- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бөж тапсырмалары
«Балаға капитал жинау» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Әлем елдерінің валюталары жайлы әңгімелеңіз.
Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
10-сабақ
Алыс сапар алғашқы адымнан басталады.
Қонақ асыңа емес,
Қабақ-қасыңа риза.
Қазақ мақалы
АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Жаз – жұртшылықтың демалысқа шығып, шулы қаланың, сапырылысқан жұрттың тіршілігінен бір сәт босап, еркін тынығуға қолайлы мекен іздейтін маусымы. Сіз жазда қайда демаласыз?
ә) Әрине, демалған дұрыс әрі пайдалы. Бірақ, қайда барып демалуға болады? Шетелдердегі бағасы өте қымбат демалыс орындарында ма, әлде Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан қазақтың кең даласындағы қазақы иіс аңқып тұратын емдік қасиеті зор шипажайларда ма? Ойланып көріңіз бе?
б) Сіз шетелде демалғанды дұрыс санайсыз ба? Себебі...
в) Шетелде демалудың артықшылықтары неде?
Данышпандар «Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі» деген екен. Сіз бұған не дейсіз?
г) Данышпандар «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» деген екен. Туған жерде демалғанға ештеңе жетпейді деп санайтындар бар. Сіз бұған қалай қарайсыз?
ғ) Біздің елде демалыс орындарының демалушыларға қызмет көрсету деңгейі төмен деп санайтындармен келісесіз бе?
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
2-тапсырма.
Қазақстан – табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Атап айтсақ, Жер жаннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, суы шәрбат, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы, табиғаты ғажап Қарқаралы. Біздің елдегі осындай көрікті жерлерді айтып тауыса алмайсың! Қарасаң көзің тоймайды!
Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бурабайдың биік таулары және қылқан жапырақты орманы, көлдері мен таза ауасы керемет. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай өлкесінде қонақүйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Жаз айларында балалар лагері жұмыс жасайды.
Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Алакөлде жыл сайын демалушылардың қатары көбеюде. Көл суы көптеген ауруларға ем. Жағаға жақын, тығыз орналасқан демалыс үйлері өте көрікті және мейрамханалар мен дәмханалардың саны да көп. Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады. Жаздың шуақты ыстық айларында бұл араға кемінде 100-150 мың адамға дейін келіп кетеді. Сондай-ақ, Қазақстан шипажайлық қорларға бай өлке. 1930-1960 жылдар арасында шипалы су мен емдік балшығы мол көптеген жерлер табылып, зерттеліп, қазір адам игілігіне жаратылуда. 1986 жылдан бастап, Қазақстанда мемлекеттік мәні бар Бурабай, Алма-арасан, Сарыағаш, Меркі, Манкент, Жаңақорған және жергілікті шипажайлар Қапаларасан, Барлықарасан, Ақжайық, Алатау, Оқжетпестер өз қызметтерін атқаруда.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері бар. Мысалы танымдық, ойын-сауық, экскурсиялық, емдік-сауықтыру, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу, экологиялық, экономикалық т.б. Тарихи-археологиялық нысандардың ішінде тарихи ескерткіштердің, қорғандардың орны ерекше. Соның ішінде, Алматы облысындағы сақ қорғандары, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар, Сығанақ секілді көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы өте мол. Тарихи-археологиялық туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі т.б. жатады. Туристер бұл орындарға өте көп келеді. Елімізде туризм саласына, Отандық туристік өнімнің өткізілуіне, оның үйлесімді көркемделуіне, халықаралық туристік нарықта жарнамалануы аса мән беріп отыр. 2017 жылы Дүниежүзілік көрме «ЭКСПО-2017» бас қаламыз – Астанада өтетіні мәлім. ЭКСПО көрмесі туристік тартымдылығы жағынан әлемдегі теңдесі жоқ ауқымды оқиға. Осы көрме арқылы еліміздегі туризм саласын дамытуға зор мүмкіндіктер туады.
