Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымдардың негізгі типтері

6.1 Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері

Жетілмеген бәсекелі рынокты талдауға көрнекті үлес қосқан экономистердің қатарына О. Курко, Э. Чембирлин, Дж. Робинсон, Дж. Хинс және басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі рынокты механизмін анығырақ түсіну үшін рыноктық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.

Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі "таза" монополия болмайды. П. Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады.

Монополияны талдауда "монополия" ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан ("моно" — біреу, "полео — сатамын") шығару дұрыс емес. Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма — тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе.

Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес. 6.1 суретте ДД сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін көрсетеді, қандай баға болса да (тіпті өте жоғары бағада), сатып алушы бәрібір Q1 санындағы тауарды сатып алады. Бірақ, бұл не тауар? Қатерлі ісік ауруына дәрі ме? СПИД-ке қарсы ваксина ма? Ақыр соңында төлем қабілетті сұраныс шектеулі (мысалы Р3 деңгейімен), және фирма ОР тіктігі арқылы шексіз жоғары (бағаны өсіріп) қозғала алмайды.

6.1 кесте - Рыноктық құрылымдар және бәсеке түрлері

Бәсеке формала

ры

Бәсеке формаларын анықтаушы белгілер

Бағаларға бақылау дәрсжесі

Жетілген

Осы өнімді көп фирмалар өндіреді. Өндірілген өнімдердің толық біртектілігі. Капиталдардың салааралық ауытқуына шектеудің жоқтығы. Толық хабарлылық, яғни тұтынушылар мен өндірушілердің рынокты жете білуі.

Бағаға бақылау жоқ.

Жетілме

ген

1. Монополия (таза)

Өнімді тек бір ғана фирма өндіреді (сала бір ғана фирмадан тұрады).

Бағаларға бақылау дәрежесі өте жоғары.

2 Дуополия

Өнімді өндіру екі фирмаға шоғырланған. Біртекті өнім өндіріледі.

Бағаларға жекелеген бақылаулар.

3Олигопо

лия

Өнімді өндіретін фирмалардың саны салыстырмалы түрде көп емес. Біртекті өнім өндіріледі (немесе аздаған дара қалған өнім).

Бағаларға жекелеген бақылау.

4 Монополи

стік өнімдерді даралаумен бірге

Өндірушілер көп өнімді нақты немесе қиялдағы айырмашылық-

тардың көп болуы.

Бағаларға өте әлсіз бакылау.

6.1 сурет

6.1 суретте ДД сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін көрсетеді, қандай баға болса да (тіпті өте жоғары бағада), сатып алушы бәрібір Q1 санындағы тауарды сатып алады. Бірақ, бұл не тауар? Қатерлі ісік ауруына дәрі ме? СПИД-ке қарсы ваксина ма? Ақыр соңында төлем қабілетті сұраныс шектеулі (мысалы Р3 деңгейімен), және фирма ОР тіктігі арқылы шексіз жоғары (бағаны өсіріп) қозғала алмайды.

Сондықтан "таза" монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, "жетілмеген бәсекелес" (П. Самуэльсон), "баға іздеуші" (П. Хейне).

Жетілген бәсеке және "таза" абсолютті монополия екі логикалық шекті, қарама-қарсы рыноктық жағдайды бейнелейтін теориялық абстракциялар. Бұл үлгілер әрбір осы жағдайларда өз пайдасын барынша көбейтуге ұмтылатын жеке фирманың рационалды тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.

"Таза" монополияның абстрактілі жағдайлары мынадай маңызды сипаттармен ерекшеленеді.

Монополист деген жақын субституттарда (яғни, өзара алмастыратын тауарлар) жоқ тауарды жалғыз сатушы. Бұл жағдайлардың шарттылығы жоғарыда айтылды. Монополист — сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі туралы пайымдау оғаш көрінуі мүмкін. Өйткені үйреншікті түсінікте монополист ұғымы шамадан тыс жоғары бағалармен байланысты.

Монополист фирманың рыноктағы хал-ахуалын түсіну үшін жетілген және жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.

Жетілген бәсекеде фирма (өндіруші) рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға баға деңгейін рынок белгілейді. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндіріс көлемін іздеу арқылы көбейте алады.

