Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконометрика каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер:

  1. Э. Маленко “Статистические методы экономической теории “ -М., 1981

  2. В. Дмитриев “Основы изучения и прогнозирования спроса на бытовые услуги “ –М., 1986г.

  3. В. Дмитриев “Проблемы методологии прогнозирования потребления бытовых услуг ” –М., 1989г.

  4. Г. Бобровский Комплексное прогнозирование создание новой техники -М . , 1992г.

  5. А. Гладышев Методы и модели экономического прогназирования -М., 1992г.

  6. В. Денискин Основы экономического прогнозирования в пищевой промыщленности -М., 1984г.

  7. Е. Чеиыркин Статистические методы прогнозирования -М., 1985г.

  8. Основы экономического и социального развития под. ред. В. Мосина –М., 1985г.

  9. Рабочая книга по прогнозированию под. ред. И. Бестужев-Лада -М., 1982г.

  10. А. Френкель Математические методы анализа динамика и прогнозирования производительности труда -М., 1972г.

№3 Зертханалық жұмыс

“ Мезгілдік мінездемесі бар экономикалық көрсеткішке талдау және болжау жасау технологиясы ”

Жұмыстың мақсаты: Өнімнің мезгілдік мінездемесі бар ұйымдарда шаруашылық әрекеті процессі кезінде пайда болатын циклдық тербелістерді оқып үйрену.

Қысқаша теориялық бөлім:

түріндегі регрессияның теңдеуі кәсіпорынның және өнім өндірісінің мерзімдік сипатымен тамақ және жеңіл өнеркәсібінің саласындағы шаруашылық қызмет процесінде пайда болатын циклдық тербелістерді алу үшін қолданыла алады. Өндірістік қуаттылықтың толық емес жүктемесі тамақ өндірісінің саласында шикізат ресурстарын қайта өңдеу мерзімдігімен, сонымен қатар жылдың әр кезеңінде жеке өнімді өндіру біркелкі емес қолдануына да байланысты.

Мерзімдік тербелісті болжау процесінде динамикалық қатардың әрбір деңгейін эволюторлық, жыл ішіндегі (мерзімдік) және кездейсоқ компонент деген өзара әрекеттестігінің нәтижесі ретінде көруге болады.

Эволюторлық тербеліс есептегі мәннің (тренд) ең үлкен жалпы тенденциясының өзгергендігін сипаттайды.

Жыл ішіндегі(мерзімдік) тербеліс 12 ай сайынғы кезеңмен қайталанатын тұрақты циклдық өзгертулерді көрсетеді.

Кездейсоқ тербелістер - болжау процесінде анық түрде есепке алынбаған әрүлгідегі факторлар әсерінен пайда болатын өзгертулерді көрсетеді.

“Өнім өндіру мерзімдік сипатымен кәсіпорынның көрсеткіштерін болжау ”тақырыбы бойынша практикалық сабақты жүргізудің мақсаты, өнім өндірісінің мерзімдік сипатымен тамақ және жеңіл өнеркәсібінің саласындағы шаруашылық қызмет процесінде пайда болатын циклдық тербелістерді алу болып табылады.

Берілген әдістемелік нұсқау мен лекция жинақтамаларын оқу барысында студент төмендегілерді білуі тиіс:

  • әрдайым әсер ететін факторлар секілді, әсер етуі периодты түрде білінетін белгілерді де бағалау үшін эволюторлық және мерзімдік құрылған бөлімдерін ерекшелеп көрсету;

  • аса үлкен уақыт аралығында болжанатын көрсеткішті өзгертудің жалпы тенденциясын зерттеу;

  • мерзімдік өзгертулерді талдау және мерзімдік толқындарды тұрғызу;

  • кварталды(айлық) тексеруде көрсеткіштің болжау шамасын іске асыру.

Мерзімдік өзгертулерді болжау процесінің алгоритмі.

I-ші этап. Аса үлкен уақыт аралығында болжанатын көрсеткіштің тенденциясын зерттеу(мысалы, кварталға да, ай сайынға да емес, тек жыл сайынға) графикпен талданған қисыққа бастапқы ақпараттарды енгізу.

II-ші этап. Әр түрлі жылдардың қысқа уақыт аралығында (мысалы, квартал және ай сайын) берілгендерді бекіту жолымен тұрғызылған графикті құру.

III-ші этап. Әр түрлі әдістермен уақытша қатардың жалпы тренді табылады (соңғы алымдар және т.б.),

регрессия теңдеуінің константалары есептеледі.

