- •Экономикалық теория
- •1 Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері
- •1.1 Экономикалық теорияның пәні және функциялары
- •1.2 Экономикалық теорияның пәні
- •1.3 Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
- •1.3 Сурет
- •1.4 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
- •1.6 Ғылыми абстракция әдісі
- •1.4 Сурет
- •1.5 Бақылау, модельдеу
- •1.7 Анализ және синтез
- •1.5 Сурет – Анализ және Синтез
- •Индукция және дедукция
- •1.6 Сурет - Индукция және дедукция
- •1.8 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
- •2 Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер
- •2.1 Сурет - Қазіргі өндірістің басты элементтері
- •2.1 Өндірістің адамдық факторы
- •2.2 Сурет
- •2.2 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор
- •2.3 Сурет - Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың айырықша белгілері
- •2.4 Сурет
- •2.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті
- •2.4 Өндіріс құралдары
- •2.5 Сурет - Өндіріс құралдарының негізгі түрлері
- •2.7 Сурет - Тауарларды инвестициялық және тұтынушылыққа бөлу
- •2.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы
- •2.8 Сурет
- •2.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері
- •2.9 Сурет - Негізгі қорларды актив және пассивке бөлу
- •2.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану
- •2.10 Сурет - Капитал айналымының уақыт құрылымы
- •2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары
- •2.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары
- •2.9 Өндірістің ақпараттық факторы
- •2.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде
- •2.11 Сурет
- •2.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым
- •2.12 Өндірістің экологиялық факторы
- •3 Қоғамдағы экономикалық қатынастар
- •3.1 Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру
- •3.1.1 Меншік қатынастары жӘне олардың құрылымы
- •3.2 Меншіктің негізгі түрлері және формалары
- •3.3 Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы
- •3.4 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары
- •3.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты
- •3.5 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция
- •Инфляция
- •3.5 Сурет - Ифляцияның негізі түрлері
- •3.6 Сурет - Инфляцияның екі типі
- •3.6 Құн заңы — тауар өндіріс заңы
- •3.7 Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы
- •3.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері
- •4 Рыноктық қатынастар теориясы
- •4.1 Рыноктық қатынастарды талдаудағы формациялық және өркениеттік бағыттар
- •4.1.1 Қоғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны
- •4.2 Рыноктық экономиканың даму кезеңдері
- •4.3 Қоғамдық дамудың Өркениеттік теориясы
- •4.4 Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері
- •4.5 Рынок инфрақұрылымы
- •5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
- •5.1 Рынок ұғымы
- •5.2 Баға, сұраныс және ұсыныс
- •5.2 Сурет
- •5.3 Сурет
- •5.3 Сұраныс пен ұсысыс икемділігі
- •5.4 Сурет
- •5.5 Сурет
- •6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымдардың негізгі типтері
- •6.1 Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері
- •6.2 Пайданы барынша көбейту
- •6.3 Олигополия
- •6.4 Монопсония
- •7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және оның өлшемі
- •7.1 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
- •7.2 Жалпы ұлттық өнім (ж. Ұ. Ө.)
- •8 Макроэкономикалық реттеу
- •8.1 Реттеудің негізгі мақсаттары мен бағыттары
- •8.1.1 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мӘні мен мақсаты
- •Сурет 8.2 - Нарықтық экономиканың мемлекеттік басқарылуы
- •8.2 Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
- •8.3 Мемлекеттің қаржы-бюджет саясаты
- •8.3.1 Мемлекеттік бюджет,оның мәні,рөлі.Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістері
- •8.4 Мемлекеттің дискрециондық фискалдық саясаты
- •8.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы
- •9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
- •9.1 Әлеуметтік саясат түсінігі, әлеуметтік қорғау жүйелері
- •9.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру деңгейінің сапасына әсері
- •9.3 Қазақстан аймақтарының дамуындағы әлеуметтік саясаттың міндеті
- •Әдебиет Мазмұны
- •5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
- •6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы
- •7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және
- •8 Макроэкономикалық реттеу
- •9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
4.2 Рыноктық экономиканың даму кезеңдері
Шаруашылықты рыноктық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған ғасырларға созылғанымен, бірақ та ол адамзат қоғамының даму тарихынан қысқа. Алғашқы қауымда материалдық негіз — қоғамдық еңбек бөлінісі және қосымша өнім болмағандықтан рыноктың өмір сүру қажеттігі болмады. Өндіріс құралдарын жетілдіру және еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде артық өнім, онымен қоса айырбас пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі өндіргіш күштердің дамуына және адамдардың өмір сүруінің қажетті жағдайы ретінде рыноктық айырбасты қалыптастырады.
