Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-apta.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆
  1. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

- Нанотехнология дегеніміз не?

- _________________________________________________________________________

- Нанотехнология жетістіктерін қай салада қолдану тиімді?

- _________________________________________________________________________

- Нанотехнологиядан қандай бір қатер болуы мүмкін бе?

  1. Диалогті монологке айналдырыңыз.

  2. Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.

Армандау, қажетті мақсат, білімсіздік, ғылыми негіздемесіз, әдет-ғұрып, кішкентай бөлшектер, тарих, ғылым, білім, қоршаған ортаны қорғау, тұңғыш, құқық, дін, адам ағзасы, саяхатшы, қатер, жағрафия, бұйым сапасы, өзгерту, жаңа материал, мүмкіндік, басымдық, көңіл аударғаны, аумақ, ғарыш, денсаулық, құрал-жабдықтар, сұраныс, тереңірек түсіну

Негізгі әдебиеттер.

1. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 11-14 беттер.

2. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш

Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 17-21 б.

3. З. Күзекова Қазақсша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

4. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова. Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

Сабақтың мақсаты:

Қазіргі уақытта барлық ұйымдардың бәрі пайда әкелмейтінін, бірақ соның нәтижесінде басқа жерлер оның пайдасын көретінін нақты мысалдармен түсіндіру. Бұл туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

Егер өнімдер немесе қызметтер өзін ақтауға қабілетті болса, өзінің өндірілуін қамтамасыз ете алатын болса, шыңындар бағамен теңдестіріледі.

Өнім немесе қызмет пайда әкелуі керек,болмаса оларды өндіру ма,ынасы жоғалады. Пайда адамдар тауар үшін, қызмет үшін төлейтін бағаға кіреді. Пайда дегеніміз өнімді қндіру үшін кеткен шығындарды есептегеннен кейінгі қалған бөлігі. Егер өнеркәсіп бір адамға тиесілі болса, онда барлық пайда оған түседі. Егер басқа адамдар да өнеркәсіпті дамытуға үлестерін қосса, онда пайда соларға бөлінеді.

Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлері пайда әкелмейді. Әдетте, бұлар қайырымдылық қызметтер, сондай-ақ, өнеркәсіппен айналысқысы келмейтін немесе айналыса алмайтын қызметтер. Мысалыға тұтынушылар қолданатын заттың қауіпсіздігін қадағалайтын топты алуға болады. Енді қайырымдылық ұйымы кедейлерге көмектеседі, басқалары қоршаған ортаның ластануын тоқтатқысы келеді, үшіншісі кінәсіз сотталғандарды қорғайды. Пайда әкелмейтін ұйымдардың тізімі шексіз.

Бірақ қайырымдылық ұйымдары да нарық заңдарына бағынуға тиіс. Пайда әкелмейтіг ұйымдардың шығындары жеке тұлғалардың және компаниялардың ерікті түрде берген қаржылармен жабылады. Бұл үйымдардың өздері де шындап келгенде, қайырымдылық оъектісі болып табылады.

Олар кез келген басқа мекеме сияқты нарықтық экономика жағдайында өздері ақтауы керек. Қарйырымдылық қорында жұмыс істейтін адамдар еңбегін төлеу үшін де қаражат керек.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қандай компаниялар, қандай ұйымдар қайырымдылық қызмет көрсетіп жүр, білесіз бе?

  2. Өзіңіз қайырымдылықты қалай түсінесіз?

  3. Қайырымдылық жасап көрдіңіз бе?

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс жасаңыз.

  1. Екі мәтінді салыстырыңыз

  2. Есіңізге сақтап қалғыңыз келген фактіні атап шығыңыз

  3. Мәтін бойынша семантикалық карта жасаңыз.

  4. Мәтін құрылымын өзгертпей, фактіні қосыңыз.

2-тапсырма. Жаттығуларды орындаңыз, дұрыс жауабын таңдаңыз.

  1. Егер өнімдер мен қызметке сұраныс болса, ...

А) онда оны міндетті түрде орындайтын адамдар табылады;

Ә) баға төмендейді;

Б) онда олар құнсызданады;

В) онда дүкендер бос болады.

  1. Сұраныс ұсыныстан қалып қойса, ...

А) онда өнеркәсіпке қауіп төнеді;

Ә) онда өнеркәсіп гүлденеді.

  1. Бүгінгі күндері сұраныс пен ұсыныстың ерекшелігі...

А) технологияға байлысты;

Ә) технологиядан алыс.

