- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
3- тапсырма. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
Үлгі: ең сапалы
1. ең а) жинаушылар
2. үздік ə) жүрген
3. қазақтың б) сапалы
4. үздік в) теңгесі
5 . банкнот г) банкноттар
6. үздік ғ) купюра
7. айналымда д) банкнот
8. номиналды ж) валюта
Грамматикалық тақырып: Болымсыздық категориясы.
-
-ма-/ме, -ба/-бе, -па/-пе
Мысалы: айтпа, жазба, күлме, сөйлеме
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. Сөйлемдерге тиісті -ма-/ме, –ба/-бе, –па/-пе жұрнақтарын жазыңыз.
Ақшаға баспана сатып алуға болады, бірақ «үй» сатып ала ал...йсың.
Ақшаға сағат сатып алуға болады, бірақ, «уақыт» сатып ала ал...йсың.
Ақшаға кітап сатып алуға болады, бірақ, мәдениет сатып ала ал...йсың.
Ақшаға дәрігерді сатып алуға болады, бірақ, мықты денсаулық сатып ала ал...йсың.
Қытай мақалы
Сараң асын бер...йді,
Көзінің жасын береді.
Қысқа жіп күрмеуге келмес.
Жоққа жүйрік жет...йді.
Арқан үзіледі, борыш үзіл...йді.
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қарас...йды.
Қазақ мақалы
АЙТЫЛЫМ
5-тапсырма. Сіз не дейсіз?
Өзіңіздің қалта қаражатыңызды қайда жұмсайсыз? Балаға қалта қаражатын берген дұрыс па? Айлығымызды келесі айлыққа дейін қалай жеткізуге болады? Кейбір адамдар ақшаны үнемдемей бір күнмен өмір сүру қағидатын ұстанады. Ал сіз ақшаны үнемдейсіз бе? Шамамыз келгенше тауып-ақ жатырмыз, бірақ сол ақша неліктен жетпейді? Қалың көпшілік осыны ойлап, бас қатырып жүргені де шындық. Ендеше, ақшамыздың қайда кетіп жатқанын санап көрейікші. Айлық табыстың басым бөлігі осы қажеттіліктерге жұмсалады екен. Қаражаттың қайда жұмсалатынын санап көрейікші. Мысалы:
1. Азық-түлікке;
2. Тұрғылықты жеріңе (егерде жеке пәтерің болмаса);
3. Көлігіңізге жанармай құюға;
4. Жүріп-тұратын және ойламаған жерден шығатын шығындарға;
5. Ұялы телефон байланысына;
6. Емделуге;
7. Тұрғын үйдің коммуналдық қызметтеріне ;
8. Оқуға;
9. Киім-кешекке;
Демек, қарапайым отбасының бүгінгі таңдағы тіршілігінің көрінісі осындай. Осыған не дейсіз?
Сөз мағынасы!
Басы қатты — Не істерін білмей дал боп абыржыды, дағдарып әрі-сәрі болды, қатты састы.
Сөздік
қағида 1) правило, установления; 2) теория;
ұстану придерживаться чего-л.;
ТЫҢДАЛЫМ-ОҚЫЛЫМ
6-тапсырма. Сұхбаттарды оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұхбаттарда не жайлы айтылады? Сұхбаттарда қандай мəселелер айтылады? Ақша аударымды қалай жіберуге болады? Дебеттік карточканы қалай алуға болады? Дебеттік карточканың қандай айырмашылығы бар? |
а)
– Сəлеметсіз бе!
– Сəлеметсіз бе!
– Мен осы банктен несие алсам деп едім. Несие алу үшін қандай құжаттар
қажет?
– Жеке куəліктің көшірмесі жəне жылдық еңбекақы табысыңыз жөніндегі
анықтама қажет.
– Бұл құжаттарды нотариусқа растатуым қажет пе?
– Тек жеке куəлік көшірмесін ғана.
– Рақмет. Сау болыңыз!
– Сау болыңыз!
ә)2. Тыңдаңыз. Оқыңыз. Қайталаңыз.»
– Сəлеметсіз бе, мен осы банктің салымшысымын. Депозитке салған
ақшамды алсам деп едім.
– Сəлеметсіз бе! Ақшаңызды қай депозитке салдыңыз?
– «Табыс» депозитіне салғанмын.
– Сіз сегіз жүз мың теңге салдыңыз ба?
– Иə.
– Сіздің ақшаңыз өсімімен сегіз жүз жетпіс мың теңге болған. Құжатқа қол
қойыңыз.