Адамзат қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдерде шаруашылықты рыноктық ұйымдастырудың маңызы әр қилы болды. Ежелгі дүниеде және орта ғасырларда орасан зор натуралды шаруашылық аймақтарымен қатар, жергілікті рыноктар құрылды. Жергілікті рыноктар арасыңда жай және кездейсоқ айырбас процесі қалыптаса бастады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі рыноктық эконо-миканың көптеген жаңа сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай жасады. Рыноктың дамуы тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті рьшоктардың арасындағы байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық рыноктың қалыптасуына жол ашты.
Рынок дегеніміз тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын айқыңдайтын және тауарларды өткізуді жүзеге асыратын айырбас сферасындағы қатынастардың жиынтығы. Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы рыноктық қатынастардың элементтері: баға, сұраныс және ұсыныс, бәсеке болады.
Рыноктың маңызды қызметі (функциясы) еңбек шығынын, мөлшерін, көлемін және қоғамдық қажеттіліктерді айқындау. Рынок арқылы өндіріс құралдарын және еңбекті салаларға бөлу, сонымен қатар еңбек өнімділігін ынталандыру және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге асырылады. Қоғамдық өндірістің реттеушісі ретінде рынок өндірілген тауарлар қүрылымын қоғамдық қажеттіліктер құрылымына және көлеміне сәйкестендіреді.
Жеке меншік рыноктық шаруашылықтың экономикалық негізі болып табылады. Біріншіден, жеке меншік пен рыноктық механизм өндіргіш күштердің даму жолына кедергі болған жоқ, өз ішінен ғылыми-техникалық революцияның дамуы үшін бұрын болмаған кеңістік ашты және тез дамуына жағдай жасады. Екіншіден, экономикалық қатынастар қатып қалған, қозғалмайтын қүбылыс емес. Экономикалық қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер мен азаматтық қоғамның әр түрлі институттары сияқты көптеген факторлардың әсерін өзіне қабылдай отырып, тұрақты қозғалыста болады.
Өндіріс құралдарына жеке меншік өндірушілердің қоғамдық байланысының ерекше формасын қамтамасыз етеді. Сату, сатып алу жолымен айырбастау, яғни шаруашылықты рыноктық үйымдастыру. Рынок адамзаттың ерекше өнертабысы болды, әрі қоғамдық қажеттіліктерді барынша айқындады.
4.3 Қоғамдық дамудың Өркениеттік теориясы
Экономикалық, мәдени, саяси байланыстардың өрістеуі нәтижесінде экономикалық, әлеуметтік, саяси формалар-дың (институттардың) біртектілігі (гомогеңдігі) күшейіп, халықтардың мәдени, ұлттық және діни салалардағы өзіндік ерекшеліктерін сақтауға ұмтылысы артады. Жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың оптимальды және тиімді механизмдерін айқындау процесі жүріп, жалпы адамзат игіліктерінің ортақтығы планетарлық өркениетті қалыптастырары даусыз айқын бола бастады. Сонымен бірге мұның өзі қоғамдық дамудың өркениетті теориясы қалыптасуының алғашқы кезеңі екенін де ескеруіміз керек. Мұндай теорияның қажеттілігі айқын сезілуде. Жоғарыда да атап өткендей, жалпы әлеуметтік және экономикалық мәселелердің кепшілігін дүрыс түсіндіргенімен, формациялық теория қазіргі күнгі түбірлі мәселелерді шешудің жолдарын іздестіруге негіз бола ал-майды.
Бүл халықаралық қатынастар саласы, қазіргі әлемдік мәселелер, экономикалық жаңғырту (реформа) және т. б. проблемалар.
Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясын жасау жолындағы аса маңызды мәселелердің бірі — жүйе айқындаушы белгілерді іздеу болып табылады. Өркениетті тәсілдердің (бағдардың) негізінде адамзаттың негізгі мәселелерінің жалпы әлемдік сипат алуы және де өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктің күшеюінің нақтылы фактілері, жалпы адамзаттық игіліктердің таптық, топтық, үлттық мүдделерден артықшылығын жете түсіну құбылысы жатыр. Шаруашылық өмірдің халықаралық сипат алуы, интеграциялық құбылыстардың дамуы материалдық және рухани өмірдегі қоғамдық универсалды формаларын айқындап, оларды дұрыс түсінуге мүмкіндік тудырады да, бүларға ең алдымен, жеке меншік институты (қүқығы) және оның нарықтық іс-әрекет ету механизмі, саяси қүры-лымдардың демократиялық принциптері, адамгершілік игіліктер мен адам қүқығы жатады. Сонымен өркениетті теория материалдық және рухани дамудың бірлігін айқындаушы белгілі бір формалар мен принциптердің жал-пылама және универсалдылығын мойындаудан туындайды. Бұдан өркениетті бір жүйелілік функционалды, яғни іс-әрекеттік немесе өзара әрекеттесуші және мән құраушы (яғни, мән-мазмүндық) сипаты бар екенін көреміз.
Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, мамандану мен кооперациялық байланыстар белгілі дәрежеге жетіп, қоғамдық ұдайы өндіріс циклдерінің үндеушілігі дүние-жүзілік экономиканың нақты сипатына айналады.
Бұл өндірушілер мен түтынушылар арасындагы негізінен рыноктық байланысқа құрылған бір үдай іс-әрекет етуші экономикалық организм — біртұтас бүкіл әлемдік ұдайы өндіріс процесін қалыптастыруға алып келеді.
Сонымен қатар, адамдардың өзіңдік қоғамдық және адами болмысын терен түсінуге ықпал ететін күштердің ортақ сипаттарының күшейгені байқалады. Бұл сипаттардың негізін адамдар іс-әрекетіне белгілі мән бере алатын және олардың мақсаты мен бағдарын айқындаушы қабілеті бар жалпы адамзаттық қүндылықтар қалайды. Жалпы адамзаттық құндылықтар өркениеттіліктің іргетасын құрайтын объективті категориялар. Өркениеттің қазіргі типі ортағасырдың соңын ала қалыптаса бастады, ол кезеңде адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынас та алдыңғы қатарда техниканы, технологияны қолдануы, іс-әрекет, тәжірибеде пайдаланыла бастады.
Бүл өркениет техногендік деген атау алып, адамның қоғамдағы жаңа жағдайын, ең алдымен, теңдікті қамтамасыз ету мен жеке іс-әрекеттің еркіңдігін талап етеді. Соған қарамастан, жеке іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде рынок заңдарының ықпалымен бәсекелестік нәтижесінде нақтылы теңсіздік пен тәуелділік көрініс береді. Бірақ та қоғамдық санадағы теңдік және еркіндік принциптерінің орнығуы, институциялық формалар (қүқықтық және саяси) мен қоргау шараларының қалыптасуы техногеңді өркениеттің өзіндік туындысы ретінде бүл қоғамдық емірдің принциптерін сақтауға мүмкіндік береді. Бүл өркениеттің қалыптасуыңда капитализмнің рөлі күшті екені даусыз. Техногендік өркениеттің рынок, жеке меншік, бәсеке, жалдамалы еңбек сияқты белгілері соның жүйесінде дамыды. Қоғамдық дамудың мәнін айқыңдаушы факторлардың мазмүны мен рөлінің (орнының) күшеюі экономикалық рыноктық механизмі, іс-әрекет сақталып отырғанымен де адамдардың емір сүру жағдайлары тек қана экономикалық қатынастардың жүйесімен ғана емес, көп жағдайда, өндірістік қатынастарға сыртқы фактор болып есептелетін қатьшастармен де анықталады. Сол себепті қазіргі Батыс елдеріне тән әлеуметтік әділеттік принципі, табысы ең аз топтар мүддесі үшін қайта бөлу, әр түрлі топтық мүдде-лерді еркін қорғау мүмкіңдігін және оларды мемлекеттік саясатта үйлестіріп отыру жағын капиталистік қоғамның артықшылықтарымен түсіндіруге әсте болмайды. Рынок өз мәнін экономикалық әрекеттердің универсалды әрі өте тиімді әдісі ретінде сақтай отырып, қоғамдық дамудың гуманистік принциптерінен туыңдайтын жаңа факторлардың өзгертуші әсеріне бейімделуі тиіс. Сонымен, "Рынок экономикасы" адамзаттың экономика-лық тарихындағы сапалы өзгеріс. Бүл жерде өндірушінің монополиялық статусы жойылып, ол сатып алушы (түты-нушының) рыногға айналады. Өндіруші (сатушы) өз алдына рынок құра алмайды. Рынок тек қана ерікті, өзінің тұтыну пайдасын таңдап алушы, сатып алушы болғанда ғана құрылады.
