- •Экономикалық теория
- •1 Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері
- •1.1 Экономикалық теорияның пәні және функциялары
- •1.2 Экономикалық теорияның пәні
- •1.3 Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
- •1.3 Сурет
- •1.4 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
- •1.6 Ғылыми абстракция әдісі
- •1.4 Сурет
- •1.5 Бақылау, модельдеу
- •1.7 Анализ және синтез
- •1.5 Сурет – Анализ және Синтез
- •Индукция және дедукция
- •1.6 Сурет - Индукция және дедукция
- •1.8 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
- •2 Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер
- •2.1 Сурет - Қазіргі өндірістің басты элементтері
- •2.1 Өндірістің адамдық факторы
- •2.2 Сурет
- •2.2 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор
- •2.3 Сурет - Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың айырықша белгілері
- •2.4 Сурет
- •2.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті
- •2.4 Өндіріс құралдары
- •2.5 Сурет - Өндіріс құралдарының негізгі түрлері
- •2.7 Сурет - Тауарларды инвестициялық және тұтынушылыққа бөлу
- •2.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы
- •2.8 Сурет
- •2.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері
- •2.9 Сурет - Негізгі қорларды актив және пассивке бөлу
- •2.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану
- •2.10 Сурет - Капитал айналымының уақыт құрылымы
- •2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары
- •2.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары
- •2.9 Өндірістің ақпараттық факторы
- •2.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде
- •2.11 Сурет
- •2.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым
- •2.12 Өндірістің экологиялық факторы
- •3 Қоғамдағы экономикалық қатынастар
- •3.1 Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру
- •3.1.1 Меншік қатынастары жӘне олардың құрылымы
- •3.2 Меншіктің негізгі түрлері және формалары
- •3.3 Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы
- •3.4 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары
- •3.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты
- •3.5 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция
- •Инфляция
- •3.5 Сурет - Ифляцияның негізі түрлері
- •3.6 Сурет - Инфляцияның екі типі
- •3.6 Құн заңы — тауар өндіріс заңы
- •3.7 Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы
- •3.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері
- •4 Рыноктық қатынастар теориясы
- •4.1 Рыноктық қатынастарды талдаудағы формациялық және өркениеттік бағыттар
- •4.1.1 Қоғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны
- •4.2 Рыноктық экономиканың даму кезеңдері
- •4.3 Қоғамдық дамудың Өркениеттік теориясы
- •4.4 Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері
- •4.5 Рынок инфрақұрылымы
- •5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
- •5.1 Рынок ұғымы
- •5.2 Баға, сұраныс және ұсыныс
- •5.2 Сурет
- •5.3 Сурет
- •5.3 Сұраныс пен ұсысыс икемділігі
- •5.4 Сурет
- •5.5 Сурет
- •6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымдардың негізгі типтері
- •6.1 Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері
- •6.2 Пайданы барынша көбейту
- •6.3 Олигополия
- •6.4 Монопсония
- •7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және оның өлшемі
- •7.1 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
- •7.2 Жалпы ұлттық өнім (ж. Ұ. Ө.)
- •8 Макроэкономикалық реттеу
- •8.1 Реттеудің негізгі мақсаттары мен бағыттары
- •8.1.1 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мӘні мен мақсаты
- •Сурет 8.2 - Нарықтық экономиканың мемлекеттік басқарылуы
- •8.2 Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
- •8.3 Мемлекеттің қаржы-бюджет саясаты
- •8.3.1 Мемлекеттік бюджет,оның мәні,рөлі.Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістері
- •8.4 Мемлекеттің дискрециондық фискалдық саясаты
- •8.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы
- •9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
- •9.1 Әлеуметтік саясат түсінігі, әлеуметтік қорғау жүйелері
- •9.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру деңгейінің сапасына әсері
- •9.3 Қазақстан аймақтарының дамуындағы әлеуметтік саясаттың міндеті
- •Әдебиет Мазмұны
- •5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
- •6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы
- •7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және
- •8 Макроэкономикалық реттеу
- •9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және оның өлшемі
Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.
