- •Экономикалық теория
- •1 Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері
- •1.1 Экономикалық теорияның пәні және функциялары
- •1.2 Экономикалық теорияның пәні
- •1.3 Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
- •1.3 Сурет
- •1.4 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
- •1.6 Ғылыми абстракция әдісі
- •1.4 Сурет
- •1.5 Бақылау, модельдеу
- •1.7 Анализ және синтез
- •1.5 Сурет – Анализ және Синтез
- •Индукция және дедукция
- •1.6 Сурет - Индукция және дедукция
- •1.8 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
- •2 Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер
- •2.1 Сурет - Қазіргі өндірістің басты элементтері
- •2.1 Өндірістің адамдық факторы
- •2.2 Сурет
- •2.2 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор
- •2.3 Сурет - Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың айырықша белгілері
- •2.4 Сурет
- •2.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті
- •2.4 Өндіріс құралдары
- •2.5 Сурет - Өндіріс құралдарының негізгі түрлері
- •2.7 Сурет - Тауарларды инвестициялық және тұтынушылыққа бөлу
- •2.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы
- •2.8 Сурет
- •2.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері
- •2.9 Сурет - Негізгі қорларды актив және пассивке бөлу
- •2.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану
- •2.10 Сурет - Капитал айналымының уақыт құрылымы
- •2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары
- •2.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары
- •2.9 Өндірістің ақпараттық факторы
- •2.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде
- •2.11 Сурет
- •2.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым
- •2.12 Өндірістің экологиялық факторы
- •3 Қоғамдағы экономикалық қатынастар
- •3.1 Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру
- •3.1.1 Меншік қатынастары жӘне олардың құрылымы
- •3.2 Меншіктің негізгі түрлері және формалары
- •3.3 Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы
- •3.4 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары
- •3.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты
- •3.5 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция
- •Инфляция
- •3.5 Сурет - Ифляцияның негізі түрлері
- •3.6 Сурет - Инфляцияның екі типі
- •3.6 Құн заңы — тауар өндіріс заңы
- •3.7 Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы
- •3.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері
- •4 Рыноктық қатынастар теориясы
- •4.1 Рыноктық қатынастарды талдаудағы формациялық және өркениеттік бағыттар
- •4.1.1 Қоғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны
- •4.2 Рыноктық экономиканың даму кезеңдері
- •4.3 Қоғамдық дамудың Өркениеттік теориясы
- •4.4 Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері
- •4.5 Рынок инфрақұрылымы
- •5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
- •5.1 Рынок ұғымы
- •5.2 Баға, сұраныс және ұсыныс
- •5.2 Сурет
- •5.3 Сурет
- •5.3 Сұраныс пен ұсысыс икемділігі
- •5.4 Сурет
- •5.5 Сурет
- •6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымдардың негізгі типтері
- •6.1 Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері
- •6.2 Пайданы барынша көбейту
- •6.3 Олигополия
- •6.4 Монопсония
- •7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және оның өлшемі
- •7.1 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
- •7.2 Жалпы ұлттық өнім (ж. Ұ. Ө.)
- •8 Макроэкономикалық реттеу
- •8.1 Реттеудің негізгі мақсаттары мен бағыттары
- •8.1.1 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мӘні мен мақсаты
- •Сурет 8.2 - Нарықтық экономиканың мемлекеттік басқарылуы
- •8.2 Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
- •8.3 Мемлекеттің қаржы-бюджет саясаты
- •8.3.1 Мемлекеттік бюджет,оның мәні,рөлі.Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістері
- •8.4 Мемлекеттің дискрециондық фискалдық саясаты
- •8.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы
- •9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
- •9.1 Әлеуметтік саясат түсінігі, әлеуметтік қорғау жүйелері
- •9.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру деңгейінің сапасына әсері
- •9.3 Қазақстан аймақтарының дамуындағы әлеуметтік саясаттың міндеті
- •Әдебиет Мазмұны
- •5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
- •6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы
- •7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және
- •8 Макроэкономикалық реттеу
- •9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
5.3 Сұраныс пен ұсысыс икемділігі
Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді. Сұраныс қисығының үш нұсқасын қарайық (5.4-сурет). Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе, сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады. Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлық уақытта бағаны сатылған тауарлардың санына кебейткенге немесе Р х 0 көбейтіндісіне тең. 5.4 а-суретте бағаның екі рет құлдырауы, сұраныстың да екі рет өскенін, ал жалпы саудадан түсімнің өзгермегендігін сипаттайды. 5.4 б-суретінде бағаның үш рет төмендеуі сатып алудың екі рет кана өсуімен қосарланды және жалпы саудадан түсіргені кеміді. Басқа жағдай 5.4 в-суретінде көрсетілген. Саудадан түсім өседі, өйткені баға кемігендіктен сұраныс көп өсті.
Рыноктағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні немесе баға өскенде кемитіні бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды.
5.4 Сурет
Сұраныс икемділігінің бағаға байланысты коэффициенті (Ed), сұраныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырған бағаға өзгерісіне қатынасын көрсетеді.
Ed = ∆Q1/Q : ∆P/P
Икемділік коэффициенті тауарға сұраныстың мөлшері тауар бағасы бір процентке өзгергенде қанша процентке өзгеретінін
көрсетеді. Бағаның кемуі дәлме-дәл сұраныстың өсуімен өтелгенде, ал жалпы саудадан түсірген сома өзгермегенде (5.4 а-сурет), сұраныстың бірлік икемділігі туралы әңгіме болады.(Ed=1). Ал бағанын кемуі сұраныстың аз өсуін шақырса (5.4 б-сурет), сұраныс икемділігі (Ed<1) Бағаның кемуі сұраныстың артық өсуін шақырса (5.4 в-сурет), онда сұраныстың икемділігі туралы айтамыз: Ed >1.
Сұраныстың икемділігі туралы пайымдаулар жалпы бағаның ұсынысқа әсерін талдағанда да қолдануға болады. Ұсыныстың иілімділілігі ол рынокқа шығарылған тауарлардың санының бәсекелік бағаның салыстырмалы өзгеруіне сәйкес салыстырмалы өзгеруінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Es) ұсыныстың өзгеруінің осы өзгерісті шақырған баға өзгеріске қатынасын көрсетеді.
Es = ∆Q4/Q : ∆P/P
5.5 суретте әр түрлі икемділіктегі ұсыныстың үш сызығы көрсетілген. Тауар ұсынысының икемділігі көп факторларға тәуелді: әр түрлі кәсіпорындардағы жекелеген шығындардың жіктелуінен, өндірістік қуаттардың толық істеуінен, еркін жұмыс күшінің болуынан, капиталдың бір саладан екінші салаға тез ауысуынан және т. б.
5.5 Сурет
Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі туралы айтқанда, яғни баға өзгергенде сұраныс пен ұсыныстың қанша өзгеретіні туралы айтқанда, біз бұл өзгерістер бір уақытта болатынын, сондықтан уақыт икемділіктің бір факторына айналатынын еске сақтауымыз керек. Осыған байланысты рынок тепе-теңдігі түсінігін сұраныс пен ұсыныстың келісуін уақытты есепке ала отырып талдауымыз керек.
Сонымен, ұсыныс икемділігі қаралып отырған уақыт кезеңі ұлғайған сайын өседі, ал ол қарапайым бағалардың қалыптасуына жәрдемдеседі. Сұраныс пен ұсыныстың илікпелікке керісінше мән ретінде анықталуы бағаның икемділігі ұғымына байланысты. Ол сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінің бағаға әсерін білдіреді. Сұраныс әңгіме болғанда, әрине, төлем қабілеті бар сұраныс туралы болады. Сондықтан, жоғарыда көрсеткендей сұранысқа әсер ететін аса маңызды факторлардың бірі табыстар деңгейі. Табыстар өзгергенде тауарларға сұраныс та әрқалай өзгереді. Бұл жағдайда табысқа байланысты сұраныстың икемділігі туралы айтамыз. Мысалы бәрімізге жақсы белгілі, сатып алушылардың табыстарының өзгеруі, азық-түлік тауарларын сатып алуға, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға көп әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, өнеркәсіп тауарларына сұраныс илікпелігі әдетте үлкен болады.
Икемділік коэффициенті табыстың сұранысқа әсерімен анықталады.
E¹d = ∆Q4/Q : ∆L/L
бұл жерде Ed - сұраныс икемділігінің табысқа байланысты коэффициенті;
е - сатып алушылардың табысы.
Тауарлардың басым бөлігінде табыстар мен сұраныстың арасындағы тікелей тәуелділік бар, яғни табыс өсуімен сұкөбейеді.
