- •Б.Ғ.К., доцент
- •Дәрістер жинағы
- •1.Қазақстан биоресурстарының маңызы.
- •2. Өсімдік биоресурстары. Ормандар және оның маңызы.
- •3. Жануарлар ресурстары. Жабайы және үй жануарлары.
- •Дәріс № 2 Шөл, шөлейт аймақ өсімдіктері.
- •1. Қазақстандағы шөл, шөлейт аймақтары.
- •2. Шөлейт аймағы, климат және өсімдіктердің дүниесі.
- •3. Шөл аймақтары, климаттық жағдайы және өсімдіктері.
- •Дәріс № 3 Құмды аймақ өсімдіктер дүниесі. Құм аймағы топырақтары.
- •1. Құмды аймағына жалпы сипаттама. Солтүстік құм аймақтары өсімдіктері.
- •2. Құм аймағы топырақтары. Оңтүстік құм өсімдіктері.
- •3. Құм аймағы топырағы түрлері. Топырақ құрамы тұздылығы.
- •4. Эфемерлер мене эфемероидтардың ерекшеліктері.
- •Дәріс № 4 Қазақстан су қоймалары өсімдіктер қоры. Өндірісте пайдаланылатын және қорғауға қажетті өсімдіктер дүниесі.
- •1. Су қоймаларына сипаттама. Су қоймаларында өсетін өсімдіктердің ерекшелігі.
- •2. Қазақстанның су қойма өсімдіктерінің өкілдері.
- •3. Қазақстанда жойылып бара жатқан өсімдіктер.
- •Дәріс №5 Қазақстан жануарлар дүниесі.
- •2. Биоэкологиялық аймақтарда жануарлардың таралуы.
- •3. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара байланыстылығы.
- •4. Су құстарының сипаттамасы және миграциясы.
- •5. Маусымды және қорғауға алынған құстар.
- •Дәріс №6 Бірқазандар және аққулар.
- •1. Бірқазандардың сипаттамасы. Бұйра бірқазан ерекшелігі.
- •2. Қызғылт бірқазанның тіршілік етуі, көбейуі.
- •3. Аққулардың сипаттамасы және тіршілік етуі, маңызы.
- •Дәріс № 7 Бұталы орман құстары. Қазақстанда су жануарларының ресурстары. Балықтар.
- •1. Бұталы орман құстарына сипаттама.
- •2. Қырғауылдың тіршілік етуі, оны өсіру, маңызы.
- •3. Бекіре балығы мен насос тұқымдастар.
- •4. Тұқы (карп) тұқымдастар.
- •5. Көксерке тұқымдастар және лақа тұқымдастар.
- •1. Тұқы балықтарының сипаттамасы. Қарапайым сазан балық.
- •2. Қазақстандағы балық шаруашылығының маңызы.
- •1 −Кесте. Тоғанды балық шаруашылығының белдеулері
- •3. Усцинов және ысылдағыш геккон.
- •4. Шөл және түркістан агамасы. Сұр варан (кесірткенің бір түрі).
- •Дәріс №9 Жыландар отряды.
- •1. Соқыр және бума жыландар тұқымдасы.
- •2. Ала және улы жыландар.
- •Жылан жайлы аңыздар
- •Уының емдік қасиеттері
- •3. Су жыландарына жалпы сипаттама.
- •4. Қарапайым су жыланы тіршілігі. Жыландардың өндірістегі маңызы.
- •Дәріс №10 Қосмекенділер мен сүтқоректілер класы.
- •1.Каспий, батпақ, шөл тасбақалары.
- •4. Кірпі тустылар.
- •5. Жер қазушылар мен қол қанаттар туыстары.
- •Дәріс № 11 Жұп тұяқтылар отряды. Қабан туысы. Бұғылар отряды.
- •1. Жұп тұяқтыларға сипаттама.
- •2. Қабандар көбеюі, маңызы, жаулары, аурулары.
- •3. Еліктердің сырт көрінісі, жасау жағдайы, маңызы.
