Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баян инф 2блок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

6. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары

Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес

компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

• процессор;

• жедел жад (RAM);

• тұрақты есте сақтау жады (ROM);

• қоректендіру блогы;

• енгізу-шығару порттары;

• ақпарат тасушылар.

Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Олар орналақсан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп атайды.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мəлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді.

Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен

жалғастырылған жəне жүйедегі құрылғылардың бəрін нақты сол басқарады.

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мəліметтер өңдеу құрылғысы болып

табылады. Ол компьютерді басқарады жəне программадағы командаларды орындайды.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған жəне оперативтік жадымен қатар аналық тақшада

орналасады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым

жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен

анықталады.

Жедел жады (RAM) – компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалр ғана сақталады. Жедел жадында ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен сәттерде ізсіз жоғалады. Жедел жад сыйымдылығы кем дегенде 1 МБ болады. Компьютерде жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады.

Тұрақты есте сақтау жады (ROM) – энергияға тәуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын зауыдта жазылады, олар көбінесе компьютерді тоққа жалғаған кезде оны тексеріп, іске қосу үшін қажет. Көлемі –32-64 Кб шамасында.

Енгізу-шығару порттары компьюетрді сыртқы баспа, модем сияқты құрылғылармен жалғастыру үшін қажет. Порттар екіге бөлінеді:

  • Жалпы мақсаттық паралель;

  • Асинхронды тізбекті.

7. Жады түрлері

ЭЕМ-нің жедел жады мен тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютердің ішкі жадын құрайды. Осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан жедел жадыға жазылады.

Жедел жады (RAM) – компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалр ғана сақталады. Жедел жадында ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен сәттерде ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны магниттік дискіге жазып отыру керек.

Сыйымдылығы 1 МБ немесе одан да жоғары болып келетін компьютердің жедел жады екі бөлімнен тұрады – алғашқы 640 Кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:

  • Операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және комп-ң жұмысқа жарамдылығын тексеретін опер.жүйенің бөлігін сақтауға, төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;

  • Экранға кескіндерді беру үшін;

  • Комп-ң қосымша құрылғыларымен бірге жүктелетін опер-қ жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады.Информация көлемін өлшеуде 8 биттен тұратын байт бірлігі қолданылады.Жедел жадының көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.

Комп. Өшкен кезде, оның жедел жады ешқандай программаны да, мәліметті де сақтай алмайды. Сонд комп өшкен мезетте-ақ процессордың адрестің шинасына бастапқы адрес қойылады. Бұл программаның қатысуынсыз аппаратпен іске асырылады. Бұл адрес жедел жадты көрсетпей тұрақты есте сақтау құрылғысын көрсетеді.

Тұрақты есте сақтау жады (ROM) – энергияға тәуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды. Т.е.с.құрылғысы-процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысымен мәлімет алмасып отырады. Т.е.с. құрылғысы комп өшіп тұрғанда да, информацияны ұзақ уақыт сақтайды. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын зауыдта жазылады, олар көбінесе компьютерді тоққа жалғаған кезде оны тексеріп, іске қосу үшін қажет. Көлемі –32-64 Кб шамасында.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жады д/а. Кэш-жады – жедел жады мен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.

Энергияға тәуелсіз жады – CMOS технологиясы б/ша жасалған, аналық тақша орналақсан микросхема. Бұл микросхема аналық тақшада орналақсан шағын батареямен қоректенеді. Компьютердің бірнеше жыл іске қосылмаса да батарея зарядын жоғадтпайды. Күнтізбе мен уақытқа арналған жүйелі сағат осы жадта орналасқан.