Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II БЛІМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать
☆

Бөж тапсырмалары

  1. «Қазақстан – әлемдік кеңістікте» тақырыбына эссе жазыңыз.

  2. «Қазақстан және халықаралық ұйымдар» тақырыбына презентация дайындаңыз.

Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар

4 - сабақ

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

Б.Момышұлы

Өз елің – алтын бесігің.

қазақ мақалы

АЙТЫЛЫМ

1-тапсырма.

а) Мерекелер туралы жастардың пікірі қандай?

ә) Қазақ халқының қандай ұлттық мейрамдарын білесіз?

б) Халықтық салт-дәстүрге негізделген қандай той-думандары мен мерекелерін білесіз?

в) Қазіргі жастардың ұлттық санасының жоғарлауына қандай мейрамдар әсер етуде?

г) Мейрамдардың жастардың ұлттық санасын қалыптастырудағы рөлі қандай?

ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ

2-тапсырма.

Мемлекет мейрамдарды үш түрге бөлген: ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелер. Ұлттық мереке ретінде тек қана Тәуелсіздік күні саналады. Мемлекеттік мерекелерге Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күнi,  Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi, Жеңiс күнi, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi, Астана күнi, Отан қорғаушылар және Тұңғыш Президент күні ресми түрде бекітілді. Кәсіби және өзге де мерекелер әр саланың ерекшелігіне сәйкес тойланатын күндер (ұстаз, шахтер, дәрігер, кәсіби әскер түрлерінің күндері т.б.)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.

30 Тамыз — Конституция күні.

1995 жылы, 30 тамызда Бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды. Конституцияның 1-бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі. Құқықтары мен бостандықтары” делінген.

1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгінде Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. 1-мамыр күні елімізде «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі ретінде 1996 жылдан бері тойланып келеді. Қазақстан үшін айтулы мереке мүлде жаңаша мән-маңызға ие. Бұл мейрам бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын тауып, көп этносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]