Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баян инф 2блок.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
375 Кб
Скачать
☆

8. Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары

Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес

компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады. Оларға жататындар:

  • Монитор- ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өнделетін информацияны экранда көру үшін қажет;

  • Пернетақта- компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады.;

  • Принтер-ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы;

  • Плоттер-мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға, плакаттарға шығарады;

  • Сканер-құжаттан шығарылған сәулені қабылдап, олардан цицрлы сигналдар құрастыратын, түрлі мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған оптикалық құрылғы;

  • Модем-телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы;

  • Тышқан тетігі-көрсеткіші, екі не үш батырмасы бар, компьютерге электр өткізгіш сым арқылы жалғастырылатын арнайы манипуллятор.

9. Программалық жабдықтар құрамы

Программалық жабдықтар-ақпараттық технологиялырдың елеулі бір бөлігі, олар сервистік прогрммалардан, жүйелік программалар (операциялық жүйе, драйверлер, утилиттер, т.б) мен қолданбалы программалар пакетінен (MS Word, MS Excel, MS Access, Corel Draw, AutoCAD т.б.) тұрады.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:

  • Жүйелік программалық жабдықтар – ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарының жұмысын басқарып, құмыс істеп отырған адамды қажетті қолданбалы программалармен байланыстырады;

  • Қолданбалы программалар пакеті-белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалр жиынтығы.

10. Аналық тақша. Микропроцессор

Аналық тақша

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мəлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді.

Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен

жалғастырылған жəне жүйедегі құрылғылардың бəрін нақты сол басқарады.

Микропроцессор компьютердегі орталық мəліметтер өңдеу құрылғысы болып

табылады. Ол компьютерді басқарады жəне программадағы командаларды орындайды.

Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.

Микропроцессор бір мезгілде қатарынан 8, 16 немесе 32 биттік деректерді өңдей алады. 8 биттік процессор бір мезгілде небары бір бит дерекпен ғана жұмыс істей алады. 16 биттік процессор бір мезгілде 2 байт, ал 32 биттік процессор — 4 байт өңдейді.

Жалпы алғанда 16 биттік компьютер 8 биттік жүйеден жылдамдырақ жұмыс істейді, ал 32 биттік компьютер 8 және 16 биттік үлгілерден жылдамырақ. Микропроцессор, жады және периферия құрылғылардың арасында дерек беру үрдісі шина арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы процессорлардың көпшілігінде 32 биттік шина қолданылады, яғни бір мезетте 32 биттік дерек беруге болады. 64 биттік шиналы компьютер де болады, бірақ олар әлі кең тарай қойған жоқ.