Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.3 Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы

Акциялардың, облигациялардың және басқа құнды қағаздарды шығаруы және сатылуы құнды қағаздардың жүйелі нарығын тудырады. Бұл нарыққа негізгі ­ қатысушылар: 1) инвесторлар - акцияларды және облигацияларды сатып алушы ұйымдар немесе азаматтар; 2) эмитенттер – бұл құнды қағаздарды шығарушы мекеме немесе акционерлік қоғамдар; 3) инвестициялық институттар – бағалыы қағаздар нарығын ұйымдастыратын және кызмет көрсететін әртүрлі мекемелер.

Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары – инвестициялық институттар: қор биржасы, инвестициялық кеңесшілер, инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар

Сурет 3.4 - Бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары

Бағалы қағаз нарығын ұйымдастырушылар және қызмет етушілер ­(3.4 суретте) көрсетілген. Солардың арасында негізгісі қор биржасы болып келеді, құнды қағаздардың сатып алуын кәсіптілік деңгейде ұйымдастырады. Қалған инвестициялық институттар ­ өз " телімдерін " иеленеді. Кеңесшілер құнды қағаздардың айналымы және эмиссияларға қатысты сұрақтар бойынша мәліметтер береді. Компаниялар эмитенттердің сұранысы бойынша бұл құнды қағаздардың шығарумен және сатылу тапсырыстарын ұйымдастырады. Инвестициялық қорлар инвесторларға еркін айналымдағы қаржысын ыңғайлы және тиімді жұмсауына көмектеседі (әсіресе кіші салымшыларға) ,ал түсімді басқа компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсайды.

Болашақ акциялардың сату – сатып алу бостандығы сұраныспен және нақтылы ұсынысымен анықталады және көптеген факторларға, яғни Акция курсына тәуелді болады. Акция курсы – бұл олардың нарықтық бағасы: ол белгіленген акциялардың сұранысы мен ұсынысынан анықталады және көптеген факторларға байланысты болады: АҚ-ның шаруашылық табыстарынан, дивиленд мөлшерлерінен, салымдардың банкілік пайыздарынан (акция сатып алуш акциялардың банкілердегі үлестері мен табыстардың деңгейлерін әрқашан салыстырады) т.с.­с. Ірі фирмалардың акцияларының бағыттарының өзгеруі, сол мемлекеттің экономикалық конъюктурасына әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, акция курсы сатылатын және сатып алынатын баға.оның курсы табыс шамасына тікелей байланысты болады.атап айтқанда, акциялардың курсы дивидендтің көбеюіне қарай артады және дививдендтің төмендеуіне қарай құлыдрайды.

3.4 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары

3.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты

Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қаңдай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, айткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен, тауардын екі жақсы қасиеті бар:

- ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат, ТҰТЫНУ ҚҰНЫ;

- ол басқа бір затқа айырбасталатын зат, ҚҰН.

Заттың пайдалылығы оны ТҰТЫНУ ҚҰНЫ етеді. Тұтыну құны — тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:

1) тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады;

2) тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз;

3) тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның

көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгіңде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.

Жоғарыда атап өтілгендей, тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті АЙЫРБАС ҚҰНЫ немесе ҚҰН болуы керек. АЙЫРБАС ҚҰНЫ — ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрінеді. Мұнда біртектес тұтыну кұндары екінші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Алайда осы кездейсоқ жайдың өзінде бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну құнында емес (екеуінде екі түрлі), осы тауарларды өңдіруге жұмсалған қоғамдық еңбекте. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың кұнын жасайды. Құн — тауарға сіңіріліп, оңда затқа айналған қоғамдық еңбек. Тауардың құны қоғамдық категория, ол көрінбейді, бірақ ол тауарды тауарға айырбастағанда, бір тауарды екінші бір тауарға теңестіргенде айқындалып отырады.

Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракты еңбек (кұн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек адамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен, тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірлен бір кезі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек — физиологиялық мағынадан адам күшін жұмсау. Біз ілгері атап еткендей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өңдірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнынын мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.

Өндіргіш күштердің дамуы, онымен байланысты қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі кездейсок айырбастан оның жүйелі нысанына, кұнның да толық нысанына көшуге негіз қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]