– Жақсы, қай жерге қол қояйын.
– Мына жерге.
– Ақшаңызды кассадан алыңыз.
– Жақсы, рақмет.
– Сау болыңыз!
– Сау болыңыз!
б)
– Сатып алынған заттарға карточкамен төлеу қиын ба?
– Бұл өте оңай. Карточканы кассирге беріп, чектегі соманы тексеріп жəне өз
қолыңызды қойсаңыз жетіп жатыр.
– Менің карточкамнан сатып алынған зат үшін комиссия алына ма?
– Сатушы Сіздің карточкаңыздан төлем үшін пайыздарды шегере алмайды. Сіз тек сатып алынған затты ғана төлейсіз. Алаңдамау үшін сатушыдан төлем сомасын нақтылаңыз.
в)
– Сəлеметсіз бе, ақша аударым тəртібін айтасыз ба?
– Сəлеметсіз бе, төлқұжатыңызды (немесе жеке басыңызды куəландыратын құжатты) жəне алушының толық аты-жөнін, карточкасының нөмірін, аударымды жіберетін ел мен қаланы, жіберілетін ақшаны айтыңыз.
– Берлин. 700 еуро. Нұрсейіт Берік.
– Аударылатын ақшаны жəне аударым үшін төленетін ақыны беріңіз.
– Түбіртекке мұқият қарап шығып, қол қойып, қайтарып беріңіз.
– Міне, түбіртекті алыңыз.
– Банктің мөрімен расталған ақша аудырымының (MTCN) бақылау нөмірі
бар түбіртекті алыңыз. Ақшаны алушыңызға қоңырау шалып, аударым сомасын,10 таңбалы бақылау нөмірін (MTCN) де айтыңыз. Ақша жіберілді. Ақшаны алуына болады.
– Рақмет!
г)
– Сəлеметсіз бе, мен дебеттік карточка алуға келдім.
– Сіз өтініш бердіңіз бе?
– Жоқ.
– Қандай карточка алғыңыз келеді?
– Мен шетелде оқитын едім. Маған қандай карточка ыңғайлы?
– Сізге мультивалюталық «MasterCard Standart» карточкасы ыңғайлы. Шот
жүргізу валютасы теңгемен де, АҚШ долларымен де жəне еуромен болады.
– Карточканы қашан алуға болады?
– Сіз өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күні өткен соң, карточкаңызды
аласыз.
– Міне өтініш. Рақмет. Сау болыңыз!
– Сау болыңыз!
ЖАЗЫЛЫМ
7-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеінен сөйлем құраңыз.
Ұлттық банк, салымшылар, банкомат, ақша, теңге, айырбастау бағамы,
шотты ашу, шотты жабу, ақша аудару, айлық еңбекақы, несие, несие алушы,төлем карточкасы, анықтама, көшірме, куəлік.
АЙТЫЛЫМ
8-тапсырма. Төмендегі мәселелерге өз ойыңызды білдіріңіз.
а) Қазір қоғамда «Көп ақша болса, өмірді ертегідей етіп өткізуге болады» деп сенетіндер бар. Соған сіздің көзқарасыңыз...
ә) Данышпандар «Ақшаға сағат сатып алуға болады, бірақ, «уақыт» сатып ала алмайсың» деген екен. Сол пікірге қандай ой айтар едіңіз...
б) Данышпандар «Ақшаға кітап сатып алуға болады, бірақ, мәдениет сатып ала алмайсың» деген екен. Сол пікірге қандай ой айтар едіңіз...
в) «Ақшаға дәреже сатып алуға болады, бірақ, құрмет сатып ала алмайсың»
дегенді қалай түсінесіз?...
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
9-тапсырма.
«Ақшалы болу үшін емес,
ақша таба білуді үйрену үшін жұмыс істеу қажет»
Р. Кийосаки
Көпшілік қауым колледжді бітіріп, үлкен өмірге бет бұрады. Алайда, табысқа жету үшін мектептегі, колледждегі білім жеткіліксіз екенін түсінеді. Шынайы өмір академиялық білімнен өте алыс, ол көбірек нәрсені талап етеді. Менің естігенім бойынша көбірек нәрсені бір адам былай айтқан – күш-жігер, табандылық, белсенділік, батылдық, мықтылық, ептілік, ержүректік, алғырлық, ерекшелік. Бұл қасиеттердің адам бойында болуы, мектептегі білімге қарағанда болашаққа тигізетін әсері зор.
