- •Экономикалық теория
- •1 Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері
- •1.1 Экономикалық теорияның пәні және функциялары
- •1.2 Экономикалық теорияның пәні
- •1.3 Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
- •1.3 Сурет
- •1.4 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
- •1.6 Ғылыми абстракция әдісі
- •1.4 Сурет
- •1.5 Бақылау, модельдеу
- •1.7 Анализ және синтез
- •1.5 Сурет – Анализ және Синтез
- •Индукция және дедукция
- •1.6 Сурет - Индукция және дедукция
- •1.8 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
- •2 Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер
- •2.1 Сурет - Қазіргі өндірістің басты элементтері
- •2.1 Өндірістің адамдық факторы
- •2.2 Сурет
- •2.2 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор
- •2.3 Сурет - Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың айырықша белгілері
- •2.4 Сурет
- •2.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті
- •2.4 Өндіріс құралдары
- •2.5 Сурет - Өндіріс құралдарының негізгі түрлері
- •2.7 Сурет - Тауарларды инвестициялық және тұтынушылыққа бөлу
- •2.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы
- •2.8 Сурет
- •2.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері
- •2.9 Сурет - Негізгі қорларды актив және пассивке бөлу
- •2.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану
- •2.10 Сурет - Капитал айналымының уақыт құрылымы
- •2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары
- •2.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары
- •2.9 Өндірістің ақпараттық факторы
- •2.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде
- •2.11 Сурет
- •2.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым
- •2.12 Өндірістің экологиялық факторы
- •3 Қоғамдағы экономикалық қатынастар
- •3.1 Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру
- •3.1.1 Меншік қатынастары жӘне олардың құрылымы
- •3.2 Меншіктің негізгі түрлері және формалары
- •3.3 Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы
- •3.4 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары
- •3.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты
- •3.5 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция
- •Инфляция
- •3.5 Сурет - Ифляцияның негізі түрлері
- •3.6 Сурет - Инфляцияның екі типі
- •3.6 Құн заңы — тауар өндіріс заңы
- •3.7 Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы
- •3.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері
- •4 Рыноктық қатынастар теориясы
- •4.1 Рыноктық қатынастарды талдаудағы формациялық және өркениеттік бағыттар
- •4.1.1 Қоғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны
- •4.2 Рыноктық экономиканың даму кезеңдері
- •4.3 Қоғамдық дамудың Өркениеттік теориясы
- •4.4 Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері
- •4.5 Рынок инфрақұрылымы
- •5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
- •5.1 Рынок ұғымы
- •5.2 Баға, сұраныс және ұсыныс
- •5.2 Сурет
- •5.3 Сурет
- •5.3 Сұраныс пен ұсысыс икемділігі
- •5.4 Сурет
- •5.5 Сурет
- •6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымдардың негізгі типтері
- •6.1 Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері
- •6.2 Пайданы барынша көбейту
- •6.3 Олигополия
- •6.4 Монопсония
- •7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және оның өлшемі
- •7.1 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
- •7.2 Жалпы ұлттық өнім (ж. Ұ. Ө.)
- •8 Макроэкономикалық реттеу
- •8.1 Реттеудің негізгі мақсаттары мен бағыттары
- •8.1.1 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мӘні мен мақсаты
- •Сурет 8.2 - Нарықтық экономиканың мемлекеттік басқарылуы
- •8.2 Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
- •8.3 Мемлекеттің қаржы-бюджет саясаты
- •8.3.1 Мемлекеттік бюджет,оның мәні,рөлі.Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістері
- •8.4 Мемлекеттің дискрециондық фискалдық саясаты
- •8.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы
- •9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
- •9.1 Әлеуметтік саясат түсінігі, әлеуметтік қорғау жүйелері
- •9.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру деңгейінің сапасына әсері
- •9.3 Қазақстан аймақтарының дамуындағы әлеуметтік саясаттың міндеті
- •Әдебиет Мазмұны
- •5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
- •6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы
- •7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және
- •8 Макроэкономикалық реттеу
- •9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
3.7 Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы
Қ,ұн заңы бойынша тек рынокта ғана айырбас кезінде еңбек шығынының қоғамдық қажетті деңгейі анықталады. Тек рынокта ғана кұнның көріну нысаны айырбас құн түрінде болады. Қысқартып айтқанда, құн өңірісте жасалынады, рынокта айқыңдалады. Егер тауар рынокта сатып алынса, ол біреудің тауар өндіруге жұмсаған еңбек шығыны қоғамдық қажетті шығын ретінде бағаланғаннан емес, сатып алушының тауарды бағалағаны.
