Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.3 Олигополия

Қазіргі рыноктық құрылымдарды олигополия ұғымымен дәл сипаттауға болар еді. Сөзбе сөз олигополия ұғымы, "аздаған сатушылар" дегенді білдіреді. Бұл бірнеше үлкен фирмалардың өндірісті және өнімнің негізгі көлемін өткізуді басып алатын рынок типі.

Олигополия жағдайында бәсеке бағалық сипат алмайды. Қысқаша айтқанда, негізгі тұтынушыны бағаны төмендету арқылы тарту емес, басқа факторлар есебінен, тауарлардың сапасын жақсарту, жарнама, сатылғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету, т. б. арқылы тартуға негізделген. Сондықтан бағаның төмендеуімен байланысты бағаны бірінші болып төмендеткен фирмаға ұлғайған сұраныстың бір бөлігі ғана өтеді. Ал егер осы фирма бағаны жоғарылатса, басқа фирмаларда оның соңынан

ермеуі мүмкін. Сондықтан оның өніміне сұраныс бағалардың жалпы өскені жағдайына қарағанда тым шұғыл қысқарады.

Олигополия жағдайында фирмада қосымша мақсат немесе бір "аса жоғары міндет" пайда болады. Бұл олигополия көлемінде жиынтық пайданы барынша көбейту. Олигополиялардың өз өнімдеріне рыноктық бағаны келісулері, "бағадағы жетекшілік" деген ат алады. Бағадағы жетекшілік деген баға бәсекесінен анық бас тартуды білдіреді. Оның мәнісі осы саланың олигополист өз бағаларын белгілегенде және өзгерткенде жетекші компанияның бағасын бағдарға алады. Жетекші ретінде, әрқашанда, саладағы ең үлкен фирма болады. Жетекші фирманың бағаларындағы өзгерістер саладағы басқа компаниялар үшін бағалар өзгертуге бағдар болады.

П. Самуэльсон және В. Нордхаус олигополистік жағдайдың үш аса маңызды типін көрсетеді:

  1. құпия олигополия;

  2. үстем болған олигополия; 3. Монополистік бәсеке.

Бірінші жағдайда, олигополиялықтар толық келісімге келсе, рыноктық баға жалғыз монополистің мүддесіне сәйкес келеді.

Екінші жағдайда, саланың ең үлкен фирмасы салалық өткізу көлемінің 60—80%-ін бақылағанда басқа мінез танытуы мүмкін. Мысалы, рыноктың бір бөлігін бәсекелестеріне (ұсақ фирмаларға) беріп, сосын 60—80%-ін бақылайтын рыноктағы монополист ретінде әрекет етеді.

Үшінші жағдайда көп сатушылар мен сатып алушылардың фирмалардың салаға кіріп шығуы еркін болады және жеке фирма басқа фирмалардың бағаларына тікелей әсер ете алмайды. Мұнысымен бұл жағдай жетілген бәсеке рыногын еске түсіреді. Айырмашылығы, мұндағы тауарлар дараланған және әрбір сатушы оның сұранысының төмендейтін қисық сызығына ие болады. Осыған байланысты сатушы өз тауарына баға белгілейді.

6.4 Монопсония

Алдыңғы талдау монополияны сатушы рыноктық бағаға билік етудің ерекше құбылысы ретінде караумен байланысты. Алайда бағаларға белгілі бір бақылау сатып алушы жағынан да болады. Егер монополия ұғымы "жалғыз сатушы" дегенді білдірсе, монопсония ұғымы "жалғыз сатып алушы" дегенді білдіреді. Монопсония мәселесін зерттеу Дж. Робинсонның аса маңызды ғылыми еңбегі болып табылады. Осы тақырыпшада осы экономистің логикасына сүйенеміз. Монопсония жағдайында бағалардың орнығуын талдаудан бұрын "сатып алушының көзімен" жетілген және жетілмеген бәсекелі рыноктарды салыстырамыз. Жетілген бәсеке кезінде көптеген сатушылармен бірге көптеген сатып алушылар әрекет етеді. Жеке сатушы бұл жағдайда рыноктық бағаға әсер ете алмаса, жеке сатып алушы да жетілген бәсекеде сатып алатын тауарлардың бағасына әсер ете алмайды. Жетілген бәсекелес сатушының сұраныс сызығы абсолютті икемділігімен (эластикалығымен) сипатталады.

Монопсонистің билігіне қарсылық көрсете алатындар тез бұзылмайтын, ұзақ сақталатын өнімдерді өндірушілер. Егер оларға шарттары ұнамаса, онда басқа сатып алушы іздеуге уақыттары бар. Ал ауыл шаруашылығының тез бұзылатын өнімін өндірушілер не істейді? Олардың монополист талап еткен шарттарға тәуелді болуы барынша ықтимал. Әрине, бұл жалғыз мысал емес. Ал алмаз өндірушілер ше? Бұл тез бұзылатын өнім емес. Алайда "Де Бирс" монополисі алмазды сатып алудағы өз талаптарын әр түрлі елдердегі бөлшектенген өндірушілерге күштеп таңады. Монопсония еңбек рыногында жиі орын алады.

Монопсонист өзінің сатып алу көлемі айлалы әрекет жасау арқылы ие болатын өнімнің рыноктық бағасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан (монопсонистің көзқарасы бойынша) ұсыныстың рыноктық бағасы бүкіл саланың орта шығындарының өсіңкілігін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]