Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биологиялық ресурстар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

Жылан жайлы аңыздар

Аустралия, Орталық Африка аборигендері, ежелгі грекиялық фессалийцтер, солтүстікамерикалық үндістер өздерінің ата-тегін жыландар деп есептейді. Сондықтан бұл тайпалар жыланға аса құрметпен қарайды. Алайда бертіндегі ғалымдар мұны ежелгі тотеизмнен қалған сарқыншақ деп түсіндіреді. Қалай десек те, ХVII ғасырда жыланға табыну фанаттық формада жүзеге асқаны шындық. Жыландар зәулім храмдарда тұрып, рахат ғұмыр кешкен. Ал көптеген африкалық тайпалар жыланға қызмет көрсетуді мәртебелі іс санаған. Оқыған абыздар белгілі бір мерзімде елді аралап 10-12 жасар қыздарды жыланға табынушылық құпияларына үйреткен. Жалпы, жылан туралы аңыз-әфсаналар өте көп

Уының емдік қасиеттері

Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк университетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жылан уының химиялық құрамы зерттеліп, таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен ракты, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Улы жыланның сілекей безінен бөлініп шығатын ақшыл сары не көкшіл түсті сұйықтың құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздардан тұрады. Жалпы, удың қасиеті жыланның түріне байланысты бөлінеді. Сұр жылан уында қанға әсер ететін геморрагин, көзілдірікті жылан уында жүйке жүйесіне әсер ететін нейротоксин болады. Жылан уынан кезінде кеңес медицинасы да май, сұйықтар түрінде дәрілер дайындаған. Ол дәрілер дәрігердің рұқсатымен қолқа демікпесін, ревматизм, артрит сияқты көптеген ауруларды емдеуге қолданады. Бір ескертетін жағдай, жылан уынан дайындалған дәрілерді туберкулез, бүйрек, бауыр аурулары бар адамдардың қолдануына болмайды.

Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Франческо Реди деген адам мұны алғаш ашқан деген мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген. Бүгінгі медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған.

Жылан уына қатысты тағы бір жағымды жаңалық бар. Осыдан бірер жыл бұрын Новосибирскінің дәрігер-ғалымдары ішімдік десе елең ететіндер үшін баламалы сусын жасауды қолға алыпты. Кәдімгі араққа жыланның уын қосады екен. Оның кереметі сонда, алкоголь адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылып қалады. Және “жылан арағын” ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейтін көрінеді.

3. Су жыландарына жалпы сипаттама.

Бұл жылан түрлеріде орта Азияда барлық аймақтарда кең тараған. Оның түсі өте өзгергіш болады. Тек құрсақ жағы сарғыш қызғыш түсте болуымен ерекшеленіп тұрады .Ол ірі жыландар қатарына кіріп бойы құйрықсыз 110 см – ге жетеді. Ашывқ жерде көп болмайды. Соның үшін өз атымен су жыланы деп аталады. Олар Октябрь, Ноябрь айларында қысқы ұйықыға кетеді. Тастар арасы үңгірлерде еркегі ұрағашысы қыстап шығады. Оларды үңгірлерде 214 данасы қыстағаны да анықталған.

Бұл жылан олжасын аңдып жатып ұтстайды. Балықтармен қоректенеді. Сондай - ақ су бақасы оның балаларымен де қоректенеді. Олар Июнь айларында жұмыртқалайды. Жсұмыртқаларын Августь айларында жарып шығады. Олардың жауы үлкен жылан есептелінеді. Олар клоаксынан сасық иіс шығарып қорғанады. Су жыландары су қоймаларында майда шабақты үлкен краб кеміреді. Соның үшін оларда ерте көктемде немесе қысқы ұйқыға кетеді.