Тәуекелге бас тігу не үшін керек? Неге қаржылық коэффициенттің зияткерлігін дамыту үшін өзімізге мазасыздық тудырамыз? Жауабы: Өмірде үлкен таңдау жасай алу үшін. Қаржылық сауаттылығымызды дамыту не үшін қажет? Бұл сұраққа әркім өзі жауап беру керек. Менің жауабым: Ақшаны тез тапқым келеді. Істеу керектігінен емес, істегім келгеннен.
Инвестициялау келіп кетеді, нарық жоғарылап төмендейді, экономика өркендеп, дағдарысқа тап болады. Ештеңеге қарамастан өмір бізге сансыз көп мүмкіндік береді, ұлы мүмкіндіктер, әр күн сайын, бірақ осы мүмкіндіктерді көзден таса етеміз. Ал олар бар! Әлем өзгерген сайын, технология өзгерген сайын, мүмкіндіктер де еселеп көбейеді, сол арқылы сіз бен сіздің отбасыңызды асырау мүмкін жағдай болады.
Менің философиям – өз графама «актив» деген дәндерді егу. Бұл менің формулам. Аздан бастаймын және дән егемін. Кейбіреуі өседі, ал кейбіреуі өспейді. Инвестициялау – тәуекелге бел буып ойнайтын ойын, егер не істеу керектігін білсеңіздер. Бұл құмар ойын, сіздер жай ғана ақшаңызды келісімге шашасыздар. Аяқ-асты кедергілерді, тәуекелді айналып өту үшін, техникалық білім, даналық, ойынға деген махаббат керек.
Тәуекел әр кезде де бар. Ал қаржылық сауаттылық қауіп-қатерді төмендетеді. Менің тырысуымның сферасы – жылжымайтын мүлік. Мен жылжымайтын мүлікті жақсы көремін, ол тұрақты және баяу өседі. Көздеріңіз емес, ақыл-ойларыңыз мүмкіндіктерді көреді. Көпшілік адамдар мүмкіндіктерді тануда қаржылық сауаттылығы жоқ болғандықтан, ешқашан байымайды.
Инвесторлардың екі типі бар:
1. Көп тараған түрі – толықтырылған инвестициядан пакетті иеленетін адамдар. Осы адамдар типі жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын компанияларға немесе биржалық маклерге не қаржылық жоспаршыға хабарласып, бір нәрсе алады: бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар. Бұл инвестициялаудың қарапайым жолы. Қарапайым мысал, сатып алушы дүкенге барып, сөредегі компьютерді сатып алады.
2. Инвестиция шығаратын инвесторлар – мұндай инвесторлар келісімді құрастырады, дәл компьютердің бөлшегін сатып алып, құрастыратын сияқты. Оларды жинап, біртұтас жасайды. Мен компьютерді қалай жинайтынын білмеймін, бірақ әртүрлі қоспалардан бір тығыз мүмкіндік жинай алатын адамдарды білемін. Тәуекел әр кез, әр жерде болады. Одан қашуды емес, күресуді үйреніңіздер.
zhanaoi.kz
Сөздік
алғырлық хваткость
белсенділік активность
батылдық смелость; решитолность
ептілік 1) ловкость 2) умелость, искусность 3) осторожность
еселеп 1) в... раз (больше); 2) усиленнно, обильно, много;
ержүректік храбрый, мужественный, отважный
ерекшелік особенность; своеобразие
күш-жігер вся сила
күресу бороться
қауіп-қатер всякие опасности, угрозы
құмар 1) азарт 2) страсть
қоспа 1) сместь, приместь 2) стык, место соединения
мазасыздық беспокойство, тревога
мықтылық крепкость, прочность
мүмкіндік возможность, шанс
табандылық стойкость; упорство
тәуекел риск, дерзость, смелость, решимость
ЖАЗЫЛЫМ
10-тапсырма. Мәтінге тақырып қойыңыз. Автордың экономика жайлы жазған әңгімесі ұнады ма? Несімен ұнады? Өз пікіріңізді жазыңыз.
11-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.
Сұрақтар |
Жауаптар |
Тәуекелге бас тігу не үшін керек? |
|
Қаржылық сауаттылығымызды дамыту не үшін қажет? |
|
Тәуекелге бару үшін адамға қандай қасиеттер керек? |
|
Қандай адамдар байымайды? |
|
Инвестициялау деген не? |
|
Табысқа жету үшін не істеу қажет? |
|
12-тапсырма. «Ақша» терминімен сөз тіркесін жасаңыз.