Сөздік
асқар высочайший, неприступный (о горе)
аулау охотиться, ловить (зверей, рыбу);
заниматься охотой (ловлей);
балық аулау ловить рыбу; удить; рыбачить;
жер жаннаты благодатная местность, земной рай;
емдік-сауықтыру лечебный -оздровительний
жағажай пляж
игілік 1) доброе дело, благо;благополучие; 2) польза; плоды
кесене 1) надмогильное сооружение, надгробие с куполом;
2) мавзолей
көз тойдыру услаждать глаз, радовать взор;
көз тоймау не оторвать глаз
қорған крепость
қылқан хвойный
ойын-сауық веселье, развлечение
өлке край; район;
сапырылысқан жұрт беспорядочно движущаяся толпа
танымдық познавательный
шипалы целебный
шипажай санаторий-профилакторий
шүйгін сочный, питательный (о траве)
шәрбат 1) шербет виноградный напиток
2 ) релг. освещенная райская вода
шулы шумный, оживленный;
АЙТЫЛЫМ
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Туризм индустриясы мемлекеттің экономикасына қандай пайда әкеледі?
ә) Туризм халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектесе ме?
б) Туризм индустриясы ел экономикасының дамуына қаншалықты ықпал жасайды?
в) Еңбек нарығы үшін де туризмнің маңызы зор. Сіз қалай ойлайсыз?
Қазақстанның қай қалаларында туристік фирмалар желісі неғұрлым жақсы дамыған?
г) Біздің елде экономикалық туризм дамып келеді. Әсіресе, халықаралық көрме, жәрмеңке өткізіліп жатыр. Осыған сіздің көзқарасыңыз қандай?
АЙТЫЛЫМ
4-тапсырма. Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріңіз.
Мың күндік сапар бір қадамнан басталады.
Жол білмеген адастырады,
Жөн білмеген шатастырады.
Көп жасаған білмейді,
Көп жүрген біледі.
Жол сұрамай жолға түспе.
Ұлы жол,
Үйіңнің табалдырығынан басталады.
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ
5-тапсырма. Хатты оқып, жауап жазыңыз.
Құрметті
Ақбике ханым!
Сіздің
өтінішіңіз бойынша Алматы қаласындағы
қонақүйлер туралы ақпа- ратты
жіберіп отырмын. Осылардың ішінен
ұнаған қонақүйді таңдап, маған алдын
ала хат жазып жіберіңіз. Мен сол қонақүйге
тапсырысты ертерек берейін. Конференцияға
Сіздің мекемеңізден неше адам келеді?
Келетін күндеріңізді нақтылап тағы
жазыңыз. Сізден жауап күтемін.
Құрметпен,
Бақыт Өмірбекұлы
6-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
Бақыт Өмірбекұлы Ақбике ханымға қандай ақпараттар жіберді?
«Қазақстан» – қонақүйі, Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дəрежедегі жоғары класты мейманхана. Өзінің ерекше пішінімен бұл қонақүй – Алматы қаласының символдарының бірі.1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі екі қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады. Төменгі қабаттарда қонақтарды тіркеу, оларға тұрмыстық, техникалық қызмет көрсету (пошта, телеграф, жинақ кассалары, медициналық жəрдем, жолаушылар кассасы, «Интурист» бюросы, т.б.) бөлмелері орналасқан. Жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Жиналыстар, семинарлар, іскерлік кездесулер т.б. өткізуге арналған қосымша орындары, 116 орындық мəслихат залы, бизнес орталығы, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асхана бар. Қонақүйде мейрамхана бар. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін «Космос» кафесі жұмыс істейді.
Мекенжайы: Алматы, Достық даңғылы, 52/2
Уикипедия – ашық энциклопедиясы
Сарайшық қонақүйі туралы ақпарат
Стандарт Жартылай люкс
