Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.2 Пайданы барынша көбейту

Пайданы көбейту жағдайларын талдаудан бұрын алдымен жетілген және жетілмеген бәсекелі екі фирма өкілдерінің тауарларының қисық сызықтарын салыстырамыз. Бұл графиктерден көрінгеніндей жетілген бәсекелі фирма (6.3 а-сурет) рыноктық бағаға әсерін тигізбей қанша сатамын десе, сонша сата алады. Сондықтан оның ДД сұраныс қисығы көлбеу жатыр.

Рыноктық бағаға әсер ете алмауы, салаға кіретін фирманың өндірісі көлемінің салыстырмалы түрде үлкен еместігінде.

6..3-сурет

Сондықтан жетілген бәсекелес фирма рынокқа қанша тауарлар шығарса да, бәрібір ол сол рынокта қалыптасқан бағаға әсер ету үшін мүлде жеткіліксіз.

Жетілмеген бәсекелес фирма жағдайында (6.3 б-сурет) ДД сұраныс қисығы төмен жылжиды, өйткені Q сұранысы көп болған сайын соған сәйкес төмен баға белгілейді. Сондықтан монополист фирма рынокқа тауардың үлкен көлемін шығарғанда, оның бағасы төмендейді. Егер фирма толық монополияға ие болмаса Р, яғни бағаны қысқарту 6.3 б-суретінде көрсетілгендей оның бәсекелесін ДД сұраныс сызығын солға Д1Д1 жағдайына жылжытады, сондықтан қарсыласушы фирмаға байланысты баға төмендеген күнде енді аз көлемде тауарларды сатуға болады. Жоғарыдағы графиктерді салыстырудан шығатын қорытынды мынадай: сұраныс сызығының көлбеу болуы фирманы жетілген бәсеке ретінде сипаттайды. Егер сұраныс сызығы төмендесе, онда фирма жетілмеген бәсекеде болады. Сұраныс қисық сызығының өзгерген сипаты жетілмеген бәсеке кезіндегі шекті табыстың (МR) өсіңкілігіне әсер етеді. Шекті табыс п бірлікті сатудан алынған жалпы табыс пен п — 1 бірлікті саудадан алынған табыстың арасындағы айырмашылығымен анықталады.

Шекті табыс п бірлікті сатудан алынған жалпы табыс пен п — 1 бірлікті саудадан алынған табыстың арасындағы айырмашылығымен анықталады.

ТС = Q х АС, яғни жалпы шығындар тауарлар санының орта шығындарға көбейтіндісіне тең;

МС = ТСn — ТСn — 1, яғни шекті шығындар п санындағы тауарлардың жалпы шығындарымен п — 1 санындағы тауарлардың жалпы шығындарының арасындағы айырмашылыққа тең;

ТР = Q + Р, яғни жалпы табыс тауар санының бағасының көбейтіндісіне тең;

МР = ТРn — ТРn-1, яғни шекті табыс п сандары тауардың жалпы табысы мен п-і сандағы тауардың жалпы табысының айырмашылығына тең.

2, 3, 4-бағаналар (6.2-кесте) монополист фирманың өндіріс жағдайларын сипаттаса 5, 6, 7 — сату жағдайларын сипаттайды.

Фирманың рационалды тәртібі оның ең жоғары пайда алуға ұмтылатынын көрсетеді. Сондықтан монополист фирма жалпы табыспен жалпы шығындардың айырмашылығы барынша үлкен болатын баға мен өндіріс көлемін орнықтырады.

Жетілген бәсеке ұғымына және осы жағдайдағы форма тепе-теңдігіне тағы да оралайық. Бұрын көзіміз жеткендей, тепе-теңдік МС = р болғанда болады. Р, яғни баға жетілген бәсеке жағдайында нақты табыс пен сәйкес келеді, сондықтан былай деп жазуға болады: МС = МR = Р фирмаға толық тепе-теңдікке жету үшін, Дж. Робинсон атап өткендей, екі шарт орындалуы керек:

  1. шекті табыс шекті шығындарға тең болуы керек;

  2. баға орта шығындарға тең болуы керек. Ал бұның мәні

МС = МR = Р = AC

Монополист фирманың рыноктағы тәртібі шекті табыстың (МR) және шекті шығындардың (МС) өсіңкілігімен де анықталады. Неге? Өйткені әрбір қосымша өнім жалпы табысқа және бір уақытта жалпы шығындарға да фирма қайсыбір көлемді қосады. Бұл қайсыбір көлемдер шекті табыс пен шекті шығындар. Фирма барлық уақытта осы екі көлемді салыстырып отыру керек. МR мен МС арасындағы айырмашылық жағымды болғанға дейін фирма өндірісті ұлғайта береді.

Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмашылығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]