Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баян инф 2блок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

3. Циклдық алгоритмді бағдарламалау

Циклдік программа – белгілі бір командалардың бірнеше рет қайталанып орындалуы. Практикада есептерді немесе мәселелерді шешкенде бір типті әрекеттерді осы әрекеттерді анықтайтын параметрлердің әр түрлі мәндерінде көп рет қайталау қажеттігі туады. Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмді циклдік, ал көп рет қайталанатын әрекеттер тізбегін цикл деп атайды. Циклдерді пайдалану жинақы программалардың көмегімен есептеулердің үлкен көлемдерін орындауға мүмкіндік береді.

Қайталанатын опаераторлар тобы циклдің денесін құрайды. Паскаль цикл ұйымдастырудың 3 түрі бар While(әзір), Repeat (дейін), For(параметрлі цикл). While Repeat операторлары қайталау саны белгісіз, бірақ циклге кіру немесе циклден шығу шарттарыбелгілі жағдайда қолданылады. Егер қайталау саны белгілі бола, онда параметрлі циклді пайдаланған жөн.

Циклдік операторлардың үшін, әзірше және дейін деген түрлері белгілі.

Кейде циклді неше рет қайталау керек екені алдын ала белгісіз, бірақ ол қандай да бір шарт сақталғанша орындалуы керек екені белгілі болады, сондықтан әзірше циклін қарастыру қажет.

Әзірше циклінің жазылу түрі: WHILE P DO S

Мұндағы WHILE P DO – цикл тақырыбы; WHILE (әзірше), DO (орындау) – қызметші сөздер (DO соңына нүктелі үтір қойылмайды); P – шарт (логикалық (бульдік) өрнек); S – цикл денесі.

WHILE циклінде бірінші рет P – нің мәні тексеріледі де, егер мән TRUE болса (шарт сақталса), S орындалып, басқару қайтадан P шартының қайталану кездегі сақталуын тексеруге беріледі. Егер P мәні FALSE болса, S орындалмай, басқару WHILE циклінен соң кездесетін бірінші операторға өтеді.

4. Программалық құралдар эволюциясы

ЭЕМ эволюцияымен бірге олар үшін базалық программалық құралдар эволюциясы жүрген. 1-ші кезекте бұл есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кодтайтын программалау тілдеріне қатысты.

Бірінші буын-50-ші жылдардың аяғына дейін программала командаларының ұзақ тізбегі екілік,сегіздік және он алтылық сандармен мұқият бөліктеп кодталған. Бұл қызмет түрі кодтау деп аталған, программалауға бұдан гөрі күрделірек мәселе қойылған ол-алгоритімдерді құрылымдау. Екінші буын – Ассемблер тілдері оны мен машина тілдеріне қарағанда жұмыс істеу жеңілірек болған. Оларды командалар үшін нақты мнемоника қолданылады.Мыңдаған есе жылдам есте сақтау құрылғылары бар есептеу машиналарының пайда болуы мен кодтау күрделілігіне өсуі соншалықты, бұл жұмыты адамның орындауының әсері едәуір төмендеді.

Әрбір нақты машинаның ақпараттық құрылымын есепке алу, яғни бір машинаны екінші машинаға ауыстыру кезінде программалауды қайта кодтау қажеттілігі туындады – программалауды бір машинадан басқаға ауыстырғанда алгоритмдердің жиі өзгеріп кетуі байқалды.Тәжірбие жүзінде басқа программаның құрылу қағидаларын түсіну мүмкіншілігі көрінбеді.Машина кодында жазылған программаларда кодтаудың формальді қателіктерін табуға мүмкіндік беретін артық мәлімет аз болған. Нәтижеде программаны жүктеу кезінде техникалық ақаулар түсініксіз жағдайларға әкеп соғуы мүмкін, ал ол қателіктерді табу өте қиын еді.