- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз.
- •2. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3.Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Көшеде жол жүру ережесін үйренеміз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Диалогтегі монологке айналдырыңыз.
- •3.Диалогтегі жол қозғалысына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, оқыңыз.
- •Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болп табылатын ақпараттарды белгілеңіз. Бағдаршамның шығу тарихы
- •Несиені қалай алуға болады?
- •Таулар, таулар
- •Таулар, таулар
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •Диалогті рөлге бөліп оқып шығыңыздар. Базардағы саудаға қатысты өздерге назар аударыңыздар. Саудаңыз сәтті болсын десеңіз....
- •Ет саудасы
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •11. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалогты рөлдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сз тіркестерін тауып оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз. Өзіңізге жаңа олып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. «көк базардың» тарихынан
- •Қуат көзін үнемдейік!
- •Ғарыштан естілген қазақ тілі
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сұхбатқа ат қойыңыз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Тоқтар ағамен сұхбат
- •6. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Суды үнемдеу
- •«Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз»
- •Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалаеып, төменде берілген микродиалогті жалғастырыңыз.
- •Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалог бойынша срақтарға жауап беріңіз.
- •Апта. Кеңестік саралану және аймаққа жіктеу
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке тақырып қойыңыз.
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Халқымыз бар кемеңгер
- •Диалогті рөлге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогті монологке айналдырыңыз.
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.
- •Айтыс өнері ізденуді талап етеді
- •Сүйікті ісіңіз қандай?
- •1. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Етістіктерге көңіл бөліңіз.
- •3. Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монологический текст.
- •Тойыңыз тойға ұлассын
- •Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...
- •Наурыз тойы
- •Мәтінді оқып, озіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырып
- •2. Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап берініздер.
- •Суретші әлемінде
- •Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- •Қазыбектің алғаш көзге түсуі
- •Әр үйге шаттық орнайды
- •Қазақтың тұңғыш операсы
- •Үй салу оңай ма?
- •2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
- •Диалогті рөлдерге бөліп оқыңыз.
- •Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Диалогке ат қойыңыз. Сыртқы саясат
- •2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.
- •Тілдік этикет
- •1. Мәтінді оқып, өзіңізге жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кибернетика –басқару өнері
- •Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
- •Әңгімелесуге арналаған сұрақтармен танысыңыз.
- •Астана – елімнің алтын ордасы
- •Астана – егемендік перзенті
- •13. Мәтінді оқып, өзіңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттарды белгілеңіз.
Үй салу оңай ма?
Бұл сұрақты әрбір адам өзіне қояр. Әрине, өзіңнің армандайтын үйіңді салып, өзіңнің армандаған бағыңда демалғанға не жетсін? Мұның барлығы көптеген шығындарды талап етеді. Ол- қаржы, ол- қаржылық ... .
Ал шындыққа келсек, көптеген сарапшылардың есептеуі бойынша үйді сатып алмай, өз қолыңмен салу, қаржының 30%-ын үнемдейду екен.
Қаржыңды үнемдеу үшін «Үй салуды неден бастау керек» деген сұрақ туындайды. Барлық сарапшылар мен үй салу тәжірибесі бар адамдар үй салуды, оған кететін шығынды есептеуден, яғни қаржыңды дұрыстаудан бастау керектігін айтады. Қаржыңды дұрыстағаннан кейін ғана үй салудың алғашқы қадамын жасайсың.
Ол үшін көптеген сарапшылар мынадай кеңес береді:
1.Салатын үйдің жерін таңдау және оны тазарту, инженерлік жағдайын жасау (су ағызу орындарын таңдау, электр жарығын, газ, жылу өткізу).
Үйдің жобасын дайындау.
Салатын үйдің телімін тазарту мен инженерлік жағдайды қарастыруда міндетті түрде мамандарды жалдаған дұрыс. Бұл сіздің қаржыңызды да, күшіңізді де үнемдеуге көмектеседі.
