Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баян инф 2блок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

14. Мультимедиялық компьютердің аппараттық бөлігі

Мультимедия технологиясы күнделікті өмірімізге нық енді. Алайда осындай қолданбалы бағдарламалармен дұрыс жұмыс істеу үшін мультимедия мен компьютерде барлық талапқа сәйкес болуы тиіс. Сонымен “мультимедиялық компьютерлер” дегеніміз – бұл мультимедиялық барлық қолданбалы программалар өзінің барлық мүмкіндігін көрсете алатын компьютер түрі. Мультимедиялық компьютер көп нәрсені жасай білу керек : монитор экранында графикалық және бейне ақпараттарды, анимацияны көрсете білуі керек, дыбыстық , музыка соның ішінде компакт-дискілердегі музыка сүйемелдеуі жоғары деңгейде болуы шарт.

  • Қоректендіру блогының корпусы

  • Жүйелік (анлық) тақша

  • Орталық процессор

  • Оперативті жад

  • Бейне адаптер

  • Монитор

  • Қатты дискіде жинақтауыш

  • Пернетақта

  • Тінтуір

  • CD-ROM диск жетегі

  • Иілгіш дискілердің диск жетегі

  • Дыбыстық карта

Қосымша құрылғылары (көптеген елдерде қалыпты құрылғылар):

  • DVD диск жетегі

  • Модем

  • Телевизиялық люнер

15. Қауіпсіздік пен электротұтыну стандарттары

Қазіргі таңдағы мониторлар медициналық, эргономикалық жəне экологиялық параметрлеріне, яғни

қауіпсіздік стандарттарына сай болуы тиіс. Олар: MPR II, TCO 92, TCO 95, TCO 99. Монитормен ұзақ

жұмыс барысында қорғаныс экрандарын пайдаланған жөн. Егер монитор жоғарыдағы стандарттардың біріне

де сəйкес келмесе.

MPR II – сəуле шығарудың базалық стандарты болып есептеледі. Қазіргі таңдағы барлық

мониторлар осы стандартқа сай болуы тиіс. Бұндай монитор болған жағдайда, қорғаныс экранының керегі

жоқ.

TCO 92 – бұнымен сəйкестік монитордың толық түрде қауіпсіз екендігін білдіретін қауіпсіздік

стандарты.

TCO 95 стандартында алғаш мониторларға эргономикалық жəне экологиялық талаптар қойыла

бастады.

TCO 99 стандартында бұл талаптар күшейе түсті. Сонымен қатар, ТСО 99 стандартында көрініс

сапасына жəне энергия тұтынуға өте қатты талаптар қойылды.

16. Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама

Қолданбалы бөліміне мультимедиялық компьютердің қарапайым тұтынушысы қолданатын

мультимедиялық қосымшаларды жатқызамыз. Бірінші кезекте, бұл қосымшаларға компьютерлің ойындар

жатады.

Компьютерлік ойындар Мультимедиялық қолданбалы программалардың ішінде бірінші болып қолданысқа енгені

компьютерлік ойындар. Дəл осы ойындар мультимедияның барлық артықшылықтарын түгелімен

пайдаланатын кеңінен тараған программалық өнім болып табылады.

Компьютерлік ойындар əлемінде өзгеріске əкелген болып үшөлшемді графиканы пайдаланатын 3D-

ойындар саналады. Ойындарда компьютердің аппараттық бөлігінің барлық мүмкіндіктерімен объектілердің

растығын байланыстыру қажет, қажетті жылдамдықты көп бейнежүйелердің жақсы сапалығының негізінде

қамтамасыз ету, объектілердің шынайы сипаттамасымен қатар ойыннан қалатын көзқарастарды да

қарастыру.

Компьютерлік ойындарда тиімді болып секундына 50 кадрдан көп көріністің орташа жылдамдығы

саналады. Алайда, бөлек кадрлар бұл қатардан түсіп қалуы мүмкін. Егер сонымен қатар жылдамдық 25

кадрдан төменге түссе, көрініс қанағаттандырарлықсыз болады.

Ойындарда мамандандырылған программаларға қарағанда, барлық үшөлшемді объектілер

полигондар, яғни көпбұрыштар негізінде құрылады. Бұндай элементтердің саны үшөлшемді сахналарда көп

болса, соншама оның шынайырақ көрінеді.