- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бөж тапсырмалары
«Елдің қауіпсіздігі – бейбітшілік кепілі» тақырыбына эссе жазыңыз.
«Құқық қорғау органдары» тақырыбына презентация дайындаңыз.
Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
3-сабақ
Қоңсы тату болса – құт,
Қоңсы қаңқу болса – жұт.
Сақтықта қорлық жоқ.
халық мақалы
ТЫҢДАЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі орны қандай?
3. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше?
4. Қай елдермен экономикалық, дипломатиялық қатынастар орнатқан?
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
2-тапсырма.
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көпвекторлық сыртқы саясат ұстанды. Ол әлемдік басым державалар арасындағы қатынастарды, халықаралық қатынастардағы одақтар жүйесін және әлемдік тартылыс күштерінің негізгі нүктелерінің ықпалдарын есептеуге ұмтылды.
Қазақстан Республикасының 1992 жылы 3 наурызда БҰҰ-ға мүшелікке енуі ел үшін тарихи маңызды оқиға болғаны ақиқат.
Біріншіден, Қазақстанды әлем танып, мойындады. Біз өзімізді толғандырған өзекжарды мәселелерді әлем халықтарымен бірге талқылау мүмкіндігіне ие болдық. Бұлай болуы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін біршама нығайтты.
Екіншіден, Қазақстан өзінің мүдделеріне сәйкес әлемнің мемлекеттерімен екіжақты, көпжақты қарым-қатынастар жасауына, өзі қалаған халықаралық саяси, экономикалық, мәдени және қаржылық ұйымдарға кіру үшін зор мүмкіндіктерге ие болды.
Үшіншіден, БҰҰ-ға мүшелік елде демократия, бостандық, бейбітшілік пен этникалық татулық идеяларының неғұрлым кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Себебі БҰҰ-ның мақсаттары мен құндылықтары Қазақстанның арман-мақсаттарымен үндес болды.
Төртіншіден, Қазақстан БҰҰ-ға мүше болуы арқылы әлемдік қауіптер, қайшылықтар мен қиыншылықтарға қарсы бірлесіп күресу үшін одақтастар тапты. Өзінің көпвекторлы сыртқы саясатын баянды етуге бағытталған мүмкіндіктерге ие болды.
2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылды. 2002 жылғы 7 шілдеде қабылданған ШЫҰ Хартиясына сәйкес Ұйымның негізгі мақсаттары: өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту, саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау. Қазіргі кездегі ШЫҰ-ның мүшелері: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан. Шанхай ынтымақтастық ұйымы – кең халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған құрамы кеңейтілуі мүмкін ашық ұйым.
http://anatili.kazgazeta.kz
Сөздік
әлемдік қауіптер, қайшылықтар мировая опасность//противоречие
баянды ету закрепить // приобрести стабильность
кең қанат жаю широко развиваться
өзекжарды мәселелер актуальные вопросы // проблема
өзінің мүдделері свои интересы
толғандыру глубоко задумываться
үндес болу соответствовать
ынтымақтастық сотрудничество
