Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баян инф 2блок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

5. Есептеу техникасының даму сатылары

Есептеу техникасының дамуы ертеден басталды. XVII ғасырдың 40-жылдарында Б.Паскаль (1613-

1662) сандарды қоса алатын құрылғы ойлап тапты. XVIII ғасырда В.Лейбниц сандарды бөле алатын,

көбейте алатын жəне алу, қосу операцияларын бірнеше есе қайталап орындайтын механикалық калькулятор

жасап шығарды. XIX ғасырда Ч.Бэббидж (1792-1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару

жүйесімен біріктірді. XX ғасырдың 30-жылдарында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад,

механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру жəне оның жұмыс

істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман

дайындап шықты. В.Лейбниц 1666 жылы алғаш рет кез-келген санның екілік санау жүйесінде жазылатыны

туралы ұсынысын енгізіп, есептеу құрылғысына екілік жүйені пайдалануға болатындай мүмкіндік барын

білді.

Есептеу техникасының дамуын ЭЕМ-нің бес ұрпағына бөлуге болады, олар бір-бірінен элементтік

базасымен, логикалық ұйымдасуымен, математикалық жабдықталуымен, адамның машинамен қарым-

қатынасының ыңғайлылығымен ажыратылады. ЭЕМ ұрпақтарының алмасып отыруы, оның элементтік

базасының дамуымен байланысты.

1-буын - электрондық шамдар негізінде болды.

Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орын алатын жəне мыңдаған шамдар

орналасқан алып құрылғылар болды.

2- буын - жартылайөткізгіш диод пен транзисторлар негізінде болды .

Оларда электр шамдарының орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылды. ЭЕМ-нің көлемі

бірнеше есе кішірейді, пайдаланатын электр қуаты аз болды, онымен қатар амалдарды орындау

жылдамдығы секундына он мыңдаған амалға жетті.

3- буын – интегралдық схемалар негізінде болды .

Бұл машиналардың жады үлкен, амалдарды орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион амалға

жетті. Үшінші буындағы машиналарда бір мезгілде бірнеше программалардың қатар орындалуына

мүмкіндік туды.

4- буын - үлкен интегралдық схемалардан тұратын компьютерлер шыға бастады.

ЭЕМ-дер 70- жылдардан бастап өндіріске енді. Оның жады мен көлемі бірінші буындағы машиналардың

амалдарды орындау жылдамдығының ондағанымен пара-пар болды.

5-буын - аса үлкен интегралдық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ. Қазіргі кезде көптеген елдерде

бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Ол машиналар адамды кəдімгі адам сөйлейтін тілде

түсінуі қажет. Яғни, ЭЕМ « Жасанды инттелект» негізінде құрылуы қажет.

Электроника табыстарының нəтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш

машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.

Бұл күнде ЭЕМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың

дамуы компьютердің жаңа түрін – жеке пайдаланатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты.

Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалынады (Laptop немесе Note book). Қазіргі кезде ДК

адам əрекетінің барлық салаларында қолданылады. Соның ішінде медицинада кеңінен қолданылады.

Мəліметтер базасын жүргізу (науқастарды тіркеу, дəрі-дəрмектерді есепке алу) , халықаралық жаңалықтар

туралы жедел ақпарат алу (емдеудің жаңа əдістері, жаңа дəрі-дəрмектер жəне т.б.) Науқастарға

компьютерлік диагностика жүргізу.Түрлі физиологиялық қисықтарға (ЭЭГ, ЭКГ жəне т.б.) автоматты

талдау жұмыстарын жүргізу.