Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II БЛІМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

Бөж тапсырмалары

1. Қазақстандық ғалымдардың, өнертапқыштардың ғылыми жаңалықтары туралы презентация дайындаңыз.

2. «Ғылымды дамытудың маңызы» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі

14-сабақ

Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі.

А.Байтұрсынұлы

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек,

одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.

М.Әуезов

ЖАЗЫЛЫМ

1-тапсырма. «Бұқаралық ақпарат құралдары» дегенде қандай сөздер еске түседі?Ассоциограмма құрыңыз.

Бұқаралық ақпарат құралдары

АЙТЫЛЫМ

2-тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыз.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы не білуге болады?

  2. Қазақстанда қандай газет-журналдар, телеарналар бар?

  3. Қазақстандық телеарналардан қандай бағдарламалар көресіз?

  4. Күнделікті жаңалықтар туралы қайдан ақпарат аласыз?

  5. Сіздің отбасыңыз қандай мерзімді басылымдарға жазылады?

  6. Өзіңіз тұратын жерде қандай жергілікті газет басылып шығады? Оқып тұрасыз ба?

  7. Газет бетіндегі сүйікті айдарыңыз қандай?

ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Ақпарат құралдары хабарларды  халық арасына таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар   жүргізуге мүмкіндік береді. Солардың арқасында қоғамда   тұрақтылық,  ынтымақтастық  ахуал   орнығады   немесе   тұрақсыз   жағдай   қалыптасады. Ақпарат  құралдарына  жұртшылыққа хабар тарататын құралдардың  бәрі –  газет, журнал, телеарна  және  радио, ғылыми  хабаршылар, бюллетеньдер, пресс-релиздер, ғылыми жинақтар, жарнамалық  мәтіндер, таблоидтар  жатады. Баспасөз, телеарна  және  радио   тек  ақпарат  тарататын  құрал  ғана  емес, олар ұсынылатын материалдарын  түсіндіреді, сол  арқылы  көрерменнің, тыңдарманның  эстетикалық  сұранысын  өтейді.

Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор», – деген. 1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы және т.б.

БАҚ-тың ақпараттық қызметі – азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар жайлы мәліметтерді тарату. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

БАҚ-тың білімдік қызметі – азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан – қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуы. Əрине, ол толық, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің көбін осы БАҚ арқылы алады.

БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі – адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ арқылы адамдар өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді.

БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі – БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.

БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі – адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.

https://kk.wikipedia.org/

Сөздік

ахуал положение //состояние

әлеуметтендіруші приверженец общества

әрекетсіздік бездейственность

баспасөз печать, пресса

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) средства массовой информации

(СМИ)

дабыл қағу бить тревогу

жариялау публиковать // оглашать

жұмылдыру привлеченным к какому-л. делу

жұртшылық общественность

жүйелі обоснованный //

систематизированный

итермелеу толкать, подталкивать

көрермен зритель

қалыптастыру формироваться

құрылым структура

құндылықтар ценность //значимость

мінез-құлықтар поведение человека

ойсырату разоряться // убытки, нести

большие потери

одақтас союзник

өзекті актуальный

саралау анализировать

саяси қақтығыстар политические столкновение

септігін тигізу помогать

соққы беру давать отпор

сіңіру впитывать

тоғыстырушы сходиться, сливаться

толыққанды өмір полноценная жизнь

тұрақтылық стабильность

тұрақсыз   жағдай  нестабильное положение

тыңдарман слушатель

хабаршылар вестник (издание)

ынтымақтастық сотрудничество

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Түсінігіңізді жазыңыз.

Бұқаралық ақпарат құралдары –

БАҚ-тың атқаратын қызметі –

БАҚ-тың ақпараттық қызметі –

БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі –

БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі –

БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі –

АЙТЫЛЫМ

5-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестері неге, кімге қатысты деп ойлайсыз? Талқылаңыз.

?

?

жаңа көзқарас, ой тереңдігі, өткір сөзді, шындықты айту, жаңаша ойлау, қажетті және өзекті фактілер, зерттеушілік, жоғары мәдениетті, жауапкершілікті түсіну, тартымды

«Жеті күн», рухани дүние мен мәдени құндылықтарды беру, Бетпе-бет», «Айтуға оңай» тәрбиелік, «Жаңалықтар», жаһандық,«Аналитика», әлеуметтік мәселелер, дәлдік, интерактивтік «Арнайы хабар», ашықтық

ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ

6-тапсырма.

