- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бөж тапсырмалары
Ғаламтор – әлемдік желі» тақырыбына эссе жазыңыз.
Алғашқы қазақ басылымдары туралы парезентация дайындаңыз.
Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
Мәдениет тарихын білмей тұрып,
мәдениетті адам болу мүмкін емес.
М. Горький
15-сабақ
ТЫҢДАЛЫМ-ОҚЫЛЫМ
1-тапсырма. Сұхбаттарды оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұхбатта не туралы айтылады?
Мәтінге қандай тақырып бересіз?
Астанадағы жаңа ғимараттар жайында не айтасыз?
Оқытушы: Бүгінгі біздің саяхат сабағымыз Елордамыздағы соңғы жылдары салынған керемет ғимараттар төңірегінде болмақ.
Айнұр: Меніңше, Астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «Бәйтерек», «Ақорда», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Мәңгілік Ел» монументі, Әзірет Сұлтан мешіті, «Хан Шатыр», көптеген аспанмен таласқан әсем ғимараттар бой көтерді. Бұл сәулеттік ансамбльдердің композициялық өзегі бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты Қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді.
Ақназар: Дұрыс айтасың, мен өзім тамашалаған Бәйтерек архитектурасы – ХХ1 ғасырдың басындағы алғашқы ұлттық сәулет туындысы. Есіл өзенінің сол жағалауында салынған зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 метр, Астана қаласының елорда мәртебесіне ие болған жылға байланысты таңдалған.
«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орналасқан, оған қол табы тигенде Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. «Бәйтерек» – қазақ халқының қайта өрлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, дарқандықтың көрінісі секілді.
Талшын: Ал, мен дәстүрлі ислам стилінде салынған «Әзірет Сұлтан» мешіті туралы айтайын. Бұл мешіт – Қазақстан бойынша ең үлкен күмбезді мешіт. Оның биіктігі – 51, ені – 28,1 метр. Мешіттің айшықты келбетін 4 мұнара толықтырады. Олардың әрқайсысының биіктігі 77 метр. Имандылық ордасы үш қабаттан тұрады. Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көрсету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, азаншы бөлмелері орналасқан. Сондай-ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сияқты қосымша орындармен жабдықталған. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері қолданыла отырып, классикалық ислам үлгісінде орындалған.
Айбек: Иә, достарым, сендердің ақпараттарың қызықты екен. Мен Бейбітшілік пен келісім сарайы жайында айтып берейін. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Республика жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. Жоба авторы британ сәулетшісі – Норман Фостер.
Бейбітшілік пен келісім сарайында 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған, оның кіре берісі жер астында орналасқан.
Қырмызы: Айбектің әңгімесінен де бұл ғимараттың ерекшелігін білдік. Ал, «Хан Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр. Шатырдың ішінде бірнеше деңгейде көптеген дүкендер, мейрамханалар, кинотеатрлар және спорт кешені орналасқан.
Астананың температурасы жазда +30 градустан қыста –30 градусқа дейін төмендейтіндігіне қарамастан, мұнда әртүрлі климаттық белдеу сақталып, оның ішінде жаз кезіндегідей тұрақты температура қамтамасыз етіледі. Сәулетшілер толқынды бассейн, сарқыраманы да ойластырған. «Хан Шатыр» кешенінің күн сәулесін өткізетін мөлдір жабыны қазақстандық климаттың қандай күшті аяздарынан да қорғайды.
Оқытушы: Сонымен, саяхат сабағымызда елордамыздың көрнекті жерлері туралы қызықты ақпараттармен таныстық. Енді осы жерлерді аралап қайтайық.
Сөз мағынасы!
жабы — шатырсыз, жатаған үй
қол табы — қолтаңбасы, қол дағы
Сөздік
азаншы призывающий к утренней молитве мусульман
айшықтау изображать, украшать
аспанмен таласқан небоскребы, высотный
бой көтеру строиться
жасампаздық созидательность
имам духовный глава, настоятель мечети
дарқандық щедрость
күмбез купол
құбылмалы ауа райы переменчивая погода
мұнара минарет
неке қию обряд бракосочетания
өзегі основа, стержень
өркендеу расцветать, процветать
сарқырама водопад
іспетті подобие, схожесть
іргетас фундамент
ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерге сұрақ жазыңыз.
сұрақтар |
жауаптар |
|
97 метр биіктік Астана қаласының елорда мәртебесіне ие болған жылға байланысты таңдалған. |
|
«Аялы алақанға» қол табы тигенде Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. |
|
«Әзірет Сұлтан» мешіті – Қазақстан бойынша ең үлкен күмбезді мешіт. |
|
«Хан Шатырдың» ішінде жаз мезгіліндегі сияқты біркелкі температура сақталып тұрады. |
|
Бейбітшілік пен келісім сарайы Қазақстандағы тыныштық пен бейбіт өмірдің белгісі болып табылады. |
|
«Хан Шатыр» – кешені халқымыздың киіз үйіне ұқсас ғимарат. |
