- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
-
Анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер сын есімдер болғанымен, зат есім, есімдік, сан есім, етістіктің есімше, қимыл есімі де тұрған орны не арнаулы грамматикалық тұлғалар арқылы анықтауыштық қызметте жұмсалады.
Сапалық және қатыстық сын есімдердің тіркесінен: Түсі ақ сұр келген, өзі қоңыр сақалды Бөжей бәрінен де сұлу.
Есімдік пен зат есім және заттанған басқа сөз таптарының тіркесінен: Сол күнгі ауа райы есімнен кетпейді.
Есім сөздердің есімшемен тіркесуінен: Адам болар баланың кісіменен ісі бар. Залда мен оқыған романның авторы сөйлеп тұр.
Күрделі сан есімдер, сан есімді анықтауышы бар зат есім сөздер тіркесінен: Қаладан он бес шақырым жердегі ауылға су құбыры тартылды.
Зат есім, басқа заттанған сөз таптары ілік жалғауында келіп анықтауыш қызметінде қолданылады: Қазақстанның көптеген аудандарында жаңа мектептер мен балабақшалар ашылды.
ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтіннен анықтауыштық қатынастағы сөйлемдерді тауып жазыңыз. Мысалы: көпвекторлық сыртқы саясат
АЙТЫЛЫМ
4-тапсырма. Топтық жұмыс. Ой бөлісіңіз.
Қазақстан Республикасының БҰҰ, ШЫҰ-ға кіруінің қандай маңызы болды?
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
5-тапсырма.
Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы 1-2 желтоқсанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.
Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «Т» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік ( transpararency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Дәстүр – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын көрсетеді. Транспаренттілік – ашықтықты, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтің барған сайын артып отырған маңызын түйсіну.
Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, РФ Президенті Д.Медведев, АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Хиллари Клинтон, Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркель, Италия Премьер-Министрі Сильвио Берлускони, т.б. бар.
Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Астанадағы Саммит делегациялар басшылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Мәселен, Ұйымның Хатшысы Марк Перрен де Бришамбо Қазақстан елордасында қабылданған шешімдер ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың біртұтас стратегиясын жасауға ықпал ететінін атап өтті. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының мейлінше табысты болғанын атады. Ал, АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.
http://www.akorda.kz/
Сөздік
аңдату наблюдать //следить
бағыттау направить
белес ступень
құндылық ценность, значимость
сындарлы ынтымақтастық высокое//конструктивное сотрудничество
түйсіну ощущат, чувствовать
іргелі основательный, фундаментальный
6-тапсырма. Мәтін бойынша кесте толтырыңыз.
Бұрыннан білемін V |
Жаңа ақпарат алдым + |
Тағы да білгім келеді/ білейін деп едім ? |
АЙТЫЛЫМ
7-тапсырма. Топтық жұмыс. Мәтінді негізге ала отырып, топ болып, ЕҚЫҰ саммитін өткізіңіздер. Мемлекет басшысы және халықаралық ұйымдардың өкілдері ретінде ұстанымдарыңды айтыңыз, дәлелдеңіз.
ЖАЗЫЛЫМ
8-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтіндер бойынша салыстыру жазыңыз.
БҰҰ |
ЕҚЫҰ |
ШЫҰ |
Барлығына ортақ |
АЙТЫЛЫМ
9-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы ұстанымы қандай?
Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз қандай ұйымдарға енді?
Бұл ұйымдарға енудің маңызы қандай еді?
БҰҰ туралы не айтасыз?
ШЫҰ-ның мақсаты не?
ШЫҰ-ға қай мемлекеттер кіреді?
Қазақстанда ЕҚЫҰ саммитінің өтуі нені көрсетеді?
Қазақстандағы ЕҚЫҰ саммитіне кімдер қатысты?
Қазақстан Республикасы тағы қандай халықаралық ұйымдарға мүше болды?
Қазақстан Республикасының әлемдік кеңістіктен орнын алуына кімдер үлес қосты деп ойлайсыз?
ТЫҢДАЛЫМ-ОҚЫЛЫМ
10-тапсырма.
1991 жылғы 16 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңды қабылдады. Жаңа мемлекет дипломатиялық тануға зәру, онсыз шынайы тәуелсіздік жайында сөз ету мүмкін емес. Осы тұста мен одақтық министрліктен аттану қамымен, Мәскеуде едім. Бұл маған ауыр да болды. Себебі алғашқы күннен бастап 18 жыл бойы еңбек жолым Смоленск алаңындағы Сыртқы істер министрлігінде өтті. Бұл үйге енді ресми жағдайларда келемін-ау дегенге бой үйретуім қиын болды.