Адамдардың әр түрлі материалдарды және рухани игіліктер мен қызметтерді бағалауы оларды өндіруге қоғамдық кажетті еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты қажетсінуінен. Осы жерде қандай да бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.
Бір нақты жағдайда, іскер адам шаруашылық шешім қабылдарда немесе жеке тұтыну процесі негізінде пайдалылығын салыстыру ылғи болып отырады. Мысалы, егер адам С витамині жетіспеушіліктен ауырып қалса, бұл арада оған пайдалы алма ма, әлде қарыз ба, деген сұраққа жауап өзінен-өзі айқын. Жалпы, қажеттіліктерді салыстырмай, әрбір ретте түрлі материалдық, не рухани игіліктердің пайдалылығын бағаламай ешқандай экономикалық іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың ішінде пайдалылық өлшеу өлшемін табу мәселесі қызу пікірталас туғызды. Бұл мәселенің мәнін тек шекті пайдалылық, сұраныс жайы және басқа категорияларды зерттегеннен кейін анықтауға болады. Бұл туралы басқа тарауда қаралады. Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемін байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты пайдалылықтан шығарады.. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамның әрбір игілікті субъективті бағалауы, оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал объективті айырбас пропорциялары немесе тауарлардың бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады. Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясының біржақтылылығын ол бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру деп көрсетті. А. Маршалл шекті пайдалылык теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен байланыстырды.
3.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері
Бұл мәселе капитализмнің дамуымен байланысты. Ақшаның сандық теориясының негізін салушылар М. Монтескье, Д. Локк және Д. Юм болды. Олар алтын және күміс ақшаның құнын олардың санымен анықтады да, елде |ақша кеп болған сайын тауардың бағасы жоғары болады 'деп көрсетті. Олар сонымен бірге қандай ақша болса да өздерінің "сатып алу" күшін айналыстың нәтижесінде ғана көрсетеді, ал айналыс процесіне дейін ақшада құн болмайды деп есептеді (яғни ақшаның құн өлшеуіші қызметін жоққа шығарды). Ал А. Маршалл мен И. Фишер ұсынған ақшаның неоклассикалық сандық теориясы осы теорияның дамытылған нұсқасы болды. Олардың теориясындағы ең маңыздысы — ақша тауар деп есептелмейді. Батыс экономистерінің басым бөлігі американ экономисі И. Фишер ұсынған формуланы пайдаланады. Ол формула баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігін көрсетеді
КЖ = БС
бұл жерде К — акша массасы; Ж — ақшаның жылдамдығы; Б — тауар бағасының деңгейі; С - айналыстағы тауар саны. Осы формулага сәйкес тауарлар бағаларының деңгейі және ақшаның көлемі мынадай формуламен анықталады
;
;
Осыдан соң И. Фишер ақшаның құны оның санына кері пропорциялы деген қорытынды жасайды. И. Фишердің айырбас теңдігі КЖ = БС айналыстағы ақша массасы мен; тауарлар бағаларының сомасының арасындагы сандық байланысты керсетеді. И. Фишер формуласы КЖ = БС инфляция кұбылысын түсіндіруге мүмкіндік береді. Инфляция дегеніміз тауарлар бағаларының өсуімен қосарланған акшаның құнсыздануы.
Жоғарыда аталып өткендей, несиенің дамуы вексель және банкнот сияқты қағаз ақшаның түрлерінің пайда болуына әкеліп соқты. XX ғасырда есеп айырысу жүйесінде кеп тарай бастады. Чек, шындап келгенде, қағаз ақшаға жатпайды. Чек депозиті айналыстағы қолма-қол ақшаны үнемдейді. Қазір қағаз ақша айналасының 90 %-ке жуығы қолма-қол ақшасыз атқарылады.