- •Дәріс № 12 Ұсақ мүйізділер туыстығы. Жайран және сайғақ (бөкен). Азия муфлогы және Архар.
- •1. Ұсақ мүйізділер сипаттамасы
- •2. Жайран мен бөкеннің сырт көрінісі және маңызы
- •3. Муфлондар келіп шығуы.
- •4. Архарлар, олардың маңызы.
- •Дәріс № 13 Кемірушілер және қоян тәрізділер отрядтары.
- •1. Тиындар туыстығы және жай тиындар. Тиындарды өндірісте пайдалану.
- •2. Сарышұнақ және құбыжық.
- •Сары сарышұнақ
- •Дикарбз (құбыжық). Түрі эхидна
- •3. Қоян туыстары.
- •4. Пишуха туыстылар.
- •5. Қоян туыстылардан пайдалану
- •1. Қожанның сырт көрінісі. Екі түсті қожан.
- •2. Ұзын құлақ жарқанат. Жарқанаттар маңызы.
- •3. Нутрияның келіп шығу тегі. Қазақстанда нутрия өндірісі және көбейіп дамуы.
- •Дәріс № 15 Андатра. Жыртқыштар отряды. Ит тустылар. Қасқыр.
- •1. Андатраның келіп шығуы және сырт көрінісі.
- •2. Андатраның кемшілігі және өндірісі.
- •3. Ит туыстыларға сипаттама. Қасқырлар түрлері, жасау жағдайы.
- •4. Түлкі оның жасау жағдайы. Ит туыстылардан өндірісте пайдалану.
Дәріс № 7 Бұталы орман құстары. Қазақстанда су жануарларының ресурстары. Балықтар.
Дәріс жоспары:
1. Бұталы орман құстарына сипаттама.
2. Қырғауылдың тіршілік етуі, оны өсіру, маңызы.
3. Асетр балығы мен насос тұқымдастар.
4. Карп тұқымдастар.
5. Судак тұқымдастар және лақа тұқымдастар.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1. Бұталы орман құстарына сипаттама.
Қазақстан –орман ға бай өлкелердің бірі. Қарағайы аралас ормандар онаң солтүсітігін алып жатса, шыршалы алқап Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы белдеуін көмкереді. Орталық Қазақстанның қыратты жоталары да бұталы, қарағайлы ағаштарға бай өңір. Мәңгі жасыл кілем жамылған бұталы орманды құстар да кеңінен мекендейді. Өйткені, олар бұл жерден өздеріне жақсы пана және мол азық қорын табады. Жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандарымызды құр, меңіреу құр, ақ құр, шұбар құр, қырғауыл, кептердің бірнеше түрлері, тоқылдақтар, лашын, сұңқар, құмай, торғайлардың алуан түрлері қоныс еткен. Бұлардың көбі отырықшы құстар.
Бұталы орман құстарының ішінде аң аулау мерзімі ашылған кезде лицензиясыз шұбар құрға, ал рұқсат қағазы барларға құрға, қырғауылға аңшылық етуге болады. Орманда өңірдің тұрғындары біздің аймақта жылына 14-15,5 мың құр (15,7 тонна ет) және 15-17 мың шұбар құрды (6,2-6,8 тонна ет) мергендер қанжығасына байлайды. Бұл топқа жататын құстардың ең ірісі-меңіреу құр. Оның салмағы 5килограмға жетеді. Бізде, негізінен, Алтай тауларында тараған. Сан мөлшері көп емес, сондықтан оны атуға тиым салынған. Ол туралы кейінірек сөз болады. Қазірде республика ормндарында аса бағалы құстар-құр, ақ құр саны да жылдан жылға төмендей түсуде. Егерде аңшылық шаруашылығын дұрыс жолға қойып, қоры кеміп бара жатқан құстардың санын көбейту шараларын кеңінен жүргізіп отырсақ, Қазақстанда орман құстарың жылына 500-700 мыңын аулап, дәмді етін дайындауға мүмкіндік туар еді. Енді осы аймақтағы саны азая түскен пайдалы құстарға тоқталамыз. Әңгімені қырғауылдан бастаймыз.