  1. Технология тауарды жылдам жақсартады, сондықтан ...

А) өндірушілер арасындағы бәсеке бір күнде тоқтамайды;

Ә) өндірушілер бәсекесі өзгертпейді.

3-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін мазмұнына сәйкес аяқтаңыз.

  1. Егер өнімдер мен қызметке сұраныс болса, ...

  2. Егер сұраныс ұсыныстан қалып қойса, ...

  3. Егер баға сатып алушылар үшін бір тауарға қызметке төлеуге дайын бағадан жоғары болса, ...

  4. Егер өнеркәсіп бір адамға тиесілі болса, ...

  5. Егер басқа адамдар да өнеркіәсіпті дамытуға үлестерін қосса, ...

4-тапсырма. Есімшенің анықтауыш қызметінде жұмсалуы.

Мәтін мазмұнында берілген есімшелі сөз тіркестеріне сұрақ қойыңыз, сөйлем құрастырыңыздар.

Пайда әкелмейтін ұйымдар, өнеркәсіппен айналысқысы келмейтін немесе айналыса алмайтын қызметтер, заттың қауіпсіздігін қадағалайтын топ, қоршаған орта, ерікті тұрде берген қаржылар, қайырымдылық қорында жұмыс істейтін адамдар, өнім жеткілікті мөлшерде қсынылмаған жағдай.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.

  2. З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010

  3. Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.

3-апта. ПАЙДА ЖӘНЕ МЕНШІК

2-тақырып. Меншік және жеке меншік

Сабақтың мақсаты:

Жер мәселесімен тікелей байланысты мамандық болғандықтан, ҚР. Жер кодексін білу маңызды. Сондықтан да студенттердің Жер кодексі туралы өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгеру.

Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.

Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.

Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.

Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.

Меншіксіз мемлекет те, өндіріс те, меншіксіз адам да, қоғам да жоқ. Неге солай?

Бәрі де меншікке көзқарастан басталады. Меншіксіз мемлекет болмайды. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін, стратегиялық маңызды салалар әскер, қорғаныс үшін. Осы міндеттер болмаса, мемлекет болуы мүмкін емес. Осы міндеттер жеке адамға берілсе, ол екінші ретте ғана мемлекетті ойлайды.

Меншіктің екі түрі бар:

1) Қоғамдық меншік.

2) Индивидуалдық меншік.

Екеуінің де әртүрлі формасы бар. Қоғамдық меншікке мемлекеттік меншік, кооперативтік меншік, акционерлік қоғам жатады.

Біздің конституциямызда тек екі меншік түрі – мемлекеттік және жеке меншік түрі көрсетілген.

Жекешелендіру не үшін қажет болды. Өркениетті елдердің бәрінде меншіктің бар түрі болуы қажет. Меншіктің түрі көбірек болса, экономикада жақсырақ болады.

Әртүрлі меншік формасы болмаса, нарықтық экономика болмайды. Одақ кезінде меншіктің бір түрі ғана болды – мемлекеттік меншік. Бір ғана меншік түрі болатын мемлекетте бәсеке болмайды.

Тек қана мемлекеттік меншік болғанда әр өндіріс ешқандай сапаны, бағаны ойламайды. Пайдасын мемлекет алады. Бірақ әр өндіріс пайда табу үшін бағасын көтереді. Өндірістен шыққан тауар үлкен бағамен шығады. Яғни шыққан шығынның бағасын көтеру – шығынды экономика болып табылады. Өткен уақыттарда нанның бағасының шығынын өтей алмайды. Нарықтық экономикада бірінші тұтынушы рөл атқарады, әртүрлі меншік керек. Мемлекеттік меншік пен әртүрлі меншікарасында арасалмақ болады. Сондықтан жекешелендіру пайда болады. Ал ұлттық меншікке алу, жекешелендіру кезең сайын қайталанып тұратын үрдіс.

Жаппай жекешелендіру бар. Одақ кезіндегі мемлекеттік меншікте халықтың - әкеміздің, шешеміздің, әже-атамыздың, бізідң үлесіміз бар. Соны ойлап, жаппай жекешелендіру - мемлекеттен кішкене үлесін беру үшін инвестициялық жекешелендіру купоны беріледі.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Меншік дегеніміз не?

  2. Меншіктің қандай түлері бар?

  3. Мемлекеттік меншік дегенміз не?

  4. Жеке меншік деген ұғым нені білдіреді?

  5. Жекешелендіру деген не үшін қажет?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]