Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі

5.1 Рынок ұғымы

Рынок – қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.

Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Рыноктың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де, т. б. кіреді. Осыған сәйкес, қазіргі рыноктық экономика рыноктардың бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, валюталық рынок және басқалары. Алайда қандай рынок болса да, оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді. Рыноктық механизмнің осы негізгі элементтерін талдап көрейік.

Біріншіден, бұл бағалар. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту қажеттігін анықтау қызметін атқарады. Бағалардың өзгеруі өндіріс технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр соңында табыстардың берілген бір деңгейінде өнімді кімдер тұтынатынын да алдын ала анықтайды.

Екіншіден, бұл сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша сомасы. Ұсыныс дегөніміз берілген бағада сатуға арналған тауардың саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының

өзгеруі бағаның құн төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы тербелулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.

Үшіншіден, бұл бәсеке. Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.

Бәсеке рынок механизмінің қажетті элементі, бірақ бәсекенің сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол рыноктық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді. Рыноктық механизм еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни рыноктағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын өнімдердің біртектілігімен, фирмалардың рынокқа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді.

5.2 Баға, сұраныс және ұсыныс

Рыноктық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға ЖОҒАРЫ болған сайын, оны сатып алушылардың саны АЗАЯДЫ, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол деңгейінде) және, керісінше, баға ТӨМЕН болған сайын сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны КӨП болады.

Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график түрінде көрсетейік. Егер абцисса рынокта сатып алынған тауар саны, ал ординатада баға қозғалысын белгілесек, онда мынадай нәтиже болады.

5.1- сурет

Q – қисығы экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп атайды. Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгергенін көруге болады. Егер Р1 бағада сұраныс көлемі Q1 болса, баға Р2 дейін төмендегенде сұраныс көлемі Q2 дейін өседі және с. с.

Пайда болған қисық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол заңды былай деп тұжырымдауға болады, егер қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелділікті басқаша да тұжырымдауға болады, егер рынокқа қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен өткізілуі мүмкін.

Сұраныстың біртіндеп азаю заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар ғанасатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, рынокқа жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек, осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер рыноктық жағдайды сатушылар немесе ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады. Барлық сатушылар рынокта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни ұсынысты ұлғайтады.

Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады. Бұл тәуелділік графика түрінде 5.2-суретте бейнеленген (абциссада рынокқа жеткізілген тауарлар саны Q; ординатада бағаның қозғалысы Р).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]