Үйдің жобасын қожайынның өзі жасауына немесе сәулетшілерге тапсырыс беруіне болады. Көп жағдайда, үй салу тәжірибелері бар адамадар мамандарды жалдау керектігін айтады. Өйткені үйдің барлық бөлшектеріне кететін шығынды тек қана мамандар есептеп бере алады екен.
Үй салудағы келесі қадам – оның іргесін тұрғызу. Барлық коммуникация өткізілген соң, үйдің іргесі құйылады. Үйдің іргесін құю – үй салудағы ең қымбатқа түсетін бөлшек болып табылады. Өйткені ол – сіздің үйіңіз тұрғызылатын тұғыр. Тұғырдың беріктігі – тұрғызатын үйіңіздің мықтылығы деуге болады.
Үйдің қабырғасын қалауда аса мұқияттылық керек. Бүгінде үй құрылысы саласында көптеген материалдар ұсынылады. Олардың әрқайсысының өзіне тін артықшылықтары мен жетіспеушіліктері болады. Көбіне жеке үй салушылар қарапайым кірпішті таңдайды.
Үйдің іргесі құйылып, қабырғасы қаланғаннан кейін, оның төбесі жабылады, терезелері қондырылады. Сонан соң үйдің ішкі құрылысы басталады. Ол ішкі коммуникацияны өткізу, сылау, сырлау, әктеу, әрлеу. Бұл сіздің армандаған үйіңіздің жартылай ғана біткені. Алда оның ішін талғаммен жинау тұр... Іске сәт!
2.Берілген сұрақтарды мәтіннің мазмұнына сәйкес орналастырып, жауап беріңіз.
1) Үй салуды неден бастау керек?
2) Мамандар үй салуда қандай кеңестер береді?
3) Үйдің дұрыс салынуы неге байланысты деп ойлайсыз?
4) «Үй салу оңай ма?» мәтініндегі кеңестер сіздің көңіліңізге қона ма?
5) Мәтінде берілген кеңестерге қосарыңыз бар ма?
6) Армандаған үйіңізде тұру үшін қандай қадамдар жасауыңыз керек
Қазақстанда еқыұ саммиті өткізіледі
Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз. Прочтите диалог по ролям. Переведите.
Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы туралы не білесіз?
Бұл - қысқарған атауы ЕҚҰЫ немесе орыс тіліне ОБСЕ деп алып жүрген халықаралық ұйым. Ұйымның ресми құрылған кезі 1975 жыл 1тамыз болып саналады.
Бұл ұйымның мүшелері кімдер?
Бүгінде бұл халықаралық ұйымға Еуропа мен Орта Азияның, Солтүстік Американың 56 мемлекеті мүше.
ЕҚҰЫ-ның басты мақсаты қандай?
Басты мақсаты – ел мен елдің арасындағы, елдердің өз ішіндегі шиеленістердің алдын алып, оның салдарын жою. Бұл халықаралық ұйым құрылған кезінен бастап әлемдегі бейбітшілікті сақтау ісіне зор үлесін қосып келеді.
Қазақстан бұл ұйымға қашан кірді?
1992 жылдан бастап Қазақстан ЕҚҰЫ мүшесі.
Осы қысқа мерзімде бүкіл әлем қауымдастығы Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған ғой?
Дұрыс айтасыз, сонымен қатар елімізге осындай беделді халықаралық ұйымға төрағалық ету міндетін сеніп тапсырып отырғандығы баршамыз үшін үлкен мақтаныш.
Бұрын-соңды ТМД елдерінен ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткендер болды ма?
Жоқ, болған емес. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет бізге сеніп тапсырылып отыр. Мұның өзі, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығымен тәуелсіздігіміздің 18 жылында еліміздің халықаралық аренада беделі арта түскендігінің, еліміздегі тұрақтылық пен өркендеудің зор айғағы.
Сұхбат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы по диалогу.
ЕҚҰЫ-ның құрамында қанша мемлекет бар?
ЕҚҰЫ-ның басты мақсаты қандай?
ЕҚЫҰ Қазақстанға қандай сенім артты?
ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ненің зор айғағы?
Сұхбатқа ат қойыңыз. Дайте название диалогу.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, төменде берілген микродиалогті толықтырыңыз.
Сіз, соңғы рет ЕҚЫҰ саммиті қай елде, қай жылы өткізілгенін білесіз бе?
Иә, білемін. Соңғы рет ЕҚЫҰ саммиті 1999 жылы Стамбұлда өткізілді.
Қазақстанда 2010 жылдың 1-2 желтоқсан күні Астана қаласында өткізіледі.
Бұл саммит еліміздің тарихында қалады ғой?
Бұл саммит еліміздің ғана емес, бүкіл әлем тарихынан орын алатын оқиға болмақ. Кездесу тарихта Астана саммиті деген атпен қалады. Саммиттің бүкіл қабылданған құжаты Астана мәлімдемесі, Астана декларациясы, Астана меморандумы, Астана хаттамасы деген атпен есте қалады.
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері: халықаралық бедел, қоғамдық пікір, қолдау, мерей, жемісті жұмыс.
Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. Орыс тіліне айдарыңыз. Прочтите диалог по ролям. Переведите.
Астана қалаында өтетін саммитке қанша мемлекет қатысады?
Астана қаласында өткізілетін саммитке ЕҚЫҰ-ның 56 қатысушы-мемлекеттері мен 12 әріптес елдердің мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Оған сонымен қатар 68 халықаралық ұйымның өкілдері де қатыспақ.
Бұл кезде барлық әлемдік ақпарат құрылдарының назары осы алқалы жиында болатын шығар?
Иә, ЕҚЫҰ саммиті туралы хабар таратып, оның барысын көрсету үшін елімізге және елордаға әлемнің түкпір-түкпірінен 1 мың 500-ге тарта БАҚ тілшілері келеді.
Осы кезге дейін ТМД елдерінде немесе Орталық Азияда басқа осынша елдің басшылары саяси сұрақпен жиналған ба?
Жоқ, тіпті Кеңес Одағының 70 жыл тарихында да бірде-бір рет 50-ден астам елдің басшылары саяси сұрақпен жиналған емес.
ЕҚЫҰ саммитінің Қазақстан үшін қандай мәні бар?
ЕҚЫҰ саммиті – қазақ үшін де, Қазақстан үшін де ерекше оқиға. Себебі, бұл саммит - Елбасымыз Нұрсуұлтан Әбішұлы Назарбаевтің халықаралық беделі, әлемдік бастамаларды қолдауының нақты көрсеткіші және Қазақстанның осы ұйымға төрағалық ету жұмысына берілген баға деуге болады.
Дұрыс айтасыз, бұл саммит біздің еліміз үшін де өте үлкен мерей және мәртебе.
Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Ответьте на вопросы по диалогу.
ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның қай қаласында, қай күні өткізіледі?
Қазақстанға саммитке келетін қатысушы мемлекеттер саны қанша?
Соңғы рет саммит қай жерже өткізілген?
Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монолог.
Мына суреттердің қайсысы диалог мазмұнына сай келеді? Какой из этих рисунков подходит по содержанию предыдущему диалогу?
Диалогті рөлге бөліп оқыңыз. Аударыңыз. Прочтите диалог по ролям. Переведите.
Саммит дегеніміз не?
Саммит – сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғары басшыларының кездесуі.
ЕҚЫҰ саммитіне кімдер келеді?
Саммитке ұйымға мүше елдердің басшылары жіне үкімет басшылары келеді. Бұл – жоғары деңгейдегі кездесу.
ЕҚЫҰ тарихында қанша рет саммит өткізілді?
ЕҚЫҰ құрылған кезден бері жоғары дәрежедегі алты саммит өткізілді.
Олардың ішіндегі ең маңыздыларын атап беріңізші.