Аянбай еңбек етіп, бар күш, жігерімді туған елім – Қазақстан игілігіне аямай жұмсар сәт те туды. Сондықтан мен одақтағы байырғы таныстарыммен қоштасуға көндігіп, қажетті құжаттарымды ресімдей бастадым. Отаныма қайтып оралмау үшін менің бұрынғы басшыларымның мені Ресейдің Бас консулы етіп Хайфонға (Вьетнам) жіберу жөніндегі ұсынысы мықты уәж болуға тиіс еді. Бірақ мен үзілді-кесілді шешім қабылдап, бұл ұсыныстан бас тарттым.
Қазіргі заманғы халықаралық қатынастарға ой жібере отырып, біздің жас мемлекетіміздің сыртқы саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруға, оның құрылысына тікелей ат салысуыма мүмкіндік бергені үшін өз тағдырыма ризамын. Әрине, мен алдымен әке-шешеме ризамын. Олар қиындықтарға қарамастан менің білім алуыма қолдан келгеннің бәрін жасады. Ата-анам мені Мәскеуге халықаралық қатынастар институтына түсуіме ақ баталарын беріп, шығарып салғандары да есімде. Дипломатиялық құймаханада шеберлікке шыңдаған тәлімгер ұстаздарыма алғыс айтамын. Олардың берген тәлімі мен тәжірибесі ондаған жылдар өтсе де практикалық мәнін жоймай кәдеге жарауда.
Сонау 1985 жылы тәуелсіз Қазақстанның Президентімен кездесуім болмаған болса, менің туған жерге оралуым да екі талай еді. Елбасы менің қабілетіме сенді, оны Қазақстан игілігі үшін аямай жұмсауыма жол ашты.
Уақыт пен Кездейсоқ сәттілік, бір қарағанда тұрлаусыз болып көрінетін осы ұғымдар адамның өмірлік жолын белгілейді. Жаратушы маған Уақытты да, сәттілікті де берді. Бұл кітапты мен бейбітшіліктің, зорлық-зомбылық жасамаудың ұлы уағыздаушысы Махатма Гандидің адамзатқа залал келтіруі мүмкін «жеті әлеуметтік күнәдан» сақтандыруымен аяқтасам деймін. Олар:
принципсіз саясат;
еңбексіз байлық;
ар-ұятты жоғалтып рақатқа бату;
ақиқатсыз білім;
имандылықсыз сауда;
ізгіліксіз ғылым;
құрбандықсыз құдайға қызмет ету.
(Қ.Тоқаев. Беласу. Дипломатиялық очерктер.- Алматы. – 2003.156, 468-469 б.б.)
Сөз мағынасы!
зәру — қажет, мұқтаж
аттану қамымен — кетуге дайындалу// кету әрекетімен, жағдайымен
байырғы — ежелгі, бұрынғы
көндігу — бағыну, мойынсұну //үйрену
уәж болуға — сылтау, себеп //дәлел
үзілді-кесілді шешім — біржолата шешім //нақты
екі талай — белгісіз //мүмкін болмас
тұрлаусыз — тұрақсыз
шыңдау — жетілдіру, кемелдендіру
кәдеге жарау — қажетке жарау, бір пайдаға асу
зорлық-зомбылық — қорлық-қиянат //әділетсіздік
уағыздаушы — үгіттеуші
ақиқатсыз — жалған
АЙТЫЛЫМ
11-тапсырма. Мәтіннің бөліктеріне ат қойыңыз.
12-тапсырма. Сіз не дейсіз?
Автор жайында не білесіз?
Автордың «Жаңа мемлекет дипломатиялық тануға зәру, онсыз шынайы тәуелсіздік жайында сөз ету мүмкін емес» деген пікірінен нені байқауға болады?
Автор бұрын қайда қызмет істеген?
Автордың осы салада табысты еңбек етуіне кімдердің үлесі бар екен?
Авторға Елбасы қандай сенім білдірді?
Махатма Ганди кім? Махатма Гандидің «жеті әлеуметтік күнәсі» нелер? Сіздің көзқарасыңыз?
Жалпы автордың пікірінен нені байқауға болады?
«Уақыт пен Кездейсоқ сәттілік адамның өмірлік жолын белгілейді» деген пікірін қалай түсінесіз?
Сіздің ойыңызша, дипломат болу, басқа елдерде мемлекет атынан өкілдік ету деген не? Оның қандай ерекшеліктері бар?
Сіздің осы салада қызмет еткіңіз келе ме? Неге?
