- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бөж тапсырмалары
«Қайырымды жандардың ізгі істері – өнеге» тақырыбына эссе жазыңыз.
«Қазақстан» телеарнасының қайырымдылыққа арналған бір бағдарламасы бойынша презентация дайындаңыз.(«Аялы алақан», «Жақыныңа жәрдемдес», «Жан жылуы», т.б.)
Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
6-сабақ
Жері байдың – елі бай.
Қазақ мақалы
Көп ақша табу – батырлық, оны сақтау – ақылдылық,
ал үнемдеп жарата білу – өнер.
Б. Авербах
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ
1-тапсырма.
Егемендік алғаннан бергі 20 жылдан астам уақыт ішіндегі экономикадағы басты жетістігіміз – Қазақстанның қаржы жүйесінің қалыптасып, тұрақты дамып келе жатқаны. Экспортталатын шикізат құны жоғары, ал бюджет кірісі шығыстардан асып түсті. Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы жəне кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты əлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат əлеуетін пайдалану болып табылады. Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркəсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Қазақстан тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тəуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. Ел экономикасына шетелдік инвестиция молынан тартылған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дəйекті жүргізуде. Республикадағы саяси жəне экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүниежүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
Қазақстанның тәуелсіз дамуының басынан-ақ ашық экономика стратегиясы жүзеге асырылуда. Елдің сыртқы саудасы тиімділігінің талдауы сауданың жалпы экономикалық өсу қарқынына әсерін көрсетеді. Көптеген сарапшылардың пікірінше, жоғары экономикалық көрсеткіштерге жетуге көбінесе шикізат экспорты мен әлемдік нарықтардағы қолайлы бағалық жағдай әсер етті. Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2012 жылы елдің сыртқы сауда айналымы көлемі 132,7 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 6,5% жоғарырақ. Сыртқы сауда айналымының серпіні соңғы 20 жыл бойы өсу үрдісін көрсетіп тұр. Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан сыртқы сауда айналымының көлемі 34% төмендеген. 2010 жылдан бастап сыртқы сауда айналымының көлемі қайтадан өсе бастады. Көбінесе бұл еліміздің басшылары қолданған дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижесі еді.
Уикипедия, business.gov.kz
Сөздік
айналым оборот
əлеуметтік-экономикалық социально-экономический
əлеует потенция, возможность
бәсеке конкуренция
дағдарыс кризис
дəйекті последовательный// последовательно;
жағдай положение, обстоятельство; ситуация;
жаһандық всемирный
жетістік успех
жүйе система
кіріс прибыль, доход
қаржы жүйесі финансовая система
қорғасын свинец
қолайлы удобный
қор фонд
мыс медь
мырыш цинк
нарықтық рыночный
сауда торговля
сарапшы эксперт
салдары последствие
сыртқы сауда внешняя торговля
сапа качество
серпін темп
сұраныс спрос
тұтынушылар потребителей
тұрақты стабильный
тұрақтылық стабильность
үрдіс 1) сремительный, быстрый; 2) тенденция
шикізат сырье
экономикалық көрсеткіш экономический показатель
ЖАЗЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап, жауаптарға сұрақ жазыңыз.
Сұрақтар |
Жауаптар |
|
Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы жəне кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты бəсекеге қабілетті жəне əлемдік нарықта сұранысқа ие. |
|
Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дəйекті жүргізуде. |
Қазақстанның басты жетістіктері қандай? |
|
Қазақстанның қандай өнімдері бәсекеге қабілетті? |
|
|
Сыртқы сауда айналымының серпіні соңғы 20 жыл бойы өсу үрдісін көрсетіп тұр. |
|
Қазақстанның жоғары экономикалық көрсеткіштерге жетуіне шикізат экспорты мен әлемдік нарықтардағы қолайлы бағалық жағдай әсер етті. |
Қай жылдан бастап сыртқы сауда айналымының көлемі өсе бастады? |
|
Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылары қай елдер? |
|
|
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. |
|
Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан сыртқы сауда айналымының көлемі 34% төмендеген. |
АЙТЫЛЫМ
3-тапсырма. Төмендегі мәселелерге өз ойыңызды білдіріңіз.
1. Қазақстан экономикасы туралы не білесіз?
2. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан әлемдік нарықта қандай орын алды ?
3. Біз неге әлі күнге дейін шетелдік тауарларды пайдаланамыз. Себебі...
4. Отандық өнімдердің сапасы төмен бе? Біреулер отандық өнімдердің сапасын арттыру үшін жақсы мамандар мен техника қажет дейді. Бізде осы екеуінің қайсысы жоқ?
5. Экономикадағы басты жетістігіміз қандай?
6. Өз кәсібін ашқысы келетіндерге мемлекет үлкен несие береді. Сіз бұған қалай қарайсыз?
7. Қазақтың мынадай жақсы мақалы бар. «Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.» Осыған сіздің көзқарасыңыз қандай?
ЖАЗЫЛЫМ
4- тапсырма. Цифрмен жазылған сан есімдерді сөзбен жазыңыз.
Үлгі: 26/ жиырма алты, жиырма алтыншы
2012 |
|
1991 |
|
2010 |
|
48 |
|
2016 |
|
2009 |
|
5- тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
Сұранысқа ие, экспорт көлемі, өнеркəсіп, сыртқы сауда, тұтынушылар, қаржы жүйесі, тұрақтылық, сарапшылар, әлемдік нарық, сауда айналымы, дағдарыс.
і АЙТЫЛЫМ
6 - тапсырма. Сіз не дейсіз?
Қағаз ақшаға жасалған қызықты зерттеуді бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізіп, онда қандай зиянды микробтар болатынын анықтаған. Мәселен, Европа елдерінің банкноттарында орта есеппен 26 мың бактерия өмір сүреді екен. Олардың ішінде «экологиялық таза» деп еуро (11 000), норвегиялық крона (11 700) мен британдық фунт стерлинг (18 000) танылды. Бұл қағаз ақшаларда басқаларына қарағанда бактериялар аз. Себебі аталған банкноттарды шығарар кезде микробтарға қарсы арнайы затпен тазалайтын көрінеді. Ал АҚШ долларының 90 пайызында бұл бактериялар болатыны анықталды. Микробиологтардың айтуынша, қағаз ақшада ішек таяқшалары, сүзек, туберкулез бен тері ауруларын тудыратын бактериялар бар. Сондықтан ақша ұстаған қолыңызды міндетті түрде сабындап жуыңыз. Күнделікті қалтамызда жүретін қағаз ақшаның пайдасымен бірге зияны да көп екен. Ал сіз үшін ақшаның қандай пайдасы мен зияны бар?