Ең маңыздылар қатарында 1975 жылғы ұйымның негізгі құжатын қабылдаған Хельсинки саммиті, 1990 жылы Жаңа Еуропа Хартиясына қол қойылған Париж саммиті, 1994 жылғы негізгі институционалдық құрылымдарды аяқтау жөніндегі шешім қабылданған Будапешт саммиті және 1999 жылғы Еуропа қауіпсіздігі жөніндегі қорытынды Хартияға қол қойылған Стамбул саммиті бар.
1-2 желтоқснада Астана қаласында өтетін ЕҚЫҰ саммитінің басты мәселелерінің бірін айта аласыз ба?
ЕҚЫҰ саммитінің басты мәселелерінің бірі – Еуроатлантикадағы қауіпсіздіктің тұтастығын қалай қамтамасыз ету жөнінде болады.
Осы саммит барысында келген қонақтарда Қазақстан туралы пікір қалыптасады ғой?
Әрине, қонақтарға жемісті жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, олардың Қазақстан туралы және қазақстандықтардың өмірі туралы жақын танысып, өз елдеріне қайтқанда барынша мол мәлімет ала кетулеріне қажетті жағдай жасаймыз. Елімізге келген қонақтар Қазақстанның тәеулсіздіктен бергі жылдарында қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық , саяси мәселелердегі жетістіктерін нақты көре алуы керек.
Диалог бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
ЕҚЫҰ саммитіне түсінік беріңіз.
ЕҚЫҰ тарихында өткізілген саммиттердің ең маңыздыларын атаңыз.
Астана қаласында өтетін ЕҚЫҰ саммитінің басты мәселесі қандай?
Қазақстанға саммитке келген қонақтар қандай мәлімет ала алады?
Диалогті монологке айналдырыңыз. Преобразуйте диалог в монолог.
Диалогтегі тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып оқыңыз.
Салиқалы, хаттама, мойындау, сыртқы саяси келісімдер, төрағалық, ұйым, салдар, өркендеу, мақтаныш, мәлімдеме, мерей, үкімет басшылары, алты саммит, басты мәселеле, қауіпсіздіктің тұтастығы, қамтамасыз ету, жемісті істеу, мол мәлімет, жағдай жасау, саяси мәселелер, жетістіктер.
Негізгі әдебиеттер:
1. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 64-67 беттер.
2. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Курманова, К.Көпеш, Г.Нашанова, А.Ыбраш
Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 3-Негізгі оқу құралы. Жоғары деңгей. – Астана, 2010. – 81-85 б.
14-апта. ҒАЛАМШАР АЙМАҚТАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
1-тақырып. Еуропаның геосаяси аймақтары және еуропалық инфрақұрылым
Сабақтың мақсаты:
Еуропаның геосаяси аймақтары туралы материалды нақты мысалдармен түсіндіру, еуропалық инфрақұрылым туралы материалды нақты мысалдармен түсіндіру. Осы туралы студенттердің өз ойларын еркін әңгімелеп беруге уйрету, салалық терминдер жүйесін толық және терең игерту, коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық формаларды сауатты меңгерту.
Айтылым бойынша: кәсіби терминдер, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырыптағы мамандыққа қажетті сөздерді болашақта іскери кездесулерде ауызша баяндай алуға, пікірталасқа түсе білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша кәсіби деңгейде өз ойын жазбаша дұрыс баяндауға үйрету.
Оқылым бойынша: өзіне қажетті материалдарды, қосымша мәліметтерді оқып түсінуге төселдіру.
Тыңдалым бойынша: кәсіби терминдерді, тақырып бойынша берілетін мәтіндерді, сұхбаттарды, аудиоматериалдарды тыңдап түсіну, мәлімет ала алуға машықтандыру.
Еуропадағы геосаяси, әкімшілік және экономикалық жағдай басқа аймақтардағыдай үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Бүгінгі күні Еуропаны геосаяси жағынан Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Орталық Еуропа деп бөлуге болады. Әрине бұл бөліністер арасына нақтылы шекара қою мүмкін емес. ІІ-ші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде КСРО өзінің геосаяси ықпал ету аймағын кеңейтті. Шығыс Еуропада жаңа социалистік мемлекеттер: Эстония, Латвия, Литва, Польша, Чехославакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Югославия, ГДР пайда болды.
