Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Қуат көзін үнемдейік!

(Журналист пен тұтынушының әңгімесінен)

  • Ассалаумағалейкүм, аға!

  • Уағалейкүмссалам!

  • Мен сізді таныдым, менімен сұхбат құруға келген журналиссіз ғой.

  • Иә, иә, дәл өзімін.

  • Сіздің қарапайым тұрмыстағы қуат көздерін үнемдеуге арналған ақыл-кеңестеріңізді оқып жүрміз. Өте қызықты және оңай. Орындасаң, қуат көзін үнемдеуге болады.

  • Дұрыс айтасыз. Қарапайым ғана ережелерді орындай отырып, үлкен үнем жасауға болады. «Отбасының үнемдеуі – елдің үнемдеуі».

  • Тұтынушыларға тағы да қандай кеңестеріңіз бар, аға?

  • Біріншіден, үйдегі жарық шамдарын ауыстыру керек. Бүгінде қуатты үнемдейтін және жарығын да көз ауыртпайтын шамдарын түрлері шығып жатыр. Олар энергияны он есе аз шығындайды.

  • Ал жанып кеткен шамдарды қайда жібереміз?

  • Жанған шамдарды арнайы орындарға тапсыру керек. Жанған шамдар адамның өміріне қауіп келтіреді.

  • Көптеген отбасыларда теледидир үнемі қосулы тұрады. Ол кезде электр шығыдала ма?

  • Әрине. Мен қазір сізге есептеп беремін. Үнемі қосулы тұрған теледидарға жылына 1250 теңге, DVD ойнатқыш пен музыкалық орталықтардағы сағаттардың жұмысына 1500 теңге төлейсіз? Санаңыз, қанша ақшаны біз далаға шашамыз?

  • Шынымен де, күнделікті байқалмайтын нәрсе болса да, шығындарды қажет ететін енді түсіндім. Әңгімеңіз бен кеңестеріңізге рақмет.

  • Сізге де рақмет. Келіп тұрыңыз, менің әлі де көп кеңестерім бар.

  • Сау болыңыз, аға!

  • Сау тұр!

2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Диалогте қандай мәселе туралы айтылады?

2. Электр қуатын үнемдеу дегенді қалай түсінесіз?

3. Тұтынушының берген кеңестерімен келісесіз бе?

4. Электр қуатын сіз қалай үнемдейсіз?

3. Диалогті монологке айналдырыңыз.

4. Жаттығуды орындауға арналған сөздер мен сөз тіркестері: өшіріп жүру, тоңазытқыш, дұрыс орналастыру керек, электр қуатын үнемдеу үшін, үнемдеуге, кір жуатын машина, кірді толық салу, компьютерде жұмыс істеу, сөндіріп жүру, екі жүз есе, үш есе, болады.

5. Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз

Ғарыштан естілген қазақ тілі

  1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.

- Ақбота, «ғарыш» сөзін естігенде ойыңа бірден келетін сөздерді айтшы?

- Менің ойыма бірден келетін сөздер мыналар – Байқоңыр, ғарышкер, зымыран, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, аспан, ҚазСат.

- Бірінші Байқоңырды айттың ғой, оның қай жерде орналасқанын білесің бе?

- Иә, білемін. Байқоңыр – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала.

- Байқоңырдың тарихы қай кезден басталады?

- Байқоңырдың тарихы 1955 жылдың 12 қаңтарынан басталады. Сол күннің ертеңіне болашақ ғарышкерлер қаласы Байқоңырдың алғашқы қазығы қағылды.

- Бірақ қала ол кезде басқаша аталды емес пе?

- Сол кездегі қаланың атауы Ленинск болатын.

- Ол жақтың ауа райы қандай?

- Ол жердің қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң.

- Байқоңырдың «жабық қала» болғаны рас па?

- Иә, бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жыл бойына «аса құпия» нысан болып саналды.

- Ғарыш айлағы қай кезден бастап пайдалануға берілді?

- Байқоңыр ғарыш айлағы 1957 жылы пайдалануға берілді.

- Байқоңырды «Адамзат тарихында аты қалған қала» деп айтуға бола ма?

- Әрине, осы жерден адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа адам ұшты.

- Қай жылы екенін білесіз бе?

- 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттынды.

- Сол кезден бастап бұл жерде көп өзгерістер болған шығар?

- Дұрыс айтасың, Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістіген игеруде көптеген жаңашыл амалдардың страттық орнына айналды.

- Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көп өзгерістер болған шығар?

- 1992 жылы ақпан айында Қазақстанның басқа өңірлеріндегідей, Байқоңырда қалалық әкімшілік құрылды.

- Ғарыш айтағын жалға беру туралы шешім сол кездерде қабылданды ма?

- 1994 жылы 28 наурызда Қазақстан мен Ресей елдерінің Президенттері «Байқоңыр» айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен негіздері туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылып, ғарыш кешенін жалға беру шешімі бекітілді. Кейін ресейлік тараптың өтініші бойынша жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды. Жалдау ақысы жылына млн долларды құрайды.

- Қаланың аты қашан өзгертілді?

- 1995 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы – Лениниск қаласының аты Байқоңыр қаласына өзгертілді.

- Байқоңыр қаласы туралы жақсы біледі екенсің.

- Байқоңыр – жер кіндігі. Ол – біздің мақтанышымыз. Сондықтан оны барлық Қазақстан халқы жақсы білу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]