- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бөж тапсырмалары
1. Топқа бөлініп, «Жетістікке жеткен адамдар» деген тақырыпта презентация дайындаңыз.
I топ. Технология саласы бойынша.
II топ. Медицина саласы бойынша.
III топ. Техникалық ғылымдар саласы бойынша.
2. «Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
9-сабақ
Істі істеу үшін емес, жеңіске жету үшін бастаңыз.
Р. Эмерсон
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ
1-тапсырма.
Экономикалық өсуді ынталандыру – кез-келген елдің экономикалық саясатының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Өйткені экономикалық өсу – халықтың әл-ауқатының артуына жағдай жасайды. Шағын және орта бизнес экономикалық өсу факторларының бірі болып табылады. Аса өзекті экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу барысында шағын және орта бизнестің рөлі ерекше болып табылады. Мемлекет тарапынан елеулі шығындарды талап етпестен, шағын және орта бизнес «салауатты» бәсекелі ортаның қалыптасуына, нарықтық тепе-теңдіктің орнауына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, жағдайы орташа тұрғындар тобының қалыптасуына, тұрғындардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайды, ал бұл – ақыр соңында, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Орта және шағын бизнестің даму мәселелері біздің еліміздің басшылығы үшін әрдайым басымдықты мәселе болып табылады. Мемлекет тарапынан қолға алынған, жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары ТМД елдерінің арасындағы ауқымы бойынша теңдессіз болып табылады. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында шағын және орта бизнестің дамуын – еліміздің экономикалық саясатының басымдықты бағыттарының біріне жатқызған. Шағын және орта бизнесті дамыту – Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылады. Біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса, Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болады.
ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда соңғы 9 жылда шағын және орта бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны екі еседен артық мөлшерге өскен. Осы кәсіпорындар 2013 жылдың нәтижелері бойынша 1 542 мың бірлікті құраған. Осылайша, шағын және орта бизнес экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындардың арасындағы барынша кеңінен тараған қызметтің түріне айналып отыр. Бұл – мемлекетіміздің жоспарлы саясатының дұрыс таңдалғанын білдіреді. Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингісінің нәтижелері бойынша 2014 жылы Қазақстан 2013 жылмен салыстырғанда өз ұстанымын 3 тармаққа жақсарта отырып, 189 елдің арасында 50 орынды иемденген. Бұл зерттеу жыл сайын 189 елде өткізіліп отырады.
Fund Damu
Сөздік
ауқым 1) круг, рамки, охват чего-л.;
2) курс, направление , чего-л.;
бағыт направление; курс;
елеулі важный, существенный, значительный;
басымдық превосходство; преобладание
кәсіпорын предприятие
кәсіпкер предприниматель
қолайлы подходящий, удобный, благоприятный;
қанағаттандыру удовлетворять
өзекті основной, ключевой;
ұстаным позиция
тұрақты стабилный
шағын малое
ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. Сөйлемдердің жалғасын табыңыз.
1. Біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса, ...
2. Бұл – мемлекетіміздің жоспарлы саясатының ...
3. Шағын және орта бизнесті дамыту – ...
4. Аса өзекті экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу ...
5. ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, ...
а) Қазақстанда соңғы 9 жылда шағын және орта бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны екі еседен артық мөлшерге өскен.
ә) барысында шағын және орта бизнестің рөлі ерекше болып табылады.
б) Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылады.
в) дұрыс таңдалғанын білдіреді.
г) Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болады.
3-тапсырма. Сөйлемдерден келер шақ түрлерін тауып, кестеге жазыңыз.
1. Халықтың әл-ауқатының артуына жағдай жасамақ. 2. Биыл аса өзекті экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешеміз. 3. Мемлекет шағын және орта бизнестке көңіл бөлмек. 4. Біз тұрғындардың әр-түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасаймыз. 5. Біз жиналыста орта және шағын бизнестің даму мәселелерін айтармыз. 6. Мемлекет тарапынан қолға алынған, жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары жүзеге аспақ. 7. Ол шағын және орта бизнесті дамытады. 8. Біздің шағын және орта бизнестің үлесі болады. 9. Мен сені жұмысқа алмақпын. 10. Мен шағын бизнес ашамын.
Болжалды келер шақ
|
... |
Мақсатты келер шақ
|
... |
Ауыспалы келер шақ
|
... |
