Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баян инф 2блок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

9. Негізгі желілік топологиялар.

Компьютерлерді біріктірудің геометриялық схемасы-желі топологиясы деп аталады. Желінің атқаратын қызметіне байланст тапологиялардың үш түрі болуы мүмкін, олар : 1. Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалп шинаға немесе магистральга( кабельге) қосылады. Дәл осынндай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақрпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.2. Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда орталықтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.3.Сақиналы топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станциясын аралап шығады да, оны керекті компьютерлер қабыылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байлансты бұзады.

10. Желілік хаттамалар

Желі жұмысы құрылғының барлық элементтері бір-бірімен қандай да бір әдіспен біріккеніне негізделген. Әрбір компьютер және принтер, сканер, портативті компьютерлер сияқты құрылғылар түрлі өлшемді кабельдер, спутниктік байланыс немесе телефон жолдары көмегімен біріктіріледі. Бүгінгі күні компьютерлерді радиотолқындар көмегімен біріктіретін өткізгішсіз желілер де бар . Желілер үшін құрамында кабельдер кіретін, мәселен, желілік адаптерлер сияқты ажыратқыштардың бірнеше типтері бар ( net work interface cards) . Желілік адаптер немесе NIC – бұл сізге компьютеріңізді желіге қосуға мүмкіндік беретін қондырылған құрылғы. Сіз кабельді желілік адаптерге қоясыз немесе ол сізде қткізгішсіз желі бар болған жағдайда белгіні тасымалдайды. Әр компьютерге оған басқа компьютерлермен байлансуға мүмкіндік беретін программалық жабдықтама қондырылған.Компьютерлер бір- бірімен қатынаста бола алады. Өйткені оларңа бірін –бірі түсінуге көмектксетін ережелер жинтығы мен хаттамалары бар.Хаттамалар байланыс үрдісін қатесіз ет үшін қажет.Хаттамалар ақпараттығ қалай жіберілетінін және қаблданатынын анықтауға жәрдемдеседі.Желілік хаттамалар хаттама ретінде,не адамдарға қарым өатынас үшін қажет.Мысалы егер сіз отыратын затты орындық деп ал,көршіңіз оны тас деп атайтын болса онда бір біріңізбен түсінбеушілікті тундауына алып келеді.Кейде бұл сөздерге ғана қолданып қана қоймай белгіленген ережелер жиынтығынан тұратын адамдар қарым-қатынасының әдістері болып табылады.

11. Web сайттың негізгі типтері

WEB сайт – бір тақырып бойынша біріктірілген және гиперсілтемелер бойынша байланыстырылған WEB-беттер жиынтығы.

WEB сайттың ең негізгі 7 типтері бар:

1. Насихаттау сайты. (Advocacy site) қоғамдық лөзқарастың өзгеруіне қатысты қолданылады, активті

түрде қолдау немесе түсім ақы жинау. Мынандай WEB – сайттар оған мысал бола алады, саяси

компаниялар, ұйымдардың WEB-сайты, қоршаған ортаны қорғаудың бір нəрсеге сіздерді сендіру арқылы

жүзеге асырылады, бір іске салым салуға шақыратын WEB-сайттар. Бұған мысал ретінде мына сайтты

келтіруге болады: http://www.wwf.ru

2. Коммерциялық сайттар (Commercial site ) ол сайттарға сатуға арналған товарлардың жарнамасы мен

ақпараттары туралы енгізілген сайттар; тапсырыс қызметін ұсынатын сайттар;бизнес жəне қандайда бір

өндірісті арттыруды ұсынатын сайттар. Бұған мысал ретінде Microsoft http://www.microsoft.ru.

компаниясының сайттарын айтуға болады.

3.Ақпараттық сайттар(Informational site) мəліметтерді жəне статистиканы, тізімдер мен түрлерді,

анықтаматарды, əртүрлі ақпараттарды ұсынады. Оған мысал ретінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу

институтының ақпараттық жəне технологиялық сайтын алуға болады: http://www.informika.ru.

4.Ойын- сауық сайты (Entertainment site) Бұл сайт музыканы, ойындарды жəне де ойын-сауық

индустриясының ақпараты мен жаңалықтары туралы да ұсынады. Бұл сайтқа музыкалық топтардың жəне

телевизиялық желілерді құрушылардың немесе жаңа фильмдердің сайттары мысал бола ала алады. Ойын –

сауық сайттарының мысалы ретінде мына сайттар табылған: MSN http://zone.msn.com/en/root/freeonline.htm

немесе ойын - сауық порталы EnForce.Ru http://www.enforce.ru.

5..Білім беру сайты (Educational site) бұндай сайттар əдетте шетелде болады жəне оның URL бар. Ол

EDU мен бітеді. Олар білім беру институттарын алға ұмтылдырып немесе мектептер туралы ақпаратты

ұсынады. Бұл топқа колледждермен университеттердің сайттары кіреді жəне тағы да басқа жоғары

мектептердің сайттары кіпеді. Оған мысал ретінде Москва мемлекеттік университетінің сайты кіреді:

http://www.msu.ru .

6.Жаңалықтар сайты(News site) бұл сайттар жергілікті, аймақтық жəне халықаралық дəрежедегі

жаңалықтарды, болып жатқан оқиғалардың ақпаратын ұсынады. Олар журналдар мен газеттегі басылымдар

мен немесе телевизиялық бағдарламаның ұйғарымдарымен сəйкес болуы мүмкін. Ресейлік газеттер

http://www.rg.ru/, Известия http://www.izvestia.ru/, Интернет сайты немесе кабельдік желі, мысалы,

http://www.rbc.ru/.

7.Дербес сайттар(Personal site) Визиттік карточкасы, фотоальбомы жəне нақты адамның басқа да дербес

ақпараты.

Электрондық поштаны жіберу.

Электрондық пошта немесе e-mail. Бұл көп қолданылатын интернет мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын

дүние жүзінде миллиондаған хаттар алынып, жіберіліп отырады. Интернет желісіне қосылуы бар əрбір адам

хатты алып, жібере алады.