IV-ші этап. Мерзімдік өзгертулерді алу үшін теңдеуі бойынша есептелген динамикалық қатардың нақты деңгейін шамаларымен өзара тізбектей қойып шығу керек. Жыл ішіндегі өзгертудің сандық бағасы үшін мерзімдік индексті пайдалануға болады.

а) орташа арифметикалық әдіс бойынша алынатын мерзімдік индекс келесі формула бойынша анықталады:

(1)

мұндағы -уақыттың l-ші интервалы үшін мерзімдік индекс (квартал, ай) к-қарастырылып отырған мезеттегі l-дік интервалдар саны.

б) медиана бойынша мерзімдік индекс келесі формула бойынша анықталады:

(2)

шамасының жұп қатары үшін (3)

шамасының тақ қатары үшін мұндағы Р және S – қатарындағы орталық элементтердің реттік номірі .

V-ші этап. Кездейсоқ тербелістен баға тұрақтылығын өсіру үшін *100% қатарының орталық мүшелері үшін орташа арифметикалық бойынша мерзімдік индекстер анықталынады. Ол үшін *100% қатысты ауытқулар өсу немесе кему реті бойынша орналасады. Қатардағы сұрыпталған элементтерден белгінің минималды және максималды мәндері алынады, себебі нақ солар кездейсоқ факторлар әсер етуін ұстанған. Ары қарай қалған ауытқулардан орташа арифметикалықты анықтаймыз:

(4)

мұндағы, ауытқулардан бірінші және соңғы мәні түсіп қалады.

VI-шы этап. Тексеріледі: егер мерзімдік орташа индекстер 100% тең болмаса, онда есептеулердің нәтижелері дәлелденеді. Берілген қорытындыларды түзету мерзімдік индекс қосындысы 1200% (егер ай сайын қарастыратын болсақ) немесе 400% (егер – квартал бойынша алсақ) құрайтындай, ал орташа айлылықты немесе орташа кварталдық индекс 100% теңесетіндей үлгіде іске асады. Тек осы жағдайда ған өнім шығарудың кварталдық немесе айсайынғы көлемінің қосындысы 1 жылға шығарылатын өнімнің көлемімен сәйкес келетін болады.

Мерзімдік көрсеткішті түзету үшін мерзімнің әрбір индексін мерзімдік индекстің орташа кварталдық немесе орташа айлылығына бөледі:

(5); (6); (7);

мұндағы, , , – орташа арифметикалық бойынша, медиана бойынша қатардағы орталық мүшелерінің орташасы бойынша мерзімдік индекстер.

VII-ші этап. Мерзімдік индекстің түзетілгені бойынша толқынның мерзімдік қисығын тұрғызуға болады, бұндағы қисықтың әрбір нүктесі орташа кварталдар немесе орташа айлық деңгейлердің ауытқуларын көрсетеді.

VIII-ші этап. Көрсетуге алынған болжанатын көрсеткіштің бағасы келесі формула бойынша есептеледі:

(8)

мұндағы, – l-ші квартал немесе ай үшін t уақыт мезетіндегі айнымалылардың күтілетін мәндері.

– мерзімнің түзетілген индексі,

регрессия теңдеуі бойынша есептелген айнымалының мәні.

Келесі мысалда мерзімдік өзгертулерді оқып білудің ретін қарастырамыз.

Берілгені бойынша, сыра қайнату зауытының тобымен өндірілген өнім алу көлемін сипаттауға талап етілетіндер (№1-кесте): көрсеткіштің өзгерту тенденциясын орнату, мерзімдік индекстерді есептеу; мезімдік толқынның графигін тұрғызу.

1-кесте.

