Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Инфляция

3.5 Сурет - Ифляцияның негізі түрлері

Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны "жоспарлайды", мысал ретінде Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарлату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі "инфляцияны күту" басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қыска мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтыну-шылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сүраныс ретінде ғана ақша жүмсайды, кебірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.

Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.Бұл түрлерінен басқа инфляцияның типтеріде бар.

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатысының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі) т. б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының кебеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Шығындар инфляциясы. Бағалардын өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардын, көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т. б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін. XIX ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін рынок немесе бағаның тұрақтылығы болмағанын атап ету керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі XIX— XX ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен стагнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.

Инфляция түрлері

Ұсыныстан қарағанда жиын- Шынжырлы реакция үрдісі

тық сұраныстың өсуі салда- бойынша халық шаруашылығын-

рынан бағаның өсуі (тауар- да өндіріс шығындарының өсуі

лардан ақшаның көп болуы) салдарынан бағаның өсуі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]