Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7.2 Жалпы ұлттық өнім (ж. Ұ. Ө.)

Батыстық экономикалық теория мен статистика бойынша жалпы ұлттық өнім көрсеткіші материалдық және материалдық емес өндірістегі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың табыстарынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге амортизация жарнасы да енеді, соңғысы болса пайдаланылған еңбек құралдарының құнының дайын өнімге ауысу жолымен құралады.

Жалып ұлттық Өнімнің белгілі модификациясы — жалпы ішкі өнім көрсеткіші болып табылады. Жалпы ішкі Өнім, белгілі бір ел шеңберінде кәсіпорындар мен қызметкерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтиды. Жалпы ұлттық өнім → жалпы ішкі өнімнен сол елдің ресурстарын шет елде пайдаланудан түскен табыстар сомасында (проценттер, дивиденділер, жалақы т. б.) көп болады. Мысалы маусымды жұмысшылардың жалақысы жұмыс істеп жүрген елдің жалпы ішкі өнімінде есептеледі және олардың тұрақты тұратын елінің жалпы ұлттық өнімінде де есептеледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық қызмет ету орны жалпы ішкі өнімді ұлттық есептер жүйесін жасауда негізгі көрсеткіш ретінде пайдаланады. 1988 жылдан бері жалпы ұлттық өнім көрсеткіші біздің елімізде де осы Біріккен Ұлттар Ұйымының методологиясы бойынша есептеліп, халықаралық салыстыруға пайдаланып келеді.

Жалпы ұлттық өнім ағымдағы, рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек, яғни баға индексін қолдану керек, сөйтіп жалпы ұлттық өнімнің нақты құнын білуге болады. Номиналды жалпы ұлттық өнімінің нақты ұлттық өнімге қатынасы бағаның көтерілу есебін жалпы ұлттық өнімнің өсуін көрсетеді және оны жалпы ұлттық өнім елшеуде батыстық экономистер мен статистика қоғамдық өндірістің ұлғаймалы концепциясына сүйенеді. Жалпы ұлттық өнім материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметті ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т. б. қамтиды. Жалпы ұлттық өнімді "сол елдің өндіре алатын тауарлары мен қызметінің жиынтық санын дәлірек сипаттайтын өлшем ретіңде батыс экономистері оны өлшеудің екі әдісін ұсынды:

Өнім ағымының Әдісі. Жалпы ұлттық өнім белгілі уақыт кезеңіндегі қоғамның қарамағындағы игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Жалпы ұлттық өнім көлемі бір жылда өндірілген өнімнің ақшалай есептегендегі сомасы. Бұл көрсеткішке мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетуге және жеке инвестицияға шығындары да енеді.

Сонымен, жалпы ұлттық өнім осы әдіспен анықталғанда тауарлар сатып алу, қызмет көрсету және жеке инвестицияларға жұмсалған мемлекет шығындарының қосындысы.

Табыстар мен шығындар ағымы Әдісі. Жалпы ұлттық өнім жеке адамдар мен кәсіпорындардың табыстарының сомасын құрайды (жалақы, процент, рента және пайда) және өндіріс факторларының орнын толтыру сомасы ретінде анықталады. Оған жанама салықтар, амортизация жарнасы да кіреді. Жалпы ұлттық өнім халық шаруашылығы табыстарының сомасы ретінде де анықталады.

Екі әдістің екеуі де бірдей бағалы.

Жалпы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнім жиынтық өлшем қозғалысын сипаттайтын ұлттық есептеу жүйесінің бір ғана көрсеткіші емес.

Бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара байланысын көрсетуге болады (жақшадағы бейнелеу ағылшын тілінде):

- жалпы ұлттық өнім (СNР)— амортизация;

- таза ұлттық өнім (NNР)— кәсіпорындарға жанама салық;

- ұлттық табыс (N) — әлеуметтік сақтандыру жарнасы корпорациялар табысына салық — корпорациялар пайдасын қайта бөлу — транспорт төлемдері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]