2. Қырғауылдың тіршілік етуі, оны өсіру, маңызы.
Қырғауыл-біздің елімізде кездесетін құстардың ішінднгі ең әдемісі. Үсті алмас сияқты жалт-жалт етіп тұратын бұл құс, әсіресе оның қоразы өте сұлу. Мекиені көбінесе сұрғылт түсті болады. Қырғауыл қанатының ұзындығы 2-2,5 метр, орташа салмағы 1килограмм келеді. Тауық тәрізділерге жататын құстардан қырғауылдың айырмашылығы құйрығы өте ұзын келеді. Қырғауылды жергілікті тұрғындар, әсіресе закарпатьеліктер «король құсы» деп атайды.
Қырғуылдар негізінен оңтүстік Азияда тараған. Совет одағанда Еділдің құйлысында, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Орта Азияда, Қазқстанда, Приамурье, Приморье өлкесінің Оңтүстік бөлігінде тараған. Қырғауыл жер бетінде тіршілік етнтін құс.
Біздің Республиеамызда қырғауыл Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облысының тероториясында тараған. Әсіресе бұл өңірлерде қырғауыл Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ақсу өзендерінің жағалауларында мекедейді. Сонымен қатар Тянь-Шань туының төмегі белдеулерінде бұталы ағаштардың арасында жүреді.
Біздер соңғы жылдары жоғарыда аталған облыстардың тероториясында жабайы жануарлардың биалогиялық ерекшеліктерін зерттеу кезінде, қырғауылдаң таралуы, мекені және саны туралы біраз материалдар жинаған едік, енді соған қысқаша тоқталайық. Жамбал облысы жерінде Аса мен Талас өзендерінің атырауларында, Билікөл маңында қырғауыл көзге шалынып қалды. Қырғауылдың көбірек кездесетін жері Шу өзені бойы , әсіресе Фурмановка мен Қамқалы елді пункттерінің аралығанда. Бұл аймақтарды 1969 жылдың күз айларында 70-80 километр жерде 15 ке дейін қырғауыл есепке алынды.
Шу өзені бойында бұл құстың мекені - жиде, тал, тораңғы сияқты ағаштар өскен тоғайлы жерлер және көлдер жағалауындағы қамысты қопалар. Биік ағаштар етегінде итмұрын, жыңғыл тәрізді бұталар өседі.
Қырғауыл - өсімтал құс. Оның мекиені жылына 7- ден 18- ге көбіне 8-ден 14-ке дейін блапан шығарады. Олар ұясын жерге салады. Оның қорегіне байланысты қыс қатты, қар қалың, азық қоры аз болған жылдары олардың саны да азаяды және осындай қатаң қыс ол түлкі мен жабайы мысық сияқты жауларына да оңай олжа болады. Сонымен бірге қырғауылдың көбеюіне оның мекендейтін жерінде қмыс қопасын өртеу, орман-тоғай ағашын кесіп алу, шамадан тыс мал жою сияқты жағдайлар да кедергі жасайды сондықтан мұнай шаралардың жоспарлы жүргізілуі табиғат қорғау орындарымен алдын ала келісіліп істелуі керек.
Қырғауыл -еті дәмді, қауырсыны, мамығы өте бағалы құс. Қазақстанда қырғауыл еті 30-жылдарға дейін жоспармен, аз мөлшерде дайындалып отырған. Бұл кезде қырғауылдаң қоры мол болатын. Бірақ транспорттың жеткіліксіздігінен алыстағы және қиын соқпақты жерлердегі құстар ауланбай келді. Сондықтан да сол кезде ауылға таяу жерлер ғана игерілген-ді. Сол уақытта жылына 70-80 мың қырғауыл ауланған екен, Соңғы жалдары өнеркәсіптің күшті дамуына байланысты адамның бұрын игерілмеген өзен -көлдер маңындағы әрекеті қырғауыл санын азайта түсті. Тек бұл құсты атуға тыйым салынудың әсерінен оның қоры едәуір өскендігі байқалғаны жоғарыда айтылды. Әліде оған қамқорлық керек.
