Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II БЛІМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

Грамматикалық тақырып: Келер шақ.

Болжалды келер шақ

-ар, -ер, -р

Мысалы: Сен қалада қонақүйге орналасарсың.

Мақсатты келер шақ

-мақ/-мек,-бақ/ -бек, -пақ /-пек

Мысалы: Ертең мен Алматыға бар+мақ+пын.Мен үйді сат+пақ+пын. Мен жұмысқа бар+мақ+шы+мын.

Ауыспалы келер шақ

-а,-е,-й,

Мысалы:

Келесі жылдан бастап, мен Алматыда тұр+а+мын.

АЙТЫЛЫМ

4-тапсырма. Төмендегі мәселелерге өз ойыңызды айтыңыз.

а) Автордың шағын және орта бизнес туралы мақаласы сізге ұнады ма?

ә) Автордың мақаласынан қандай ақпараттар алдыңыз?

б) Орта және шағын бизнесті дамыту қажет деп санайсыз ба?

в) Нарықтық экономикада шағын және орта бизнестің алатын үлесі қандай? г) Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік мәселелерді шешеді деп санаймын. Сіз қалай ойлайсыз?

ғ) Шағын және орта бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға болады. Сіз қалай ойлайсыз?

д) Елімізде мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөліп отыр ма?

е) Қазақстанда шағын кәсіпкерлік саласы жақсы дамып, ел экономикасына үлес қосып отыр ма?

ж) «Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз бай болу болса, онда сіз оған ешқашан жетпейсіз» – деген екен Джон Рокфеллер. Сіз қалай ойлайсыз?

ТЫҢДАЛЫМ-ОҚЫЛЫМ

5-тапсырма.

Ақша туралы осы уақытқа дейін қаншама мақалалар, ғылыми еңбектер жазылды. Ақшаны біреулер пайдалы тауар деп мақтаса, енді біреулері оның қоғамға зиянды екенін айтады. Өйткені ақша үшін бүкіл қоғам жұмыс істейді. Ол біреулерді бақытты етсе, ал біреулерді қайғылы оқиғаға ұшыратады. Ақша тауар айналысының дамуына байланысты тарихпен жасасып, көптеген жағдайларды басынан кешіріп осы күнге жетті. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмаған болар еді. Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны, оның бағасы болып табылады.

Көптеген кітаптардың авторы америкалық жапон Роберт Кийосаки ақша əлеміне үлкен жаңалық ала келді. Бүгінгі таңда оның жазғандары жер жүзіне танымал деуге болады. Р.Кийосаки өзінің «Ақша ағымы квадранты» кітабында: « … Адамдар қаржыға байланысты төртке бөлінеді. Себебі адамдардың барлығы ақшаға тəуелді, тіпті ақшасыз жүрудің өзіне ақша керек», – дейді.

Бірінші топтағылар – «Қарапайым адамдар». Жұмыстары бар, айлығы бар, дипломына сай маман. Олар – үнемдеудің шебері, өздері көп тəуекелге бармайды, тапсырылған істі жақсы орындайды, таңның атысы күннің батысы жұмыс деп жүретіндер, яғни жалдамалы жұмысшылар.

Екінші топ – «Кəсіпкерлер». Өз кəсібі барлар, жұмыстары бар болса, ақшасы да бар. Таңның атысынан күйбең тірлік, жүгіріс. Жетпейтіні – уақыт. Кəсіп болмаса істе тоқтап қалады, іс тоқтағаннан кейін кіріс де баяулайды. Яғни кəсіпкерлер, кəсібіне тəуелді адамдар. Қолынан келсе, кез келген кіріс кіргізетін жұмысты аңдушылармен желілік бизнестегілер.

Үшінші топ – «Ірі кəсіпкерлер», үлкен компаниялар, өндірістік кəсіпорындар. Қомақты ақша айналымдарын, «Қарапайым адамдар», мен «Кəсіпкерлердің» бастарын біріктіретін топ, яғни олар үшін біреулер жұмыс жасайды. Ауқымды кіріс көздері бар, танымалдылықтан табыс табуы мүмкін, жарнамалар да, демеушіліктер де көп жүретін брендтер.

Төртінші топ «Салымшы-инвесторлар». Олар уақыт тиімділігін ертерек түсініп, ұсақтап жинап, пайызға өмір сүретіндер, яғни салымшы үшін ақша жұмыс жасайды. Олар барлық жерде де тəуекел барын ескеріп, кез келген жағдайларда қиыншылықтарды жеңіп шығатын, қаржы философиясын толық меңгерген тұлғалардың басын құрайтын топтағылар.

Ал ақша психологиясына тоқталсақ, бір қызығы, ақша бапты жақсы көреді. Егер Сіз капитал жинау жолында өмір сүріп жатқан болсаңыз, оның көбеюіне ықпал ететін күш сізден тарау қажет. Яғни, Сіз өзіңіздің жоспарларыңыздың орындалуын, армандаған саныңызды нақты белгілеуіңіз қажет. Ақша есепті жақсы көреді. Ешқашан ештеңенің тегін болмайтындығын естен шығармаңыз. Сіз сол нақты белгіленген қаржыға жету үшін неден құралақан қалатындығыңызды да біліп жүргеніңіз абзал. Себебі шығын шықпаса кіріс болмайды. Əрине, ақша өмірдің мәні емес, бірақ маңызды өмір сүруге жақсы көмектеседі.

