Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5.2 Сурет

Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы, бір жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты кебейту тенденциясы туралы ғана екенін есте ұстау керек. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін. Бұл бір жағынан, табыстың жоғарғы деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны төмендетеді. Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенеді, өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз сұраныс пен ұсыныс қисығы бар. Бірақ, оларға бір рет және мәңгілікке берілген деп қарау дұрыс емес. Кейбір факторлардың әсерімен сұраныс пен ұсыныс қисығының жылжуы мүмкін.

Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға қажеттіліктің көрініс ретінде өзгермейді. Егер, әрбір бағада (жоғары, төмен) сатып алушылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы жаздың ыстық күндерінде сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда d1, қисығымен қозғалмаймыз, өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2 (5.3 сурет а).

а

5.3 Сурет

Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін тигізеді. Мысалы: сатып алушылардың орта табыстары өссе, онда басқа тең жағдайларда сұраныс қисығы d1, оңға жоғары ойысады (5.3 сурет а) бағаның сол деңгейіне P1 сұраныстың өскен деңгейі сәйкес келеді.

Ұсынысқа әсер ететін басты фактор — өндіріс шығындары. Сондықтан, егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе ауыл шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады (5.3 сурет б).

Ұсыныстың көлемі тұрақты Р1, бағадан Q1 ден Q2 дейін өседі. Қаралған қисықтар, (өздерін ғана алсақ) баға өзгергенде сатып алу және сатумен не болатынын көрсетеді. Бірақ баға қай деңгейде орнығу керек деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін сұраныс пен ұсыныс қисықтарын бірге алып салыстыру керек. Егер жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты белгілейтін екі графикті бір-біріне беттестірсек, онда бізді қызықтыратын тауардың сұраныс пен ұсыныс тәртібін көрсететін график аламыз. Бір нүктеде екі қисық қиылысады. Қиылысу нүктесінде сұраныс сандық жағынан ұсыныспен тең, ал бағасы тепе-теңдік бағаны көрсетеді. Аса жоғары бағада ұсыныстың сұраныстан артығы пайда болады. Бұл артық ұсыныс сатушылардың арасындағы бәсекенің нәтижесінде бағаның төмендеуіне әсер етеді. Теңдестірілетін бағадан төмен бағада сұраныс ұсыныстан артық болады. Бұл жағдайда сұраныстың артығы мен бәсеке бағаны жоғары кетереді. Тепе-теңдік бағада тұтынушылар сатып алатын өнімдердің саны өндірушілердің рынокқа шығаратын өнімдерінің санына сәйкес келеді. Тек осындай бағада ғана бағаның өсу және кему теңденциялары жоқ болады.

Сонынен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі рынокта тепе-теңдік орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуы мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы жекелеген тепе-теңдік. Рыноктағы бағалардың тауарларға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты

ылғи қозғалыста болатынын есте ұстау керек. Бұл өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және бір уақытта жинақтап қарағанда тепе-теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл жағдай рыноктың жалпы тепе-теңдігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе-теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе-теңдік жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе-теңдік жағдайында шаруашылық жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып алушы — өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе-теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды.

Ол қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология, өндірушілер мен тұтынушылардың күткендері мен таңдағандары өзгеруі керек. Әрине, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі теориялық абстракция, өйткені нақты шаруашылық тәжірибеде мұндай сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда нақ осы абстракция рыноктық механизмнің қызмет істеуінің аса маңызды заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және тепе-теңдік бағасының құрылу механизмінің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық механизмнің қарапайым қызмет етуін жалпы тепе-теңдікке жетудің аса маңызды шарт екенін сипаттайды. Экономикалық еркіндік деңгейі біріншіден, кәсіпкерлік еркіндігі, екіншіден, сатушылар мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден, ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына ауыстыру еркіндігі, төртіншіден, баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы экономикалық еркіндік рынокқа езгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және жекелей де жалпы да тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]