Жетілмеген бәсекелік жағдайында монополистің бағаға белгілі бір билігі бар. Баға деңгейіне бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің формаларына байланысты әр түрлі. Бірақ бастысы — монополист саналы түрде пайда ең жоғарғы болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Мұндайда сұраныс қызметі белгілі болады, яғни монополист оны өзгерте алмайды деп болжанады. Ал, егер сұраныс икемділігі категориясын еске алсақ, мынадай заңдылық бар: егер баға өссе, онда сұраныс (басқа шарттылықта) төмендейді және керісінше, баға төмендесе, сұраныс өседі. Егер "таза" монополист барлық рынокты басып алса, онда ол қосымша көлемде өнім сату үшін, бағаны төмендету керек екенін біледі. Бұл факт монополистің бағаға билігі абсолютті емес екенін тағы да қуаттайды, ол өзінің сыртынан бәсекелестерінің оның тауарының субституттарын өндірушілердің тынысын сезінеді.

Олигополия рыногы мынандай типке бөлінеді: бірінші түрдегі олигополия үлкен мөлшердегі кәсіпорындары мен біртекті өнімді салалары жатады. Екінші түрдегі олигополияға дараланған тауарлар сататын бірнеше сатушылар жатады. Дараланған өніммен монополистік бәсеке рыногында сатып алушы тауардың бір түрін таңдайды, оны нақ осы сорты, сапасы, сатуға дайындалуы, сауда маркасы, қызмет көрсету деңгейі және т. б. назар аударады.

Өнімнің даралануы тұтынушыға көрсетілетін игіліктер мен қызметтерде біртектіліктің жоқтығын білдіреді. Бұл жәй ғана

айырмашылық, мысалы, автомобильдің түсінде немесе олардың маркасында емес. Тіпті бір сорттағы банкідегі сыра тұтынушының көзқарасы тарапынан даралануы мүмкін. Мысалы, егер сатып алушы бұл сыраны сымбатты сатушысы бар дүкеннен сатып алуға әдеттенсе, онда басқа дүкендегі осындай сыра оны қызықтырмайды.

Ғылыми айналысқа "өнім даралануы" ұғымын енгізген Э. Чемберлиннің жұмыстарының маңызын атап өткен жөн. Рыноктағы монопольді билікті Э. Чемберлин бәрінен бұрын сатылып жатқан тауарлардың ерекшеліктері мен сипатын ескереді. Ол сатушы мен сатып алушының рыноктық қатынастарының белгілі дәрежеде өнімнің сипатына байланысты екеніне көңіл аударады. Өнім дараланған жағдайдағы монополия бағаға қайсыбір билік ретінде сипатталады. Сондықтан сұраныстың баға бойынша илікпелілігі сияқты факторы ерекше маңызды болады. Жетілген бәсеке жағдайында тауарлардың біртектілігінде қандай да бір форманың өніміне сұраныс абсолютті икемділігімен сипатталады, өз өніміне бағаны өсіріп сатушы ештеңе сата алмайды, ол төмендетіп қалай болса да көп сата алады. Неге? Өйткені рынок "белгілер" бағада өз тауарына бағаны көтерудің ешқашан мәні жоқ. Егер айналада дәл сондай, бірақ бағасы төмен тауарлар көп болса, қымбат тауарларды ешкім алмайды. Ал өз тауарына бағаны төмендете отырып (қалыптасқан рыноктық бағадан төмен) сатушы, әрине, өз тауарын жеңіл өткізеді. Бірақ бұл операция да мәнсіз. Баға неге төмендетіледі егер өзінің барлық өнімін қалыптасқан рыноктық бағамен сатуға болатын болса?

Тауарлардың әркелкілігінде басқаша жағдай қалыптасады. Өнімді даралау арқылы сатушы өз тауарына сұраныстың бағалық икемділігін азайтуға мүмкіндік алады. Бұл оның бағаға монопольді билігін күшейткенін куәландырады. Бұл деген бағаның көтеріле алатындығын, алайда өткізу көлемінің азаймайтындығын сипаттайды. Неге? Өйткені бәсекелестер төмен бағамен осы өнімге кезі үйренген, сатып алушыларды тарта алмайды. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Ол мынадай: дараланған өнім жағдайында, баға бәсекенің жалғыз құралы емес. Аса маңызды құралына тауар сапасы да айналады.

Сонымен, монополистік бәсеке жағдайында фирманың өткізу көлемі бағадан басқа, өнім ерекшеліктері және өнім өткізу шығындары сияқты факторлармен анықталады. Өткізу шығындары ерекше маңызды. Фирманың шығындарға баратын себебі, олар сұранысты қалыптастырады, өнімге "бейімдейді". Өткізуге барынша тән шығын формасы жарнама. Жарнама сұраныстың икемділігін бағаны көтеру шекарасын жылжыта отырып төмендетеді. Практикада бұл нені білдіреді? Жарнамаға бола, тауардың жоғары бағасына қарамай сұраныстың көбеюі мүмкін. Сұраныс қисық сызығы 6.2-суретте керсеткендей ДД жағдайынан Д1Д1 жағдайына жылжи алады.

6.2 –сурет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]