Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биологиялық ресурстар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

1. Қожанның сырт көрінісі. Екі түсті қожан.

Кіші қожан (жарқанат). Бұл ірі жарқанаттар тобына кіреді. Денесі 6-7,5 см, құйрығы 4,5-5,5 см, иығы 5-5,5см. Орта Азияда барлық аудандарда кездеседі. Таулы аудандарда 1200-1500 метрден жоғары шықпайды.

Олар көбінесе ескі үй – жайларда, кемірек жарықта кездеседі. Олар үлкен коллония түзіп тіршілік етеді.

Жарғанаттар бау-бақша, ауыл арасында ұшып насекомдар және қоңыздар тәрізділермен қоректенеді. Самкалары екі дана тірі бала туады. Жас жарқанаттар 20- июньда ұша бастайды, қыркүйекте қыстауға кетеді. Ол түрлі зиянды қоңыз және насекомдарды қырумен пайдалы жануарлар қатарына кіреді.

Огнева қожаны. Ол кіші қожанның өзіне сәйкес келеді. Денесі кіші 4,5-5,5 см, иығы 4-4,5 см. Оның кіші қожаннан ерекшелігі үсті сары, асты ақ болса, мұның құрсағында қоңыр түсті болады. Огнева қожаны Маңғышлақ, Үстірт, Алматы аудандарында көптеп кездеседі. Олар таулы – тасты аудандарда көп мекендейді. Олардың балалауы июнь айына дұрыс келеді. Олардың қоректенуі әлі күнге дейін толық зерттелмеген.

Екі түсті қожан. Орта Азияда ең әдемі жарқанат деп есептеледі. Оның екі жағы қызғыш болып, жүннің ұшы күміс түсті жылтырақ, құрсақ жағы сұрғылт. Сырт көрінісі күміс түсті ақшыл болып көрінеді. Денесі алдыңғыларға сәйкес, 5,5-6 см, құйрығы 3,5-4,5 см, иығы -4-4,5 см. Олар жарықтарда ескі үй, тау – тастың арасын немесе ауылды жерлерді паналайды. Ұрғашысы май айында балалайды. Баласының үлкендігі 2 мм болады. Олар июнь айында қатарға қосылып, еркін ұша бастайды.

2. Ұзын құлақ жарқанат. Жарқанаттар маңызы.

Ұзын құлақ жарқанат. Бұл жарқанаттың басқа жарқанаттардан ерекшелігі үшінші орта сүйелі (ұзын саусағы ) басқаларына қарағанда үш есе үлкен болады. Сол үшін оны ұзын қанат жарқанат деп те атайды. Оның денесі 5-6 см, құйрығы 4,5-6 см, иығы 4,5-5 см. Денесі толық сұрғылт, асты (құрсағы) ашық сұр түсті. Олар августта балайды, бір бала туады. Олар күн батқаннан ұша бастайды. Түрлі көбелектерді аулауды. Коллония болып жасайды. Бір коллониясы бір тәулікте 150тоннаға дейін көбелектерді құртады. Бір маусымда 22 тонна насекомдарды жеп ауыл шаруашылығына үлкен пайдасын тигізеді.

3. Нутрияның келіп шығу тегі. Қазақстанда нутрия өндірісі және көбейіп дамуы.

Нутрия оңтүстік Америка жануары. Бізге оны жақын жылдары алып келді. Оларды негізінде ферма, жеке меншіктер бағады. Оларды қазіргі уақытта еркін табиғатта жасауы үшін жұмыстар атқарылып жатар. Бізде қыста оларға қолайсыз жағдай туылады. Соның үшін оларды күзде ұстап, шамалы ғана көбейтуге қалдырылып, қалғанын теріге тапсырады. Ол ірі кемірушілерге кіреді, бойы 46 см, құйрығы 36 см, салмағы 8 кг-ға дейін жетеді. Оның аяқтары келте, арқа аяғының саусақ арасында кішкене перделері бар. Ол олардың су жануары екенін көрсетеді. Олардың түсі қоңыр сұр, сары т.б. болады. Құйрығы сирек қылшықтармен қоршалған. Нутрия тұрған суларда, су қоймаларында өсіріледі, және шөпке бай болуы керек. Олардың отанында су беті мұздамайды. Біздің жағдайда су беті мұздап, темперетурасы 10-12С° болғанда олар өліп кетуі мүмкін. Олар ін құрып тіршілік етеді. Індерін суда жартылай батып өсетін өсімдіктерден құрайды. Екінші іні судан аузын ашып құрғаққа қарай тік қазады. Олар су жағалау өсімдіктерімен қоректенді. Фермаларда тамыр жемісті өсімдіктермен, жемістермен қоректенді. Ұрғашысы 4-10-ға дейін балалайды. Балалары жетіліп көзін ашылып туылады. Эмбриондық дәуірге 130 күн. Нутрия терісі өте бағалы. Жүндері ұзын, өзі жылтырақ болады. Су қоймасындағы нутриялар күзде теріге дайындалады. Еттері таңсық тамақ қатарына кіреді.

Фермаларда оларды мәнді дыбыс беріп қоректендіреді. Себебі оларды күзде ұстау оңай болады. Орта Азияда нутриялар қолда ұсталғаны үшін түрлі түсті реңде кездеседі. Реңіне қарай бағасы да әртүрлі болады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Бартов В.Ф. Экономические аспекты экологические аспекты.

2. Экологические кризисы. М.1970г.

3. Веклиг О.А. Эколого – экономические противоречия. Киев – 1991

4. Охрана ланщафтов М.1982г.

5. Природные ресурсы и охрана окружающей среды в респуб. Казахстан. А-А. 1994г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Госид 17.11.01.77. Гидросфера, Использование и охрана вод М.1977г.

2. Госид 27, 59, 3, 88. Почвы, термины и определения М. 1988

3. Госид 12,1.03.84. Атмосфера М. 1984г.