Бірақ Батыс Еуропаға қазіргі тарихта ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейінгі капиталистік елдерді жатқызуға болады. Еуропа екі геосаяси зонаға бөлінеді, олар әр түрлі екі өркениетті: талассократиялық (НАТО елдері) және теллулократиялықты (Варшава Келісімі шарты) орнатуды көздеді. 80-шы жылдардың ортасында КСРО-да болағн ішкі саяси үрдістер әлемдегі барлық геосаяси жағдайды өзгертті. Варшава Келісімі және Кеңестер Одағы ыдырады.
Батыс Еуропадағы талассократия орталығы болып Ұлыбритания саналады. Қазіргі кезде Ұлыбритания талассократия орталығы – АҚШтың кезекті одақтасы болып табылады.
Орталық Еуропа стратегиялық, мәдени және тіпті белгілі дәрежеде саяси түрде біріккен орынды геосаяси құру болып табылады. Этникалық түрде бұл кеңістікке негізінен бұрынғы Аустро-Венгрия империясының, сондай-ақ Германия, Пруссия, поляктық және украиндық аумақтарының бөлігін қосады. Бүгінгі күні жағдайларға байланысты мұндағы негізгі нығайтылған күш ретінде Германияны қарастыруға болады.
Әкімшілік және экономикалық бөлініс. Әкімшілік тұрғыда Еуропа басқа аймақтар сияқты мемлекеттерге бөлінеді. Экономикалық жағынан елдер біркелкі дамымаған. Германия, Бельгия, Люксембург, Голландия, Франция мемлекеттерін Еуропадағы экономикалық орталығына жатқызуға болады. Сондай-ақ Батыс Еуропада да экономикалық орталық болып табылады. Дәл осы аймақта өндіріс күші шоғырланған. Шығыс Еуропада өндірістің даму деңгейі әлдеқайда төмен, дегенмен оның шығыс бөлігіндегі (бұрынғы КСРО аумағы) даму деңгейі мен экономикалық әлеуетінің мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан да Еуропаның өзге экономикалық орталығы ретінде бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігін қарастыруға болады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Талассократия дегеніміз не?
Батыс Еуропадағы талассократия орталығы болып қай ел саналады?
Орталық Еуропаға кіретін елдерді атаңыз.
Әкімшілік тұрғыда Еуропа қандай мемлекеттерге бөлінеді?
Теллулократия дегеніміз не?
1-тапсырма. Мәтінге бір қиын сұрақ, бір оңай сұрақ қойыңыз.
2-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
әкімшілік жағдай - .........................................................................................................................
экономикалық жағдай -..................................................................................................................
геосаяси жақ-...................................................................................................................................
капиталистік елдер-.........................................................................................................................
экономикалық бөлініс-....................................................................................................................
экономикалық орталық-..................................................................................................................
3-тапсырма. Шағын мәтінді ары қарай жалғастырыңыз.
Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер. Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі экономикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД-ның кейбір елдері жатады. Дүние жүзі бойынша олардың жалпы саны 50-ден астам, ал қалғандары дамушы елдер болып табылады. Бұл топтағы елдер өз кезегінде ішкі айырмашылықтары мен әкономикалық даму деңгейіне, тарихи ерекшеліктері мен даму дәрежесіне қарай …
4-тапсырма. Сөйлемдерді өз ойыңызбен аяқтаңыз.
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін ..............................................................................................
Еуропадағы геосаяси, әкімшілік және экономикалық жағдай ....................................................
............................................................................................................................................................
80-шы жылдардың ортасында КСРО-да болағн ішкі саяси үрдіс ..............................................
...........................................................................................................................................................
Еуропадағы елдер экономикалық жағынан біркелкі дамымаған................................................
...........................................................................................................................................................