XIX ғасырдың аяғында Ташкентте басылып тұрған «Түркiстан уалаятының газетi» (1870-1883) және «Дала уалаятының газетi» (1888-1902) атты екі ғана басылым болса, 1907 жылы Петербургте бір топ қазақ зиялылары «Серке» газетін шығарды. Бұл газеттің екінші нөмірінде М.Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» мақаласы жарық көрді. Патша карауылшылары оны қазақ жұртының үкіметке қарсы қоятын үндеу ретінде санап, газетті жапты. Сол жылдың көктемінде Троицкте «Казақ» газетi шықты, бұл газетке бірінші нөмірінен кейін тыйым салынды. «Қазақ» газетінің басты ұйымдастырушысы әрі негізгі авторы – Әлихан Бөкейханұлы. Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрған басылым жаңа қазақ тілінде шынайы кәсіби газет стилін қалыптастырды, зор ағартушылық рөл атқарды.

1911 жылы Троицк қаласында «Айқап» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы көрнекті қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералыұлы. Журнал сол кезеңдегі қазақ әдеби тілінің ресімделуіне, әдебиеттің дамуына зор үлес қосты, тарих, этнография, ауыз әдебиеті бойынша зерттеулерді жария етті. Ұлттық баспасөздің даму жолында 1913-1918 жылдары Орынбор мен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен шыққан «Қазақ» газетінің орны ерекше. Газеттің негізгі қамы – қазақ халқының мәдени өркендеуі, қазақ әдеби тілі мен әдебиетінің дамуы болды. Газет А.Бөкейханұлының фольклорға және

А. Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне арналған еңбектеріне көп көңіл аударды.

https://szh.kz/student/

Сөздік

әдеби тіл литературный язык

басылым издание

қазақ зиялылары казахская интеллигенция

қам забота

қарауылшы страж, охрана

кәсіби газет стилі профессионально-публицистический стиль

ресімделу оформлять

үндеу призыв // обращение

ұстаным принцип

АЙТЫЛЫМ

7-тапсырма. Ой бөлісіңіз.

  1. Алғашқы қазақ газеттері туралы не білесіз?

  2. Алаш қайраткерлері, олардың еңбектері жайында қандай ақпарат айтасыз?

ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ

8-тапсырма.

ХХ ғасырдың аяғында пайда болған ғаламтор қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Ғаламтор желісін алғаш дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдардың басында АҚШ Қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-тың орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Кейін APRANET бейбіт мақсатқа қызмет етті, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.

Сексенінші жылдардың басында «Интернет» деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. Ғаламтор көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Ғаламтор ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейне конференциялар өткізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, қоғамның барлық салаларында орналасқан. Соңғы ғаламтор желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 мың әртүрлі желілерді біріктіріп, күнделікті жаңалықтармен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, ғаламшардың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.

http://massaget.kz/

ЖАЗЫЛЫМ

9-тапсырма. Мына сұрақтар төңірегінде пікіріңізді жазыңыз.

  1. Өзіңіз ғаламтор желісін пайдаланасыз ба? Не үшін?

  2. Оның артықшылығы неде деп ойлайсыз?

  3. Ғаламтордың зияны қандай?

Грамматикалық тақырып: Себеп- салдар мәнді сөйлем

Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

Жасалуы:

1. етістік/есімшенің -ған-ген, -қан,-кен+дықтан, -діктен

Маусым айы салқын болғандықтан, балалар өзенге шомыла алмады.

2. –ғаны, -гені, -қаны, -кені/ үшін: Күн жылы болғаны үшін, біз серуенге шықтық.

3. –ған, -ген, -қан, -кен / соң: Күн жаңбырлы болған соң, біз тауға шықпадық.

4. –ып, -іп, -п: Жазғы демалыс басталып, мен ауылға кеттім.

АЙТЫЛЫМ

10-тапсырма. Себеп-салдар мәнді білдіретін құрылымдарды пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Не себепті адамдар газет-журналдарды оқымайды?

2. Неге БАҚ билік құрылымдарын жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауға итермелейді?

3. Не үшін БАҚ-та әлеуметтік мәселелер жиі көтеріледі?

4. Неге жастар әлеуметтік желілерде уақытын жоғалтады?

5. Неліктен қалаларда тұрғын үй мәселесі өзекті болып отыр?

6. Қазіргі кезде неге кейбір жастарымыз ана тілінде сөйлемейді?

АЙТЫЛЫМ

11-тапсырма. Жұптық жұмыс. Ой бөлісіңіздер.

«Телеарна», «Ғаламтор», «Баспасөз» топтарына бөлініп, өзара (оң/теріс ықпалы) пікірлесіңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]