С.Ақымбек. Қазақ тілі.

Сөздік

абзал хорошо бы, лучше всего;

ағым полит.,лит. навравление, течение, школа;

ауқымды масштабный; большой (в круге, рамках охвата);

баптылық 1) ухожненность 2) натренированность 3)

умение делать что-л. хорошо, искусно, аккуратно

демеуші спонсор

кіріс прибыль, доход;

жалдамалы жұмысшылар наемные рабочие

күйбең суета, тщетные действия;

қомақты ақша большой по объему, объемистый;

значительный;

құралақан с пустыми руками, ни с чем;

танымал известный

ұсақ в разн.знач. мелкий // мелко;

ықпал влияние, воздействие;

Сөз мағынасы!

ақша ағымы — ақшаның нарықтағы қозғалысы

салымшы — банкке сақтау үшін ақша салған тұлға

таңның атысы күннің батысы — таң атқаннан кеш батқанға дейін

шығын шықпаса кіріс болмайды — ақша табу үшін шығын қажет

ЖАЗЫЛЫМ

6-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап, жауаптарға сұрақ жазыңыз.

Сұрақтар

Жауаптар

Автор не үшін ақшаны қоғамға зиян дейді?

Автор қаржыға баланысты адамдарды қандай топқа бөледі?

Ақша өмірдің маңызы ма?

Адамдар ақшаға тәуелді ме?

Неге ақша есепті жақсы көреді?

Ірі кәсіпкер деген кім?

Кәсіпкерлер ақшаны қандай жолдармен табады?

Салымшы-инвесторлар ақшаны қалай табады?

7-тапсырма. Мәтінге сәйкес дұрыс ақпаратты белгілеңіз.

Ақпараттар

Дұрыс

Дұрыс

емес

Шығын шықпаса кіріс болмайды.

Сіз өзіңіздің жоспарларыңыздың орындалуын, армандаған мақсаттарыңызды нақты білуіңіз қажет.

Ақшаң жоқ болса, өзіңді қоғамға қажетсіз санайсың.

Ақша есепті жақсы көрмейді.

Əрине, ақша өмірдің маңызы емес, бірақ мәнді өмір кешуге жақсы көмектеседі.

Ақша үшін бүкіл қоғам жұмыс істейді.

Ақша біреулерді бақытты етсе, ал біреулерді қайғылы оқиғаға ұшыратады.

Ақшасы көп адамдар өз қалталарын толтыруды ғана ойламай, әрдайым қайырымдылық шараларын өткізсін.

8-тапсырма. Мәтінге тақырып қойыңыз.

АЙТЫЛЫМ

9-тапсырма. Сіз не дейсіз?

  1. «Ақшаның құлы болуға да, биі болуға да болады» дегенді қалай түсінесіз?

  2. «Мен адамдарды ақша ұстауларына қарап бағалаймын, ақша – мақсат емес, ол адамның қателескен, қателеспегенін білдіретін дәлел» – деген екен

К. Шанель. Осыған сіздің көзқарасыңыз қалай?

  1. Табыстың құпиясы неде?

  2. «Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады» – деген екен Билл Гейтс. Сіз бұған не айтасыз?

  3. Жаңа іс бастау ешқашан кеш емес деп ойлайсыз ба?

  4. Біздің елде орта және шағын бизнесті дамытпай, нарықтық экономиканы дамыту мүмкін емес деп ойлаймын. Осыған сіздің көзқарасыңыз қалай?

АЙТЫЛЫМ

10-тапсырма. Сіз не дейсіз?

а) Қазір іскер адам – ол ең алдымен тұрақты табысы бар, әртүрлі қоғамдармен байланысы бар, табысты, белсенді, өзіне сенімді, өз лауазымына лайықты адам. Ал сіз қалай ойлайсыз?

ә) Іскер адамдар өз жұмысын уақытында орындауы керек. Өйткені...

б) Жұмысқа кешіккендік тек жұмысқа ғана кедергі келтірмейді, сонымен бірге адамға деген сенімді жоғалтады. Ал сіз қалай ойлайсыз?

в) Іскер адам сыпайы, мейірімді, ашық жүзді болуы керек. Тапсырыс берушілері, сатып алушылары, қызметтестері немесе қол астындағылары қалай тиссе де, ол сыпайы, сабырлы болу керек. Себебі, ...

г) Іскерлік этикет ережелері, өзін ұстай білу мәдениеті әлемдегі барлық бизнесмендердің экономикалық және қаржылық мүдделерінің жақындасуына ықпал етеді. Ал сіз қалай ойлайсыз?

ЖАЗЫЛЫМ

11-тапсырма. Берілген кестені толтырыңыз.

Менің өмірлік мақсатым.

...

Мақсатқа жету үшін істелетін әрекеттерім.

...

АЙТЫЛЫМ

12-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, жаттап алыңыз.

Барға – шүкір, жоққа – сабыр.

Бай бауырын танымас,

Сауда досқа қарамас.

Ақшада көз жоқ.

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Қарыз күліп кіріп, жылап шығады.

Ақша кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]