- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
Болжау мәнді сөйлемдердің жасалуы:
|
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма.
«Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы – Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнді жеп қояды. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуын, қайырымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз – бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақстан мақсатының көрінісі».
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» 451б
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерді болжау мәнді сөйлемдерге айналдырып жазыңыз.
АЙТЫЛЫМ
5-тапсырма. Ой бөлісіңіз.
Аңыз не жайында? Бәйтерек, киелі ағаш, Ер Төстік, Самұрық құс дегеннен нені ұқтыңыз?
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
6-тапсырма.
Астанадағы «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасының жобасын әзірлеумен елорданың үздік сәулетшілері айналысты. «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының дизайнерлерінің бірі – Сағындық Жанболатовпен болған сұхбатты ұсынамыз.
– Cағындық Смайылұлы Салтанат қақпамызды басқалардан ерекшелендіру, оларға ұқсатпау үшін қандай өзгешеліктерді енгіздіңіздер?
– Біз ұсынған салтанат қақпасы классикалық үлгіде. Ғимараттың сол қапталындағы қуыс ойықшадағы «Ақсақал» бейнесі – даналықтың, ғұламалықтың нышаны, оң қапталға отбасының ұйытқысы – Әйел-Ананың мүсіні қойылды. Біз Отанға, туған жерге деген махаббат сезімдерімізді білдіру үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «Ана -Тілі» деп «Ана» сөзін қолданамыз.
Қақпада орналасқан әр мүсіннің жоғарғы жағында еліміздің Елтаңбасы орналастырылған. Сәулеттік құрылыстың маңдайшасындағы «Мәңгілік Ел» сөзі талай қырғын кезінде мың өліп, мың тірілген халқымыздың қиындыққа шыдап, биік белестерді бағындырғанын көрсетеді. Ғимараттың қала жағындағы қуыс ойықшада – «Көшпенді Батырдың» мүсіні, оң қапталындағы қуыс ойықшада – Қазақстанның қазіргі таңдағы әскери күшіне қызмет етуші «Сарбаз» мүсіні орналасқан. Ал, қақпаның бүйір жақ қабырғаларында орналасқан «Тайқазан» халқымыздың қонақжайлылығынан хабар береді. Қақпаның осы бүйір жақ қабырғаларының орта тұсында орналасқан қазақ батырларының бес қаруының бірі «Қалқан» елімізді қауіп-қатерден, түрлі жағдайлардан қорғайтындығын көрсетеді. Ғимараттың ішкі келесі қабырғаларындағы салынған көріністердің басты тақырыбы – Тәуелсіздік. Онда еліміздің тәуелсіздігін айқындаған ең алғашқы тарихи құжат Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация бейнеленген. Сондай-ақ, тәуелсіздігіміздің қазіргі таңдағы басты бейнелері «Ақорда», «Бәйтерек» секілді ғимараттар көрініс тапқан. Біз де ескерткішті таза өзіміздің нақышта жасауға тырыстық.
– Салтанат қақпасы неліктен Астананың ортасына, адам көп шоғырланатын жерге емес, сырт жаққа орналастырылды?
– Дәстүр бойынша салтанат қақпалары қалаға кіретін үлкен жолдың бойына салынған. Оның маңызын өзгертпеу мақсатында Астананың Салтанат қақпасы Орынбор даңғылының ортасына орналасты. Қонақтар қалаға кіреберістен бастап ұлттық болмысымызды тамашалайтын болады.
Г. Алякпарова, ҚазАқпарат
Сөз мағынасы!
қаптал — бір нәрсенің екі жағы (оң, сол қаптал)
отбасының ұйытқысы — игілікті істің басшысы, ұйымдастырушысы
мың өліп, мың тірілген — ауыртпалық, қиыншылық көрген
бүйір жақ — бір заттың орта тұсы
Қалқан — батырлар оқтан, найзадан қорғанатын соғыс құралы
нақыш — ою-өрнек
АЙТЫЛЫМ
7-тапсырма. Ой бөлісіңіз.
Әлем елдеріндегі Салтанат қақпалары туралы не білесіз?
Мәңгілік ел» Салтанат қақпасының салыну себебі неде?
«Ақсақал» бейнесі, Әйел-Ананың мүсіні нені білдіреді?
Салтанат қақпасының жоғары бөлігінде не бейнеленген?
Ғимараттың қала жағындағы сол бөлігі мен оң бөлігінде нелер бейнеленген?
Жалпы ғимараттың ішкі бөлігіндегі салынған бейнелердің тақырыбы нені білдіреді?
Ғимарат қандай нақышта салынған?
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
8-тапсырма.
Қасиетті Тараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Солардың бірі – ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып саналатын Айша бибі кесенесі. Киелі Әулиеата өңіріне келген адамның бәрі ең алдымен осы кесенені тамашалайды. Бүгінде бұл кесене ЮНЕСКО тізіміне алынған. Сан ғасырлардан аман өткен кесененің тек батыс бөлшегі ғана сақталып қалған болатын. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигуралармен қапталған.
Ахмет Иассауи ескерткiшi – Орта Азия мен Қазақстандағы бiздiң заманымызға дейiн сақталған ең зәулiм, күмбездi, қыштан соғылған оймышты және термелі мозаикамен безендірілген ғимарат. Кесенені Ахмет Иассауи қайтыс болғаннан кейін 200 жыл өткен соң атақты қолбасшы Ақсақ Темір салдыртқан. Оның көлденеңi – 46,5 метр, ұзындығы – 62,5 метр. Сыртқы көрiнiсi симметриялы жинақы келген құрылыс, үлкендi-кiшiлi 35 зал мен бөлмелерден тұрады.
