Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баян инф 2блок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

3. Ақпаратты технология пəнінің приоритетті бағыттары

Ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде

берілген əлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді

қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе

олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар мен мəліметтер алу

деген сөз.

Ақпарат –табиғатта, қоғамда жəне адамзаттың өзі құрған жүйелерде

айналып жүретін мəліметтер жиыны. Сондықтан информацияны жинайды,

сақтайды, бір-біріне береді, өңдейді жəне пайдаланады. Бұл мақсат үшін

ақпараттық технологиялар пайдалынады.

Ақпараттық технологиялар дегеніміз информацияларды жинау,

жинақтау,сақтау, іздеу, өңдеу жəне беру тəсілдері мен əдістерінің жүйесі.

Ақпараттық технологиялар - қолданылу диапазоны ауқымды кешенді

ғылыми пəн.

Оның приоритетті бағыттары:

- Есептеу жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;

- ақпараттар теориясы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру мен

сақтауға байланысты үрдістерді оқытады;

- математикалық моделдеу, есептеу жəне қолданбалы математиканың əдістері

жəне олардың білімнің əртүрлі облыстарындағы фундаментальды жəне қолданбалы

зерттеулерде қолданылулары;

- жасанды интелектілік əдістер, адамның интелектуальды іс-əрекетіндегі

логикалық жəне аналитикалық ойлауын модельдеуші əдістер (логикалық тұжырым,

оқыту, сөзді түсіну, көру арқылы қабылдау, ойындар жəне т.б. );

- жүйелік анализ, əртүрлі сипаттағы күрделі мəселелер бойынша шешімдерді

дайындау мен негіздеу үшін пайдаланылатын əдістемелік құралдарды оқытады;

- биоинформатика, биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді оқытады;

- əлеуметтік информатика, қоғамды ақпараттандыру үрдістерін оқытады;

- машиналық графика, анимация, мультимедия құралдары əдістері;

- телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, соның ішінде, бүкіл адамзатты

біртұтас ақпараттық қоғамдастыққа біріктіретін ауқымды компьютерлік желілер ;

- əртүрлі қосымишалар, өндірісті, ғылымды, білімді, медицинаны, сауданы,

ауыл шаруашылығын жəне шаруашылық пен қоғамның іс-əрекетінің басқа да

барлық түрлерін қамтиды.

4. Санау жүйелері. Позициялық жəне позициялық емес санау жүйесі.

Санау жүйесі – сандарды жазуға арналған ережелер мен арифметикалық операцияларды орындау мүмкіндігін беретін арнай сандар жиыны. Санау жүйесі – санды атау және жазу әдістерінің жиынтығы.

Сандарды бейнелеу тəсіліне байланысты санау жүйелері позициялық жəне позициялық емес болып бөлінеді.Позициялық есептеу жүйесінде əрбір санның сандық мəні олардың сандағы орналасу жағдайына позициясына) байланысты. Позициялық емес есептеу жүйесіндегі цифрлар олардың сандағы орындарын өзгерткенде өзінің сандық мəндерін өзгертпейді .

Позициялық есептеу жүйесінде сандарды бейнелеу үшін қолданылатын цифрлар саны жүйесінің негізі деп алады. Өзімізге балалық кезден таныс ондық позициялық есептеу жүйесінде кез келген санды жазу үшін он цифр қолданылады ( жүйенің негізі 10 ) сонымен бірге əрбір цифр екі ақпарат бере алады: біріншіден өзінің меншікті мəнін 2;3; 4 ....., екіншіден сандарды жазу кезіндегі орнын.

Мысалға мына санды қарастырайық : 1579320.

Барлық разрядтарды оңнан солға қарай нөмірлейік, əдет бойынша бірлік разрядты нөлдік деп санайық

, онда ондық разряд бірінші, жүздік екінші, мыңдық үшінші жəне тағы ары қарай. Мұндай нөмірлеу

толығымен дұрыс, себебі бірлік – бұл 10-ның нөлінші дəрежесі, ондықтар – 10-ның бірінші дəрежесі,

жүздіктер – 10-ның екінші жəне т.с.с. , яғни əрбір цифрдың сандар жазылуындағы орналасуы 10-ның қандай

дəрезесі оны алмастыра алатындығын көрсететін нұсқау. Ал цифрдың өзінің мəні 10-ды қанша дəрежеге шығару керектігін көрсетеді. Сол себептен, біздің санымыз келесі түрде жазылады:

1*106+5*105+7*104+9*103+3*102+2*101+0*100

Ендігі жерде позициялық 2 есептеу жүйесінің мүмкін болатын негіздерінің ең азын таңдап алайық

жəне еркін натурал сандарды екінің дəрежесінің қосындысы көмегімен қалай жазуға болатынын

қарастырайық. Екілік сандарды жазу үшін тек қана екі цифр 0 мен 1 қолданылады.

Екілік сандардың жазылу үлгісі 101110.