Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баян инф 2блок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

5. Есептерді эем-де шығару кезеңдері

Программалау –машинадан жауап ала білу өнері дейді, егер біз есеп шығаруда компьютерді

қолдануды шешсек, негізгі үш сатыдан өту қажет

1. Не істеу керек екенін нақты жəне айқын анықтау.

2. Қалаулы нəтижеге əкелетін əрекеттердің айқын тізбегін беру, яғни алгоритм ұсыну.

3. Алгоритмді машинаға түсінікті түрде өрнектеу.

Бірінші саты ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗ деп аталады. Екінші саты – ПРОГРАММАНЫ ҚҰРЫЛЫМДАУ.

Үшінші саты – «ПРОГРАММАЛАУ» сатысы.

Программалауды жазу жəне өңдеу өте қиын деп саналады.

Программалауда қолданылатын кейбір терминдер анықтамаларын келтірейік.

Əрекет –негізгі түсініктердің бірі. Бұл ақырлы жалғасы бар жəне қалаулы нəтижеге əкелетін іс-

қимыл.

Объект – бұл қандай да бір əрекет орындалатын материалды ұғым, жағдайының өзгеруі бойынша

оның нəтижесі туралы айтуға болады.

Инструкция – əрекетті қандай да бір тіл немесе формулалар жүйесі көмегімен сипаттау.

Процесс (есептеу)– бұл құраушы бөліктерге жіктеуге болатын іс-əрекет. Егер бұл бөліктер бір

уақытта емес, бірінен соң бірі қатаң орындалса, онда процесс тізбектелген деп аталады. Программа – процесті сипаттайтын жəне құрамды бөліктерден тұратын инструкция. Осылайша,

программа мəтіндік тəртібі əрекеттердің орындалу тəртібімен сəйкес келмейтін инструкциялар жиынынан

тұрады.

Орындаушы (процессор) – берілген инструкция бойынша іс-əрекетті жүзеге асырушы. Бұл –

орындаушы адам ба, автомат па, кім екендігін анықтай алмайтын бейтарап термин. Шын мəнінде, егер

нақты анықталған тілде жазылған программа жүзеге асса, онда орындаушы процессор болып табылады.

Алгоритм – қатаң алғышарттар – орындаушы үшін мақсатқа жеткізетін, яғни есепті программа құру

арқылы шығаруға мүмкінді беретін бұйрықтардың жиынтығы. Ол – арнайы іс-əрекеттердің белгілі бір

кезекпен орналасқан тəртібі. Ол алгоритмді атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тəртібін түсіндіретін ережелер мен

нұсқаулар тізбегінен тұрады.

6. Электронды кесте

Электронды кестені ойлап табу идеясы 1979 жылы Гарвард университетінің студенті Дэн Дриклинге келді. Досы Боб Франкстон екеуі бухгалтерлік кітаптың көмегімен экономикалық есептеулерді орындай отырып, VisiCalc деп атаған бірінші электронды кестені жетілдірді. Басында ол Apple II деген компьютерлер типтеріне арналған болатын, бірақ кейіннен барлық компьютерлер типіне тасмалданды.

1987 жылы Microsoft фирмасының Excel электронды кестесі пайда болды. Бұл программа, өзінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығу ақпараттының сапасын жоғарлата отырып, едәуір қарапайым интерфейсті ұсынды. Электронды кестелерді қолдану, оймен есептеусіз – ақ, берілгендермен жұмысты жеңілдетіп нәтиже алуға мүмкіндік береді. Ең кең қолданымды, электронды кестелер бухгалтерлік және экономикалық есептеулерде тапты.

Электрондық кестелер немесе кестелік процессорлар - деп кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютер көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобын айтады. Басқаша айтсақ, электрондық кестелер – кесте ішінде есеп - кисап жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы тәжірибелер жүргізу, т.б. мүмкіндіктер беретін арнайы программалық дестелер. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.

Қазіргі кезде бірнеше электрондық кестелер - Microsoft Excel, Lotus, Works тәрізді программалар кең қолданылып келеді.