Солтүстік Еуропа инфрақұрылымы. Солтүстік Еуропаға Скандинав елдері мен Финляндия кіреді. Скандинав елдеріне Швеция, Норвегия, Исландия, Дания және Фарер аралдары жатқызылады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін бүл елдерде жетекші өніріс саласы: балық шаруашылығы – Финляндия, темір рудасын өндіру Швецияда, мал шауашылығы – Данияда дамыған болатын. Соғыстан кейін түрлі-түсті металлургия (Норвегия, Исландия), ауылшаруашылық өнімдерін (Дания), кеме жасау (Финляндия, Швеция), машина жасау салаларын қайта өңдеу басталды.
Орталық Еуропа инфрақұрылымы. Орталық Еуропа құрамына бес республика кіреді: үш федеративті (ФРГ, Аустрия, Швейцария) және екі унитарлы (Франция, Ирландия), сондай ақ, үш корольдік (Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды) екі княздік (Монако және Лихтеншейн). Ұлыбритания, Германия және Бельгияда тас көмірдің ірі кен орындарының, ал Ұлыбритания, Францияда және Люксембургте темір рудасының болуы ХІХ ғасырдың аяғында аймақта күшті энергетиканы, металлургияны, машина жасау мен химиялық өнеркәсіпті дамытудың алғы шарты болды. Қазіргі таңда аймақта экономикалық дамудың үш маңызды орталықтарының бірі орналасқан. Орталық Еуропада негізгі қаржылық орталықтар (Лондон, Цюрих, Базель, Майндағы Франкфурт, Дюссельдроф, Париж) орналасқан. Бұл жерде жер шарындағы үш ірі халықаралық туризм аудандарының бірі орналасқан.
Шығыс Еуропа инфрақұрылымы. Шығыс Еуропа елдерінің құрамына бұрынғы социалистік мемлекеттер кіреді. Елдерде біршама тас көмір (Польша, Чехия, Украина), темір рудасының (Ресей), калий тұздарының (Беларусь), мыс (медь) рудасының (Польша) қорлары бар. Аймақтың оңтүстігінде пайдалы қазбалар: хромиттер және никель, полиметалдар, мұнай және газ, тас көмір қорлары да бар. Ұзақ уақыт бойы елдердің экономикасы КСРО мен тығыз байланыста дамиды. ХХ ғасырдың аяғына қарай елдердің интеграциялық (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) ыдырауы, кәсіпорындардың жекешелендірілуі, өндірісті қайта бағдарлау кең етек алды.
Оңтүстік Еуропа инфрақұрылымы. Оңтүстік Еуропа құрамына Пиреней, Апенин және Балкан түбегінде орналасқан елдер кіреді: Португалия, Испания, Андорра, Гибралтар, Италия, Сан Марино, Ватикан, Мальта және Грекия, Италия мемлекеті жоғары дамыған индустриялды мемлекет болып табылады. Экономикалық дамуында минералды, әсіресе энергетикалық ресурстарға тапшы екендігі байқалады. Дегенмен, бұл аймақ пайдалы қазбаларға өте бай. Тұщы судың жеткіліксіздігі де байқалады, бірақ та аймақтың климаттық жағдайы ауыл шаруашылығына, туризм және басқа да қызметтерге пайдалы.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Солтүстік Еуропаға қандай мемлекеттер кіреді?
Орталық Еуропаға кіретін елдерді атаңыз.
Шығыс Еуропа инфрақұрылымы туралы не ойлайсыз?
Оңтүстік Еуропаға қандай мемлекеттер кіреді?
Орталық Еуропа инфрақұрылымының басты көздерін атаңыз.
1-тапсырма. Мына сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
жетекші өндіріс саласы-
ірі кен орындары-
қайта өңдеу-
негізгі қаржылық орталық-
интеграцияның ыдырауы-
индустриялды мемлекет-
2-тапсырма. Сөйлемдерді сәйкестіріңіз.