Ахмет Иассауи кесенесінің құрылысы жайлы Шериф ад-дин былай деп жазады: «Әзірбайжан, Парсы, Үнді және тағы басқа елдерден әкелінген 200-ге жуық тас қалаушылар жұмыс істеп, тауда 500 адам тас өндірді. Тасты жеткізуге Үндіден әкелінген 95 піл пайдаланылды. Құрылыс барысына жиі қатысқан Темір жұмыс сапасына көңілі толмаған жағдайда кінәлілерді қатаң жазалап отырды. Темір заманында Қожа Ахмет Иассауи кесенесі сияқты құрылыс жоқ еді. Кесененің әрбір кірпіші қолдан жасалып, сапасы өте жоғары болды. Жол шығыны есептелместен оның шикізаты жүздеген километрден жеткізілді. Халық арасында мынадай да аңыз сақталған. Темір Ауғаныстан мен Иран елінен биелер әкелдіріп, олардың сүтімен батпақ илеуді бұйырған. Мықтылық үшін батпаққа құс жұмыртқасын да қосқан деп айтылады».
/kk.wikipedia.org
Сөз мағынасы!
әулиелі — қасиетті
безендіру — әшекейлеу
қыш — күйдірілген кірпіш
терракота — итал. terracotta-жер, күйдірілген балшық
мозаика – жылтыр тас, қыш тақта, шыны сынықтарынан құрастырылған ою-
өрнек, сурет-бейне
көңілі толмау — ойындағыдай болмау, қанағат етпеу
ЖАЗЫЛЫМ
9-тапсырма. Айша бибі мазары мен А.Иассауи кесенесінің ерекшелігі туралы жазыңыз.
Айша бибі кесенесі |
Екеуіне де ортақ |
Ахмет Иассауи кесенесі |
АЙТЫЛЫМ
10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Көне Тараз жерінде қандай ескерткіштер бар?
Айша бибі кесенесі туралы не білесіз?
Кесенені кім салдырған?
Кесене қай кезде тұрғызылған?
Айша бибі кесенесі қай жерде орналасқан?
Айша бибі кесенесі несімен ерекшеленеді?
Кесенеге жөндеу жұмыстары қашан жүргізілді?
Кесенені жөндеу жұмыстар қалай жүргізілді?
ТЫҢДАЛЫМ-ОҚЫЛЫМ
11-тапсырма.
Аңыз бойынша, Айша бибі асқан сұлулығымен қатар, ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы. Сұлу Айша мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббат та осы күнге аңыз бойынша жеткен. Айтулы аңыз бойынша Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уәделеседі.
Жан-жақтан жау анталаған заманда елін, жерін қорғаумен жүрген Қараханның айтқан уақытында Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Араға айлар түседі, жылдар жылжиды. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені – Тараз жеріне өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әжені (кей жазбаларда Бабаджа хатун) ертіп, жолға шығады.
Бірнеше күн жол азабын тартып, Таразға да жетеді. Жарты күндік жол қалған кезде өзеннің жағасына демалуға тоқтайды. Күтушілері ас қамдауға кіріседі. Суық суға шомылып алған Айша сұлу демала тұрмақ болады. Сүйгенінің ауылын алыстан көріп, енді сәл уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, ұйықтап кетеді. Сол кезде улы жылан Айша бибіні шағып алады. Бүкіл тәнін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу сүйгені Қараханға ат шаптырады. Қарахан емші-тәуіптерін алып жеткенде ару қыз ісініп, талықсып жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» – деп үш рет айқайлапты. Ғашығынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады...
Кезінде Әулиеата уезінің бастығы болған В.Каллаур Айша бибі мен Қарахан арасындағы шексіз махаббат туралы ел арасындағы аңыздың бірнеше нұсқасын жинаған көрінеді. Сондай-ақ археология үйірмесінің мүшесі В.Панков: «Айша бибі кесенесінің төрт бұрышында жуан бағаналары бар. Әр фасадының ортасында жоғары және сүйірлеу аркамен бітетін кішірек қуыстар бар. Барлық қабырғасы мен бағаналарының беті тұтастай қыш тақталармен қапталып шыққан. Кесененің ішкі беті кірпіштен, сыртқы беті күйдірілген құйма балшықтан қаланған. Кірпіш пен құйма тастардың арасы әк қосылған балшықпен жымдастырылып, арша ағашымен ұстатылған. Мұндай әдістің жер сілкінгенде қабырғалардың құламай сақталып, бүгінге дейін жетуінің айғағы – осы», деп жазып қалдырған екен.
Сөздік
анталау обступать со всех сторон
ас қамдау готовить пищу
азап мучение, страдание
арша арча, можжевельник
бас қосу жениться
емші-тәуіп лекарь, знахарь
жымдастыру подгонять плотно (стыки, пазы дверей)
қосақ болу жениться
тән тело
талықсу терять сознание
уәделесу быть помолвленным
улы жылан ядовитая змея
ісіну распухать
ЖАЗЫЛЫМ
12-тапсырма. Мәтіннің бөліктеріне тақырып қойыңыз.
13-тапсырма. Мәтін бойынша Айшаға сипаттама жазыңыз.
АЙТЫЛЫМ
14-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Айша бибінің әкесі кім еді?
Қарахан батыр қай жерде тұрған?
Айша бибі кесенесін кім салдырған?
Қарахан батыр мен Айша сұлу не деп уәделеседі?
Махаббаттары елге аңыз болған тағы кімдерді білесіз?
Махаббатың символына арналған тағы қандай кесенелерді білесіз?
