- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
Үлгі: ақша реформасы, ақша жүйесі, қағаз ақша ...
ЖАЗЫЛЫМ
13-тапсырма. Төмендегі мәселелерге өз ойыңызды жазыңыз.
а) «Денсаулықты ешқандай ақшаға» сатып ала алмайсың дегенді нақты мысалдармен түсіндіріп көріңіз.
ә) «Ақшаға құнығу – бар жамандықтың түбірі» дегенге өз пікіріңізді білдіріңіз.
б) «Ақшаны ақша жасайды» деп айтып жатады. Осыған байланысты өзіңіздің пікіріңізді білдіріңіз.
в) «Артық байлық аздырар, артық күлкі тоздырар» дегенді нақты мысалдармен түсіндіріп көріңіз.
г) «Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер» дегенді қалай түсінесіз?
Бөж тапсырмалары
Қазақстандағы банктердің жарнамалары туралы презентация жасаңыз. Жарнаманы түсіндіріңіз. Жарнамада не жайлы айтылады?
Үлгі:
Қазақстан теңгесінің тарихы жайлы әңгімелеңіз.
Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
8-сабақ
Еңбек – адамның екінші анасы.
Еңбек – адамның көркі, Адам – заманның көркі.
Халық даналығы
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма.
Еңбек тәртібі – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория. Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек тәртібі сендіру және мәжбүрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін қолдану кызметкерлердің талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны көтермелеу шаралары болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзғаны үшін қолданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.
kk.wikipedia.org/wiki/
Сөздік
еңбек тәртібін бұзғаны үшін за нарушение трудовой
дисциплины
көтермелеу шаралары меры поддержки
қағида правила, установление
қызметкер мен жұмыс берушінің трудовые отношения между
арасындағы еңбек қарым – қатынастары работником и работадателем
құқықтық нормалар правовые нормы
мәжбүрлеу әдісі метод принуждения
мойынсұну слушаться, мириться с
создавшимся положением
саналы және ерікті түрде сознательно и добровольно
сендіру әдісі метод убеждения
тарап сторона
АЙТЫЛЫМ
2-тапсырма. Сіз ірі компанияның басшысысыз. Мына мәселелерді қалай шешер едіңіз?
1.Қызметкерлерді жұмысқа алуда нені басшылыққа аласыз?
2. Жұмыс беруші ретінде қызметкерлерге қандай талаптар қоясыз?
3. Қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсынуы үшін не істейсіз?
4. Сендіру әдісін іске асыру үшін не істейсіз?
5. Мәжбүрлеу әдісін қай кезде қолданасыз?
6. Еңбек тәртібін жиі бұзатын қызметкерге қандай шара қолданасыз?
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
3-тапсырма.
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығында екі жақты байланыс болады: жұмыс күші иесі – еңбекті сатушы, жұмыс беруші – еңбекті сатып алушы. Еңбек нарығында жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынас заңды түрде – келісім-шарт арқылы және еңбек заңдарына сәйкес тіркеледі.
resurs.kz.Казахстан
АЙТЫЛЫМ
4-тапсырма. Өз пікіріңізді білдіріңіз.
Демалысқа кетушілердің көбі алдағы демалысты ойлап, босаңсып, маңызды жұмыстарды атқарып кетудің орнына саяхатты ұйымдастырып, интернеттен қандай көрнекі орындарға баруға болатынын қарап, жоспарлап кетеді. Сіз еңбек демалысына кетуіңізді сауатты түрде қалай ұйымдастырар едіңіз?
Мысалы: Еңбек демалысымнан екі апта бұрын жұмысымды әріптестеріме үйретіп, не тапсырып кетемін.
ЖАЗЫЛЫМ
5-тапсырма. 3 топқа бөлініп, еңбек демалысын жоспарлаңыз.
1-топ.
Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін ұзақтығы – күнтізбелік 56 күн. Сіз осы ұйымдардың бірінде жұмыс істейсіз. 56 күндік еңбек демалысын қалай ұйымдастырар едіңіз?
2-топ.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін – күнтізбелік 42 күн. Осы еңбек демалысын қалай ұйымдастырасыз?
3-топ.
Азаматтық қызметкерлер күнтізбелік 30 күн демалу құқығына ие. Осы демалысты қызықты әрі пайдалы болатындай ұйымдастырып көріңіз.
