Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8 Макроэкономикалық реттеу

8.1 Реттеудің негізгі мақсаттары мен бағыттары

8.1.1 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мӘні мен мақсаты

Қазіргі дамыған экономиканың көбісі аралас болып табылады. Бұл осы мөлшерде нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекет жағынан қоғамдық өндірісті реттеу арқылы толықтыруларды белгілейді. Осындай реттеу, орталықтандырылған экономиканы мемлекеттік басқарумен өзгешеленеді. Орталықтандырылған жүйеде (сурет 8.1) мемлекет Әкімшіліктік және ТУРА әсермен кәсіпорындардың барлық қызметтері мен олардың арасындағы шаруашылық байланысты анықтайды. * Нарықтық экономика немесе аралас экономикада (сурет 8.2) мемлекет, тек нарықтың құқықтық пен макроэкономикалық реттеуіне әсер етеді де, (яғни ең алдымен ақша, салық, бюджет, несие, т.б. сияқты шаруашылық тұтқалар көмегімен) ал кәсіпорындардың өмірлеріне тікелей араласпайды.

Сурет 8.1 - Орталықтандырылған экономиканың мемлекеттік басқарылуы

Сурет 8.2 - Нарықтық экономиканың мемлекеттік басқарылуы

Нарықтық экономиканың макрореттелуі, қоғам ынтасында жалпы түрде жүзеге асады.Ол, мемлекетпен белсенді экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізуді болжайды. Осы саясаттың негізгі мақсаттары 8.3 суретте көрсетілген. Солардың біріншісі: 1) экономикалық өсу. Осыған сәйкес өмір құндылығы санының өсуі мен сапаның арттылуы қамтамасыз етіледі және де нәтижесінде - адам өмірлерінің жоғары деңгейі байқалады; 2) толық жұмыспен қамту екі басты міндеттерді шешеді. Еңбек етемін деушілердің барлығына жұмыс пен оған сәйкес табысты береді. Қоғамдағы еңбек ресурстарын толық пайдаланбау байланыстарын жоюдан тыс болады; 3) экономикалық тиімділік қоғамның барлық шаруашылық ресурстары (ал, олар шектеулі) максималды қайтарыммен қолданылатынына болжам жасайды; 4) экономикалық еркіндік бұл нарықтық экономиканың қарқынды дамуының үздіксіз шарты. Ол шаруашылық қатынасқа қатысушылардың барлығы үшін максималды еркіндікті (заң мен жауапкершілік шегінде) – кәсіпкерлік еркіндігі, экономикалық серіктестерді еркін таңдау, тұтынушының қажеттіліктегі еркіндігі, т.б. қарастырылады; 5) еңбекке жарамсыздарды қамтамасыз ету - өркениетті, демократиялық қоғамдар аса маңызды әрекеттердің бірі. Барлық еңбекке жарамсыз, қартайған және кәмелетке толмаған азаматтардың дұрыс өмір сүруі үшін жағдайлар туғызуы қажет; 6) баға деңгейлерінің тұрақтануы – бұл да мемлекет саясатының басты мақсаты, себебі, бағалардың жалпы өсуі (инфляция) мен тез арада түсу (дезинфляция) экономика дамуының тұрақты дамуын нашарлатады және шығындарға әкеледі (көбінесе, дезинфляция банкротқа ұшыратады); 7) сыртқы экономикалық байланыстарға баланс-бұл қоғамға шетел мемлекеттерімен сауда, қаржы, инвестиция және де басқа да қатынастар бағдарының қажетті тепе-теңдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Сурет 8.3 - Қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]