Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру деңгейінің сапасына әсері

Әлеуметтік саясаттың нәтижелілігі халықтың өмір сүру деңгейінің сапасында көрінеді. Өмір сүру деңгейі – бұл қалыптасқан қажеттіліктерден шығатын тұрғындардың материалдық және рухани игіліктермен қамсыздандырылудың деңгейі. Мұнда қажеттіліктер белсенді сипатта болады, олардың өсуі өмір сүру деңгейін туындатады.

Өмір сүру деңгейін бағалау үшін жан басына шаққандағы тамақтанудың негізгі өнімдерін тұтыну, халықтың өндірістік тауарлармен қамсыздануы, тұтыну құрылымы, еркін және жұмыс уақытының ұзақтығы, табыстардың деңгейі және т.б. сандық көрсеткіштер пайдаланылады.

Айналымдағы көрсеткіштерге тұтынылатын игіліктер мен қызметтердің жалпы көлемі, халықты табыстар мен адам өмірінің жеке жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша бөлу жатады.

Өмір сүру деңгейінің нақты көрініс алу үшін нақты мәліметтермен салыстыруға болатын белгілі стандарт қажет. Мұндай стандарт болып «тұтынушылық қоржын» табылады. Оның құрамына қажеттіліктердің анықталған бөлігін қанағаттандыратын игіліктер мен қызметтердің жиыны кіреді.

Тұтынудың минималды деңгейін қамтамасыз ететін «минималды тұтынушылық қоржынды» және тұтынудың қолайлы ғылыми негізделген құрылымын сипаттайтын «ұтымды тұтынушылық қоржынды» ажыратады. «Минималды тұтынушылық қоржын» белглі бір әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша өмір сүру минимумын анықтау негізінде жатады.

Өмір сүру минимумы – бұл минималды қажеттіліктерді қанағаттандыратын ақшалай табыстың мөлшері. Минималды өмір сүру деңгейінен адамның физиологиялық өмір сүруі үшін қажетті физиологиялық өмір сүру минимумын ажырату жөн.

Өмір сапасының көрсеткіштеріне еңбек қауіпсіздігі мен шарттары, бос уақытты пайдалану мүмкіндігі, экологияның жағдайы, азаматтардың денсаулығы мен физикалық дамуы және т.б. жатады. Әлеуметтік саясаттың нәтижелілігін көрсететін сандық және сапалық көрсеткіштер болып елдегі экномиканың жағдайы, саяси жағдай, географиялық жағдай, қалыптасқан дәстүрлер мен мәдениет табылады.

Өмір сүру минимумының мөлшері статистика бойынша өкілетті органдармен және еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау бойынша өкілеттік органдарымен минималды қажетті азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерге кеткен шығындардың бекітілген үлесіна арттырылған минималды тұтынушылық қоржынның құнының негізінде есептеледі.

Өмір сүру минимумы жыл сайын республика бойынша және аймақтар бойынша орта шамамен:

1) жан басына шаққанда;

2) халықтың жыныс, жас топтары бойынша есетеледі.

Кедейшілік сызығы – экономикалық мүмкіндіктерге сәйкес республикада бекітілетін адамның минималды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті табыстың шекарасы.

Кедейшілік сызығы аз қамсыздандырылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий болып табылады.

Табыстардың мемлекеттік саясатының мәні табыс алушылардың әр түрлі топтарына дифферециацияланған салық салу арқылы және халыққа әлеуметтік төлемдер беру арқылы мемлекеттік бюджет арқылы табыстарды қайта бөлумен анықталады. Мұнда ұлттық табыстың айтарлықтай бөлігі табысы жоғары тұрғындардан төмен табысты азаматтарға өтеді.

Мемлекет бюджет көмегімен табыстарды қайта бөлу арқылы табысы төмен азаматтар топтарының табыстарын жоғарлату мәселесін шешеді, жұмыс күшін қалыпты өндіру үшін қалыпты жағдайлар жасайды, әлеуметтік кернеуліліктің босауына әсерін тигізеді. Табыстарды қайта бөлудегі мемлекеттің мүмкіншіліктері бюджеттік түсімдермен шектеледі. Ұлттық шығындардың салық түсімдерінен көп болуы олардың бюджеттік тапшылық пен инфляцияның өсуінің қуатты факторларына айналуына әкеледі. Мемлекеттік бюджеттің алынған табыстар шамасындағы әлеуметтік шығындарының артуы нарықтық ынталарды күйрететін салықтардың шамадан тыс жоғарлауына әкеледі.

Мемлекет ақшалай табыстардың алғашқы қайта бөлінуіне белсенді түрде араласады және қалыпты жалақының өсуінің жоғарғы шегін белгілейді. Жалақының мемлекеттік реттеудің экономикалық мәні келесідей анықталады: оның өзгеруі жиынтық сұранысқа және өндірістік шығындарға әсер етеді. Табыстар саясаты мемлекетпен өндіріс шығындарын төмендету, ұлттық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, инвестиция салуды ынталандыру, инфляцияны тежеу үшін жалақы өсуін тоқтату үшін қолданылады. Мемлекет антиинфляциялық саясатты жүргізгенде уақытша орталықтандырылған жолмен экономикалық және әлеуметтік дамудың жалпы қажеттіліктерін ескеру арқылы жалақы өсуінің ұзақ мерзімді шегін бекіте алады.

Нарықтық және өтпелі кезең шартындағы табыстар саясатын жүзеге асыру әдістері әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте жалақы көтерілуінің кәсіпорынның қаржылық мүмкіншіліктерімен байланыстыруды реттейтін мемлекеттік бақылау мен әкімшілік шаралардың қолданылуын жоққа шығармайтын үкіметтің қатысуымен жасалған жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еркін келісуімен жасалған әдістер пайдаланылады.

Жеке секторда ірі кооперациялар үкіметтік шектеулермен үйлесіп, еңбекті ақылаудың өз ережелерін (келісім-шарт, контракт) бекітеді. Нарықты экономикалы елдерде жалақыны реттеудің ең тиімді құралы болып еңбекті ақылаудың кепілді минималды көлемін анықтау табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]