7.1 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
Кеңес елінің саяси экономиясында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірістен тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды.
Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т. б.
Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің терөңдеуі, қоғамның бүкіл-әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де, көп салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс орғанизмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар мен ұйымдастырушыларды, қаржы-несие мәселелері, маркетинг т. б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің кандай да болмасын жолдарының теориялық негізін жоюда.
Материалдық емес игіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы — жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатынасады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.
Жалпы қоғамдық Өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы десек, онда тек материалдық өндірісте еңбек ететіндердің қоғамдық еңбегі — қазіргі экономиканың жағдайын сипаттайтын өлшем деп айтуға болмайды.
Жалпы қоғамдық өнім көрсеткішінде еңбек заттары қайталама (екінші рет) есептеліп отыр, яғни шикізат материалдар, аспаптар, отын, энергия. Мұндай қайталама есеп біртекті еңбек заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында есептеуіне байланысты орын алды.
Бір айта кететін жағдай, батыс статистикасында қайталама есепте үстеме құн көрсеткішін пайдаланады, соңғысы болса бір фирманың екінші бір фирмадан материалдар мен қызмет көрсетуді сату және сатып алуымен байланысты көрсеткіш.
Кеңестік экономикалық статистикада қайталама есепті болдырмау үшін түпкі өнім көрсеткішін пайдаланып келді. Бұл көрсеткіш жеке және қоғамдық өндірістік емес заттарын, инвестициялық қаражатты қамтиды. Түпкі өнім элементтері осы жылғы қайтадан өңдеуге түспейді. Түпкі өнімді жалпы өнім көлемінен еңбек заттарының айналымын шегеру арқылы да анықтауга болады. Сонымен қатар, оның құрамында затталған еңбек құралдары шығынының бір бөлігі бар, ол өзінің экономикалық қызметі бойынша еңбек құралдарын жаңартудың көзі болып табылады, яғни амортизация көзі.
Қоғамдық таза Өнім, жалпы өнім, одан жыл бойы жұмсалған өндіріс құрал-жабдықтарының орнын толтыруға пайдаланатын амортизация жарнасын машиналар, жабдықтар, транспорт құралдары, әр қилы өндірістік объектілер құнынан, тұтынылған шикізат, отын, қосымша материалдар құнынан шегеріп тастағанда қалған бөлігі. Осыдан байқауға болады, таза өнім өзінің заттық мазмұны бойынша өндірісті ұлғайтуға арналған, жеке тұтыну заттары мен өндіріс құрал-жабдықтары, т. ө. — амортизация жарнамасы (АЖ) = Т.Ө. Сонымен қатар, таза өнім осы жылда жұмсалған еңбектің нәтижесі. Осымен байланысты экономикалық теория мен экономикалық статистика оны қоғамның бір жыл ішінде өндірілген құны немесе ұлттық табыс деп атайды.
Заттық мазмұны бойынша бұл тұтыну заттары мен құрал-жабдықтардың бір бөлігінің жиынтығы, түпкі пайдалану фазасында тұтыну қоры мен жинақ қорын құрайды.
Ұлттық табыс, елдің экономикалық дамуының қорытынды көрсеткіші, қоғамның өндіргіш күштерін, оның экономикалық құрылымын ұлғаймалы ұдайы өндірістің бір жылдық нәтижесін сипаттайды. Ол ақшалай формада есептеледі.
Ұлттық табыстың абсолюттік мөлшері аса маңызды. Бұл қоғамдық өндірістің нақты нәтижесі, осы мерзімдегі халықтың әл-ауқаты дәрежесі мен қоғамның болашақта экономикалық даму мүмкіндігін сипаттайды. Ұлттық табыс қоғамдық өнімінің 50 процентін құрайды (қайталама есеп орын алмайды). Ол қоғамның түпкі өнімінен амортизация сомасына, шамамен 8—10 процентке кем. Ұлттық табыстың физикалық мағынада өсуі, біріншіден, қоғамдағы жұмсалған еңбек шығынының мөлшеріне тәуелді, яғни қызметшілердің саны мен еңбек қарқындылығына байланысты. Екіншіден, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне тәуелді. Ұлттық табыстың қозғалысы қоғамдық ұдайы өндірістің мынадай сатылары арқылы жүзеге асады: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну, пайдалану. Өндіріс сатысында ұлттық табыс қоғамдық өнім өндіретін барлық салалардың таза өнімі (таза табыс), бөлу (қайта белу) сатысында — әр қилы алғашқы және қайталама табыстар, айырбас сатысында — өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары түріндегі тауарлар сомасы, тұтыну (пайдалану) сатысында — түпкі табыстар тұтыну және қор жинау мақсатында жұмсалады.
