Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II БЛІМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.

Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы (1931-1999 ж.ж) Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қызылсу ауылында дүниеге келген. Қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан Республикасы Инженер академиясының негізін қалап, оның тұңғыш президенті болды. Ө. Жолдасбеков қазақ ғалымдары арасында бірінші болып қазақ тілінде машинатанудың терминологиялық сөздігін жасады, машиналар мен механизмдер теориясы туралы оқулықтар жазды. 126 авторлық куәлік пен шетелдік патенттердің авторы атанды, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырды.

ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ

6-тапсырма.

М. ӘбілдмМ. Әбілдин – теориялық физика саласындағы үздік ғалым

Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдин (1938 - 20012 ж.ж.) Алтай өлкесі, Троицк ауданында Зигаиново ауылында дүниеге келген. 1959 қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетін бітірген. Мейірхан Мүбәракұлы Эйнштейннің салыстырмалылық және гравитациялық теориясы бойынша бұрынғы ТМД елдері ішіндегі білікті де білгір, мықты мамандардың бірі болды. Ол – теориялық физика саласындағы Қазақстандағы алғашқы доктор және профессор. Қазақстан Республикасындағы іргелі зерттеулердегі басым бағыт «Теориялық физиканың» негізгі ұйымдастырушысы, «Гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз өзара әрекеттестікті теориялық зерттеу» атты іргелі зерттеулер бағдарламасының жетекшісі.

  ЖАЗЫЛЫМ

7-тапсырма. Екі ғалымға салыстыру жазыңыз.

ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ

8-тапсырма. Ғылыми жаңалықтар төңірегінде ой бөлісіңіз.

Maglev деп аталатын жүйемен жұмыс істейтін жүрдек пойыздар жаңа рекорд орнатты. Бұл пойызды 2015 жылдың 21 сәуірінде жапондар жасаған. Жүрдек пойыз сағатына 603 шақырым жылдамдықпен жүреді. Ол доңғалақпен емес электромагниттік жүйе арқылы қозғалады. Пойыз ғылым мен техниканың жаңа табысы саналып отыр. Бұрын 2003 жылы жапондар «ұшқыр» пойыздың жылдамдығын сағатына 581 шақырымға дейін жеткізген болатын.

АҚШ жылына 40 түрлі жеміс беретін ағаш жасап шығарды. Оның авторы – суретші Сэм Ван Акен көп еңбектенген. «40 түрлі жеміс ағашында» жаз мезгілінде шие, қара өрік, шабдалы сияқты жеміс-жидектер өседі. Ван Акен ауыл фермасында туып-өскен. Ол жастайынан ағаш технологиясын жақсы меңгерген. «40 түрлі жеміс ағашы» селекционері бұған ашылған жаңалық ретінде емес, арт – жоба ретінде қарайтынын айтады. Бұл ағашта сатылымда жоқ жемістер де өседі екен.

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға болады. 

massaget.kz/bilim/bilesiz-be/16170

АЙТЫЛЫМ

9-тапсырма. Сіз не дейсіз?

Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл – өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі – өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдасырушылық, қаржылық, ғылыми – зерттеу және басқа да салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Инновация – өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу. Экономикалық қатынастар жүйесінде инновацияның алатын орны зор. Себебі, инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Ал сіз бұл туралы не айтасыз?

Инновацияның дамуының қозғаушы тетігі – бірінші кезекте, нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер өндірістік дағдарысты болдырмаудың және тауарын өткізудің жолдарын іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленеді. Ал сіздің пікіріңіз қандай?

Қазіргі уақытта, біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту – басты сратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Бұл оймен келісесіз бе? Дәлелдеңіз.

ЖАЗЫЛЫМ

10-тапсырма. Ойды толықтырыңыз.

Инновация – бұл өндірістің жаңа қызметі. -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылықты иеленеді.

ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ

11-тапсырма.

Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Шын мәнінде, жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық өрлеу – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елінің өндірісі қарқынды жаңғырту жолына түсті. Осы орайда, ел басшылығының тапсырмасымен, еліміздегі зауыттар мен фабрикалар, өндірістер мен кәсіпорындар тек жаңа технологиялармен және заманауи жабдықтармен жарақтандырылып қана қоймай, сондай – ақ «жаңа тұрпатты идеялармен қанықтырылатын» болады.

Сөздік

ауқымды экономикалық жоба масштабный экономический проект

жалпыұлттық өрлеу идеясы общенациональная идея развитие

жаңа тұрпатты идеялармен насыщаться (осведомляться)

қанықтырылу идеями нового типа.

қарқынды жаңғырту интенсивно обновлять

жаһандану үдерістері глобальный прцесс

заманауи жабдықтармен оснощаться современным

жарақтандырылу оборудованием

инновациялық өрлеу инновационный подъем

инновациялық экономика құру создать инновационную экономику

үдей түсу нарастать

ұлттың бәсекеге қабілеттілігі конкурентоспособность наций

ЖАЗЫЛЫМ

12-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Жоғарыдағы мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

5. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]