Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.10 Сурет - Капитал айналымының уақыт құрылымы

Сызбадандан көрініп тұрғандай (2.10 сурет) қор айналымының уақытын қысқарту жолдары көбімізге таныс: өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс уақытының жоғалуын болдырмау, ауысым коэффициентін арттыру, шикізатпен жабдықтау қалпын қамтамасыз ету, жабдықтау, жарақтау жүйесін жақсарту және т.б.

2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары

2.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары

Өндірістің жұмыс күші мен құралдарынан кейін бүгінгі күнгі экономиканың маңызды факторлары ретінде өндірістің ұйымдары мен технологиясын атау керек. Солардың арқасында өндірістің жұмыс күші мен құралдарының тиімді қатынасына қол жеткізіледі. Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз - өндірістің барлық үдерісінің бірлігі мен тәртібін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстың белгілі бір қондырғысы. Мысалы, автомобильдер өндірісін ұйымдастыру түйіндер мен бөлшектерді жинақтайтын шикізат жабдықтаушыларымен заводтың байланысын жеңілдетеді (цехтар, учаскелер, бригадалар және т.б.)

Өндіріс технологиясы еңбек заттарын өңдеудің нақты тәсілдерін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін білдіреді (мысалы, нан пісіру технологиясы операцияларының белгілі бір кезегі, қамырдың нақты құрамы, пештердің нақты жұмыс тәртіптері бар және т.б.). Қазіргі технологияларды білу – тиімді өндіріске апаратын жол, сондықтан әлемде алдыңғы ноу-хаумен айырбас кеңінен таралған. Жаңа технологиялардың өзіне тән белгісі - өндірісте ақпараттар мен компьютерлерді барынша көп пайдалану. Осындай технологиялар ақпараттық немесе ақпараттық-компьютерлік деп аталады. Осыдан ақпарат деп аталатын өндірістің жаңа факторы туындайды.

2.9 Өндірістің ақпараттық факторы

Ақпарат дегеніміз білім, мәліметтер мен түрлі сигналдар. Қазіргі өндірісте ол маңызды және әртүрлі роль атқарады. Әсіресе, ақпарат мыналарды қамтамасыз етеді: 1) техниканың қызмет етуі (бағдарламалық басқарумен); 2) өндірістің өзінің тиімді ұйымдастырылуын және оның барысына бақылау жасау; 3) өндірістің жедел қайта құрылу мүмкіндігі; 4) қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыру; 5) алдағы идеялар мен технологияларды тез тарату.

ҒТР даму шарқына қарай ақпараттар ағымы көбейе бастады. Ағым бүгінгі күні ХІХ ғасырдағы 50 жылмен әрбір 20 ай сайын салыстырғанда екі есе көбеюде. Қоғамның барлық өміріндегі ақпараттың ролі жыл сайын өсуде. Сол себептен ғалымдар “ақпараттық революция” жөнінде және дамыған елдердің “индустриалдықтан” “ақпараттық қоғамға” ауысуы туралы айта бастады. Соңғысының басты айырмашылығы: а) кең автоматтандыру және ақпараттық-компьютерлік технологияларды барлық салаларда қолдану; б) әлемдік байланыс жүйелерін дамыту (трансконтиненталдық телефон кабельдері, спутниктік теледидар, бүкіл әлемдік Интернет компьютер желісі және с.с.); в) ақпарат көлемінің шамадан тыс көбеюі, ақпараттың жеткізілу және өңдеу жылдамдығы; г) жаңа жаңалықтарды енгізуді жылдамдату; д) экономиканы ұйымдастырудағы әртүрлілік пен икемділікті арттыру; е) білімді және адамдардың барлық қоғамдық өмірін үздіксіз жаңарту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]