түрлері, жасау жағдайы.
- •4. Түлкі оның жасау жағдайы. Ит туыстылардан өндірісте пайдалану.
Дәріс №9 Жыландар отряды.
Дәріс жоспары:
1. Соқыр және бума жыландар тұқымдасы.
2. Ала және улы жыландар.
3. Су жыландарына жалпы сипаттама.
4. Қарапайым су жыланы тіршілігі. Жыландардың өндірістегі маңызы.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1. Соқыр және бума жыландар тұқымдасы.
Орта Азия жыландарының ішінде ең кіші жылан соқыр жылан есептелінеді. Ол сырт көрінісімен жаңбыр құртына ұқсайды. Басы кішкене болып, басында жішке қалқанша болып құйрығында кішкене найзасы бар. Оның құйрығынан басқа жыландардан оңай ажыратуға болады. Оның денесі мен құйрығыныңы ұзындығы тең келеді. Денесі балық қабыршағы сияқты теңгешелермен ақоршалған. Көздері басындағы қалқан астында жайғасқан. Ең күлкені 36 см – ге жетеді.
Бізде ол жылан Каспий бойы Түркістан маңындаға аудандарда кездеседі. Ол тас арасында жердің қыртыс жарықтарында жасырынып жасайды. Ол жұмсақ топраққа құйцрығы арқылы қазып кіріп алады. Ол жатқанда жаңбыр құртына ұқсас, ал жауы болғанда жылан тәрізді басын көтеріп әрекет жасайды. Адам үшін зиянсыз ол шаға алмайды.
Құм бума жылан: Ол орта Азияда барлық жыландар нұсқасы есептелінеді. Оның басы жеңішке болып денесінен ажырамайды. Құйрығы келте, аузы кееңейеді басқа жыландарда солай болады. Орта Азия бума жыландары бәрі бір – біріне ұқсас келеді. Оларды ажырату қиын. Құм жыландарының бойы 61 см, құйрығы 6 – 10 см болады.
Құм жыланы жер бетінде ғана құм немесе топырақ астында да еркін жүре алады ол құмға көміліп жатады. Тек басы шығып көзі басының үстінгі жағына жайласқанымен ол айналаны жақсы көреді. Олар Апрель, Май айларында қыс ұйқысынан ойанады. Олжасы жақындағанына аңдып жатады. Кейін өте жылдам атылып олжасын тістеп оны бірнеше шеңбермен қысып тастайды. Ол түлі кемірушілермен яғни кесіртке, таспақалармен қоректенеді. Олар балаларын тірі туады. Олардың балалары жұмыртқа ішінде толық жетілгеннен кейін ол жұмыртқалайды. Ол тез жұмыртқаларын сырқа шығарады .Олардың бойы 12,5 – 13,5 см болады. Бір жылан 10 – ға дейін жұмыртқалайды, бұл жылан адамға зиянсыз.
Оның улы бездері жоқ. Ол түрлі кемірушілерді жойып пайдасы тиеді бірақта кесірткені құртумен зияны да тиеді.
Орта Азияда ең көп тараған Шығыс бума жыланы. Оның ерекшелігі көзі екі жағында болады. Оның бойы 1 м-ге дейін барады. Ол жоғарысда айтылған жыланадарға ұқсас тіршілік етеді.
2. Ала және улы жыландар.
Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.
Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 – 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі келеді.
Жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар.
Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын:
соқырлар тұқымдасы (1 түрі),
айдаhарлар тұқымдасы (2 түрі),
сарыбас жыландартәрізділер (12 түрі),
сұржыландар (2 түрі),
бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.
Жыртқыш түрлері тышқантәрізділермен, бақалармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Көпшілік жыландар жұмыртқа (қарашұбар жыландар, гюрзалар, т.б) салады, ал кейбіреулері (сұржыландар, бозша жыландар, т.б.) тірі туып көбейеді. Жеке дара немесе топтанып (мысалы, сұржыландар) қыстайды. Топтанып қыстайтын түрлерін халық «ордалы жыландар» деп атайды. Жылан зиянды кеміргіштер, моллюскілер және жәндіктермен қоректеніп пайда да келтіреді. Кейбір түрлерінің терісі әсемдік бұйымдар, еті тамақ жасау үшін, ал уы медицинада қолданылады.
Денесі ұзыншақ, 8 см ден 10 м, (айдахар), мүйізді қалқанша және қабыршақтарымен қапталған. Омыртқа саны әртүрлі, 141 ден 435 дейін., (opmauta 200). Кеуде сүйегі жоқ, дене омыртқалары жылжымалы қабырғаларымен қосылған. Көздері бірігіп кеткен мөлдір қабықпен қапталған Сыртқы құрақ тесігімен дауылпаз жарғағы жоқ. Ұзын тілінің ұшы айр Бас сүйектері бір-бірімен жұмсақ жалғамаларымен қосылған. Соның нәтижесінде жылан ірі жануарларды аузын кең керіп жұта алады. Тістері өткір, жіңішке, артқа қарай майысқан. Улы жыландардың жоғарғы улы тістері бар. Олардың қуыс у келетін өзегі болады. Өкпесі біреу. Қуығы жоқ. Аталықтарының копулятивтік мүшесі құйрығының түбінде тері астына орналасқан. Жылына бірнеше рет түлейді.
Жыландардың 13 тұқымдасы бар: сарбас жыландар, улы жыландар, теңіз жыландары, сұр жыландар, шұңқырбастылар, соқырлар тұқымдасы, тарауыздар, айдахарлар, аномалипидилер, біліктәрізділер, қалқан құйрықтылар, сәулелілер; 3000 түр. ТМД-да, 60 түрі белгілі. Көпшілік түрі құрлықта тіршілік етеді. Орманды жерде, шөл далада, өзендермен теңіздерде көптеген түрлері бар. Жыртқыштар. Қорегін тұтасымен жұтады. Жұмыртқа салып немесе жұмыртқада тірі туатын жануарлар. Кемірушілер, ұлулар және жәндіктердің санын реттеу зор маңызы бар. Кейбір түрлерінің терісі бағалы. Уы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. 16 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген.[1]
