Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баян инф 2блок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

24. Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері

­ бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік

(республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

­ құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Оқытудың ауқымды жəне жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің

нəтижесінде білімнің базалық жəне деректердің банкілік мəліметтеріне, клиент -

сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык

оқулыктарға, оку-əдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің

технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тəсілдерінің

ішінде кең тараған бес аспап əрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы

окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге мүмкіндік береді.

25. Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі технологиялары

Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде

оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің

территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық жəне

телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс жəне желілік технология

деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дəстүрлі жəне қашықтықтан

консультацияларды үйымдастыру кезінде мəтіндік, аудиовизуальды жəне

мультимедиалық оқу-əдістемелік материалдарды жинау жəне оларды

пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған

əдістемелік материалдармен іске асырылады.

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, əкімшілік арасындағы

интерактивті өзара əсері мен оның оқу-əдістемелік қүралдармен жабдықталуын

қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

- Интернет желісін пайдалану;

- Əлектрондық поштаны пайдалану;

- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік

компьютерлік класс;

26. Компьютердің логикалық элементтері

. Есептеуіш машиналардың барлық

элементтерін атқаратын қызметтеріне байланысты топтарға бөлуге болады: логикалық, есте сақтаушы,

күшейтетін жəне арнайы элементтер. «Логикалық элемент» деп аталуының себебі, жеке дара элементтің

анықталған байланысты жүзеге асыруға мүмкіншілік беруінде немесе жеке логикалық функцияны

орындауында.

Компьютердің логикалық элементтері

Компьютердің логикалық элементі – элементар (қарапайым) логикалық функцияны жүзеге асыратын

электрондық логикалық схеманың бөлігі.

Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз – ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын

айтамыз.

Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген логикалық

функцияны жүзеге асыруға болады. Логикалық өрнектер электрондық схемалар құрудың басты негізі.

Əдетте, вентильдердің екіден сегізге дейін кірісі жəне бір немесе екі шығысы болады. Вентильдердегі «1»

жəне «0» болатын екі логикалық жағдайды көрсету үшін оларға кірістік жəне шығыстық сигналдарында

кернеудің белгіленген екі деңгейінің бірі сəйкес болады. Əдетте жоғарғы деңгей – «ақиқат» (1) мəніне, ал

төменгі деңгей – «жалған» (0) мəніне сəйкес болады.

Əрбір логикалық элементтің өзінің логикалық функциясын көрсететін шартты белгісі болады. Бұл

күрделі логикалық схемаларды жазуды жəне түсінуді жеңілдетеді.

Əрбір логикалық амал үшін ақиқат кестесі қолданылады. Ақиқаттық кестесі – бұл логикалық

операцияның кестелік түрде ұсынылуы. Логикалық элементтердің жұмысын ақиқаттық кестелердің

көмегімен сипаттайды.

Компьютердің негізгі бөліктерін құрайтын əртүрлі интегралдық микросхемалардың арғы физикалық

түбірі-осы күрделі логикалық өрнектер болып табылады.

ЖƏНЕ элементі

ЖƏНЕ элементінің көмегімен қарапайым екі Х1 мен Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі

логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunction-біріктіру), ал операцияның нəтижесі –

логикалық көбейтінді деп аталады.

Белгіленуі: Х1∧Х2, Х1&Х2, Х1⋅Х2, Х1 AND Х2, Х1 жəне Х2

ЖƏНЕ схемасы екі немесе одан көп логикалық мəндерінің конъюнкциясын жүзеге асырады. Құрылымдық

схемаларда екі кірісі бар. ЖƏНЕ схемасының барлық кірістерінде бірлік болғанда, тек сонда ғана оның

шығуында бірлік болады. Ал кірістердің ең болмаса біреуінде нөл болса, онда шығуында да нөл болады.

ЖƏНЕ схемасының ақиқаттық кестесі

Кірістік шамалар Шығуы

Х1 Х2 У

0 0 0

0 1 0

1 0 0

1 1 1

Пікірдің екеуі де ақиқат болғанда, Х1 жəне Х2 конъюнкциясы ақиқат. Х1 немесе Х2 пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда Х1 жəне Х2 конъюнкциясы жалған болады.

Техника жүзінде, конъюнкция конъюнктор деп аталатын құрылғысының көмегімен іске асырылады.

Конъюнтордың қарапайым моделі болып, бірнеше электрлік кілттердің тізбектеліп қосылуы табылады.Бұл

жағдайда қарапайым ақиқат пікірге кілттің тұйықталуы, ал ақиқат күрделі пікірге жанып тұрған электр

шамы сəйкес келеді.

Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ элементінің көмегімен қарапайым Х1 жəне Х2

айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunction-бөлу),

ал операцияның нəтижесі – логикалық қосынды деп аталады.

Белгіленуі: Х1∨Х2, Х1\Х2, Х1+Х2, Х1 OR Х2, Х1 немесе Х2.

НЕМЕСЕ схемасы екі немесе одан көп логикалық мəндерінің

дизъюнкциясын жүзеге асырады. Құрылымдық схемаларда екі

кірісі бар НЕМЕСЕ схемасының шартты белгіленуі

төмендегі 2- суретте көрсетілген.

НЕМЕСЕ схемасының кірісінің ең болмаса біреуінде бірлік болғанда, шығуында да бірлік болады

НЕМЕСЕ схемасының ақиқаттық кестесі

Кірістік шамалар Шығуы

Х1 Х2 У

0 0 0

0 1 1

1 0 1

1 1 1

• Х1 немесе Х2 пікірлерінің ең болмағанда біреуі ақиқат болғанда, Х1 жəне Х2 дизъюнкциясы

жалған

• Х1 жəне Х2 пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, Х1 жəне Х2 дизъюнкциясы жалған.

Техника жүзінде, дизъюнкция дизъюнктор деп аталатын құрылғының көмегімен іске асырылады.

Дизъюнктор қарапайым моделі болып, бірнеше электрлік кілттердің параллель қосылуы болып табылады.

Бұл жағдайда акиқат қарапайым пікірге кілттің тұйықталған күйі, ал күрделі ақиқат пікірге жанып тұрған

электр шамы сəйкес келеді. Көрініп тұрғандай, бір тұйық кілт болғанның өзінде де, шам жанып тұрады.

Дизъюнктордың шығысында 1 болады, егер ең болмағанда кірісінің біреуінде 1 болғанда. Бұл физикалық

тұрғыдан қосылғыштардың параллель жалғануы арқылы сипатталады.