- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. |
Сұраулы сөйлемдердің мағынасына қарай бөлінуі:
компонент белгісіз болып, сұрақ жалпы, ашық түрде қойылады. Кім? не? қайда? қашан? қандай? қалай? т.б. сұрақ сөздер арқылы жасалады. Мысалы: Сен қашан келесің?
сұраулық шылауларды (ма, ме, ба, бе, па, пе) қосу арқылы жасалады. Мысалы: Сіз оқытушысыз ба? Бүгін қалаға барасыз ба?
қосу, жұмсау үшін қолданылады. Ол мақсат – тілекті, іске жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру. Мысалы: қалаға барып келесің бе? |
3-тапсырма. Ұлттық қауіпсіздік түрлеріне назар аударып, кластерді толтырыңыз.
қоғамдық ақпараттық
экологиялық Ұлттық
қауіпсіздік экономикалық
әскери саяси
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұраулы сөйлем құрастырыңыз.
АЙТЫЛЫМ
5-тапсырма. Кестенің оң жағы мен сол жағын сәйкестендіріңіз.
1. Қоғамдық қауіпсіздік
|
а) ... ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуы. |
2. Әскери қауіпсіздік
|
ә) ... экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуы. |
3. Экономикалық қауіпсіздік
|
б) ... азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуы. |
4. Экологиялық қауіпсіздік
|
в) ... әскери күштерді қолдану немесе оны қолдану ниетімен байланысты сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерінің қорғалуы; |
5. Ақпараттық қауіпсіздік
|
г) ... қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтардың өмiрi, денсаулығы және амандығының, нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуы. |
6. Саяси қауіпсіздік |
ғ) ... қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның, қоғам мен мемлекеттің қорғалуы. |
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
6-тапсырма.
Қазақстанның Қарулы Күштері – ҚР әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтитын іргелі құрылым. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник С.Қ. Нұрмағамбетовты тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойды. Бұл күн – Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып табылады. 1997 жылы 17 қарашада Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үш жақты құрылымға ауыстырылды: Жалпы әскери күштер (Құрлықтағы әскер және Жедел қимыл күштері), Әуе қорғанысы күштері (Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылынан қорғаныс күштері біріктірілді) және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері (олар Шекара әскерлерінің заставалары мен бөлімдерінен, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштерінің кемелері мен жағалау қызметінен тұрады).
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әртүрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – ел қауіпсіздігінің сенімді тірегі.
http://e-history.kz
АЙТЫЛЫМ
7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстанның Қарулы Күштері қандай құрылым?
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қашан құрылды?
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылымына қандай мекемелер кіреді?
Өзіңіз әскери қызметке міндеттісіз бе?
Әскери борышты өтеу дегенді қалай түсінесіз?
Отбасыңызда әскери адамдар бар ма?
Ұлы Отан соғысының ардагерлері деп кімдерді атайды?
Халық қаһармандары туралы не білесіз?
8-тапсырма. Халық қаһарманы Б.Момышұлының нақыл сөздерін оқып пікірлесіңіз.
Ежелден ер тілегі – ел тілегі.
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Отаның үшін отқа түс – күймейсің.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
Әдіссіздік – әлсіздік,
Ептілік те ерлік.
Қиын сәтте тізгініңді босатпай, шапшаң да шебер қимылда.
Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.
Әрбір бұйрықтың орындалуы – бұлжымас шарт.
Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.
ТЫҢДАЛЫМ-ОҚЫЛЫМ
9-тапсырма.
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалыпты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасында Конститутция, Заңдар, Президент Жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған. Олар прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура. Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
Прокуратура ҚР аумағындағы Заңдардың, Президент жарлықтарының басқа да құқықтық нормативтік актілердің дәлме-дәл қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Ішкі істер органдары еліміздегі Заңдарға сәйкес қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, мемлекет мүддесіне қылмыстық қолсұғушылықтардың алдын алу мен жолын кесуді жүзеге асырады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке адамның, қоғамның қауіпсіздігін, елдің конститутциялық құрылысын, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етеді.
Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар жаза тағайындау, жазадан босату сияқты шешімдер қабылдап, құқықты қолданып, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін әділ, заң арқылы қорғауға тиіс.
Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу.
http://kontrosha.net/
Сөздік
алдын алу предотвращать
әлеует потенциал
дәлме-дәл қолданылу точное применение, точно
использовать
жаза тағайындау назначить наказание
жеке және заңды тұлғалардың мүдделері интересы физических и
юридических лиц
жүзеге асыру осуществить
игілі благополучие
қылмыстық қол сұғушылық уголовное вмешательство
сақтық осторожность, осмотрительность
халықтың қауіпсіздігі безопасность народа
ЖАЗЫЛЫМ
10-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтарды жазыңыз.
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ |
|
Оңай сұрақтар |
Қиын сұрақтар |
Қолымыздан
қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыа
жетеріміз хақ. (Н.Ә.Назарбаев)
АЙТЫЛЫМ
11-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Құқық қорғау органдарына нелер жатады?
Құқық қорғау органдары қандай мемлекеттік басқару ұйымдарының құрамында?
Прокуратура қандай орган?
Ішкі істер органдары нені жүзеге асырады?
Ұлттық қауіпсіздік комитеті нені қамтамасыз етеді?
Соттардың қызметі қандай?
Құқық органдары қандай қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті?
Сіздің құқық қорғау органдарында қызмет істегіңіз келе ме?