Ұлттық табысты зерттеумен әр қилы бағыттағы экономистер айналысты. XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын экономисі У. Петти 1664 жылы капиталистік қоғамның табыстарын және оны бөлуге, талдау жасауға әрекет жасады. Ол сол кезеңдегі Англия халқының табыс және шығыс балансын жасады. Ол ұлттық табысты есептеп шығара отырып, оның бүкіл халықтың, жерден, үйлерден, капиталдан және еңбек шығындарынан түсетін табыстар сомасы деп анықтады.
Ұдайы өндіріс пен ұлттық табыс мәселелерін А. Смит пен Д. Рикардо да зерттеді. Олар бүкіл қоғамдық өнім құнын қоғамның табыстарының сомасы (қосындысы) дей отырып, одан өнім құнына ауысқан өндіріс құрал-жабдықтарының құнын шегеріп тастаған.
Швейцария экономисі Симон де Сисмонди осындай көзқараста. Ол қоғамның жылдық өнімі мен ұлттық табыс айырмашылығын көрсетпеді.
Француздық Ж. Б. Сэй болса құн мен пайдалылық өндірістің үш факторының еңбек, капитал және жер қызметінің нәтижесі деді. Табыс келтіруші кез келген адам ұлттық табысты өндіреді деп қорытындылады.
Қазіргі батыс экономистері бұрынғы экономистердің ең алдымен Ж. Б. Сэйдің ұлттық табысты өндірістің әр қилы және бірдей құқылы факторлары өндіреді деген пікірін басшылыққа алуда. Американдық экономист Дж. Б. Кларк өзінің шектеулі өнімділік теориясында "қоғамдық табысты бөлу табиғи заңмен басқарылады" және "бұл заң... әрбір өндіріс факторына осы фактордын өзі өндірген байлықтар сомасын (қосындысын) береді" деп көрсетті. (Дж. Б. Кларк. "Байлықты бөлу". Соцэкгиз., 1934, 35-бет). Мұндай тұрғыдан қараудың мәні, кез келген іс-әрекеттің түрі табыс әкеледі, әрбір табыс алушы кәсібі мен қызмет түріне байланыссыз оның жасаушысы. Бұған мемлекеттік чиновниктер, әскери қызметшілер, діни қызметшілер т. б. қосылады.
Американдық статистика ұлттық табысты өндіруге қатысушы факторлардың барлық иегерлерінің табыстарының сомасы деп анықтайды, яғни жалақы қорының, капитал иесінін пайдасының және жер иелерінің ренталарының сомасы (қосындысы). Ұлттық табыс жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) жанама салықтар мен негізгі капитал құнына амортизациялық жарна мөлшеріне кем. Біздің еліміздің бірқатар оқымыстылары әлі де ұлттық табыста полицияның, әскерлердің, заң қызметкерлерінің, бұқаралық хабарлама қызметкерлерінің табыстарын қосып есептеу экономикалық тұрғыдан ешбір негізсіз деп көрсетуде. Дәстүрлі маркстік саяси экономия тұрғысынан бұл мамандықтар коғамдық өндіріс процесіне тікелей қатынасы жоқ, тек ерекше қызмет көрсетумен шектеледі. Осы ғалымдардың пікірі бойынша мұндай есептеу әдісі табыстарды қайталама есептеу негізінде ұлттық табысты жасанды көбейтіп, шамамен 20—30 процентке артық көрсетеді.