жыл

квартал

Шартты квартал

Ұйымд. Нақты көлемі, yt, млн. долл

Ұйымд. Есептеу көлемі, , млн. долл

1997

I

II

III

IV

қорытынды

1

2

3

4

1,2

3,6

5,0

2,2

12,0

2,8

2,9

2,97

3,03

42,8

124,1

168,4

72,6

1998

I

II

III

IV

қорытынды

5

6

7

8

1,3

3,8

5,0

2,9

13,0

3,09

3,16

3,23

3,29

42,1

120,3

154,8

88,1

1999

I

II

III

IV

қорытынды

9

10

11

12

1,7

4,0

5,6

2,5

13,8

3,36

3,42

3,49

3,55

50,6

117,0

160,5

70,4

2000

I

II

III

IV

қорытынды

13

14

15

16

1,7

4,4

6,0

3,1

15,2

3,62

3,68

3,75

3,81

46,9

119,6

160,0

81,4

2001

I

II

III

IV

қорытынды

17

18

19

20

1,8

4,7

6,3

3,2

16,0

3,88

3,94

4,00

4,07

46,4

119,3

157,5

78,6

2002

I

II

III

IV

қорытынды

21

22

23

24

1,9

5,0

6,7

3,4

17,0

4,17

4,20

4,27

4,33

45,9

119,0

156,9

78,5

2003

I

II

III

IV

қорытынды

25

26

27

28

2,1

5,3

6,9

3,4

17,7

4,39

4,46

4,53

4,59

47,8

118,8

152,3

74,1

2004

I

II

III

IV

қорытынды

29

30

31

32

2,5

5,6

7,3

2,9

18,3

4,66

4,72

4,79

4,89

53,6

118,6

152,4

59,8

  1. аса үлкен уақыт аралығындағы мәндердің өзгертілмелі тенденциясын зерттейміз:

№1- график

Қисық сызықтан көріп тұрғандай, 1997-2004 жж. Көрсетлкіштің сызықтық өсуі бақыланды.

  1. қысқа уақыт аралығында берілгендердің бекітілген графигін тұрғызамыз:

№2- график

  1. Уақытша қатардағы өзгертілген элементтердің жалпы тенденциясы үшін регрессия теңдеуінің параметрлерін есептейміз (№1-график). Ең кіші квадрат әдісін қолдана отырып аламыз.

  2. Мерзімдік индекстерді табамыз:

а) I-ші квартал үшін (1-ші формула бойынша) орташа арифметикалықты табамыз

II-ші квартал үшін:

III-ші квартал үшін

IV-ші квартал үшін:

б) медиана бойынша мерзімдік индексі (2) формула бойынша орындалады, себебі біздегі шамалардың жұп қатарлары Бұл формула келесі түрде болады:

V. өсу реті бойынша орналастырамыз:

I-ші квартал үшін: 42,1; 42,8; 45,9; 46,4; 46,9; 47,8; 50,6; 53,6;

II-ші квартал үшін: 117,0; 118,6; 118,8; 119,0; 119,3; 119,6; 120,3; 124,1;

III-ші квартал үшін: 152,3; 152,4; 154,8; 156,9; 157,5; 160,0; 160,5; 168,4;

IV-ші квартал үшін: 59,8; 70,4; 72,6; 74,1; 78,5; 78,6; 81,4; 88,1;

Әрбір осы төрт қатардан минималды және максималды элементтерді алып тастаймыз, сонда I-ші квартал үшін қатардағы орталық элементтер бойынша мерзімдік индекстер:

II-ші квартал үшін:

III-ші квартал үшін:

IV-ші квартал үшін:

Мерзімдіктің барлық элементтерін №2-кестеге енгіземіз:

№2-кесте

Квартал

Есептелген, мерзімдік индекстер

Орташа арифметикалық бойынша

Медиана бойынша

Орталық мүшелерден орташасы бойынша

I

47,00

46,65

46,73

II

119,59

119,45

119,27

III

157,85

158,75

157,02

IV

75,44

80,00

75,95

Ауытқуға қатысты қосынды

399,88

404,85

398,95

Орташа кварталдық индекс

99,97

101,21

99,74

VI. №2-кестеден көріп отырғандай мерзімдіктің орташа кварталдық индекстері 100%-ке тең емес, есептеулердің нәтижесін анықтау керек. Ол үшін (5), (6), (7)- формулаларды қолданамыз және де мерзімділіктің түзетілген индекстерін табамыз және осы алынғандарды №3-кестеге саламыз.

№3-кесте

Квартал

Мерзімдік индекстерді түзету

Орташа арифметикалық бойынша

Медиана бойынша

Орталық мүшелерден орташасы бойынша

I

47,01

46,09

46,84

II

119,665

118,02

119,59

III

157,89

156,85

157,44

IV

75,45

79,04

76,13

Ауытқу қосындысы

400

400

400

Орташа кварталдық индекс

100

100

100

VII. Алынған түзетулер бойынша мерзімділік толқынның қисығын тұрғыздық.

№3график

Қисықтың әрбір нүктесі сыраны жасаудың көлемі орташа кварталдық деңгейден 100% ауытқығанын көрсетіп тұр.

VIII. сыра жасаудың көлемін болжау үшін квартал бойынша кесуге сыра жасау көлемін болжау үшін (8)-формуланы қолданамыз, ол келесі үлгіде болады:

Квартал бойынша 2005ж. млн. долл. алынатын өнімді жасау көлемін анықтаймыз (t=41, 42, 43, 44)

Сыраның шикізат қоры жылына 22,18 млн. долл. құрайды.