Еуропада алғашқы академиялар |
Платонның шәкірттері сұхбаттасу үшін жиналған афиндық шағын Академа орманының атауынан шыққан. |
«Академия» сөзі |
ХҮІІ ғасырда пайда болған. |
Барлық академиялардың ортақ міндеті |
Шығыс монархтары мен ортағасырлық Еуропа корольдері кезінде ғалымдар ұжымын және Қайт өрлеу кезеңіндегі философтар, ақындар, суретшілер үйірмесін атаған. |
Кейіннен академия деп |
ол негізгі ғылымды дамыту. |
1635 жылы Францияда тұңғыш академия |
академиялармен үйлестіріледі. |
Көптеген ғылыми зерттеулер |
кардинал Ришельенің бұйрығымен құрылды. |
Негізгі әдебиеттер:
Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе. Алматы, 2008.
З. Күзекова Қазақша сөйлейміз. Тілді өз бетінше үйренуге арналған. –Алматы, 2010
Е.Тулешов, Ж.Тұрлыбекова, Ү.Каюпова Қазақша үйренейік. Ересектерге арналған оқу құралы. –Астана, 2010.
14-апта. ҒАЛАМШАР АЙМАҚТАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
2-тақырып. Пікірталас (көшбасшының пікірталас мәдениеті)
Сабақтың мақсаты:
Сөз мәдениетінің негізін ұлттық әдеп пен тілдік этикетті білдіретін шаблондар арқылы игерту, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану, кәсіби тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін ресми кездесулерде, келіссөздерде, пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру.
Мәтінді оқып, мазмұнымен ой бөлісіңіз.
Бүгінгі қоғам сөз еркіндігіне мүмкіндік береді. Бірақ бұл не айтқысы келсе, соны айта беру деген емес, ұтымды ойдың, адамгершілік норма қалыптары мен қоғам талаптары шеңберіндегі көзқарасты танытуға, оны дәлелдей алуға деген мүмкіндік. Сондықтан да, шешеннен талап етілер шарттардың қатарына аудиториямен жұмыс істеу десек, сұрақтарға әдеп тұрғысынан жауап бере білу, пікірталасты дұрыс өрбіте білу, полемиканы шебер меңгеру, көпшілікпен мәдениетті әңгіме жүргізіп, тіл табыса алуда негізгі болады. Шешендік сөздің ерекшелігінің өзі де сол бетте көпшілікпен бетпе-бет әңгіме жүргізу, диалог құра білу. Күнделікті қарым-қатынаста біз пікірталас мәдениетіне көп мән қоя бермейміз.
Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторяға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды не қарсы көзқарас пайда болады. Егер шешен пікіріне орай сұрақ болмаса, онда әңгіменің мақсатына жетпеуі деп те бағалау керек.
Сұрақтың мазмұнына қарай екіге бөлуге болады.
Түсіндірме сұрақтар
Қосымша сұрақтар
Пікірталас түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы
өзінің , көзқарас,ой-пікірлерін дәлелдеу. Пікірталас түрлері:
пікіраламасу
ойталқы
пікірсайыс
ойбөліс
айтыс
Пікірталастың нәтижесі сөз айтысының логикалық құрылымында, тойтарыс беру тәсілдеріне, репликаны қабылдай білуге, осал тұсты таба алуға байланысты болады.
1-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, жай және күрделі жоспар құрастырыңыз.
Жай жоспар
Күрделі жоспар
1.Бірнеше тармақтардан тұрады
2. Негізгі ойды ашу құрылады құ
ұшін құрылады
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
2- тапсырма. Шығармашылық тапсырма.
Қарама-қарсы екі топ құрыңыздар. Бірінші топ – жастар атынан, екінші топ қарттар атынан «Жастар – ұлт болашағы» тақырыбына пікірталас өткізіңіздер.
3- тапсырма. Жаһанданудың жалпы ұлттық салт-санаға тигізер әсеріне айналадағы әр түрлі жастағы адамдарға сауалнама жүргізіп, соңынана қорытындсына талдау жасаңыздар.
4- тапсырма. Екі тапсырманы негізге ала отырып, кестені толтырыңыз.
№ |
Қорытынды түрі |
Қолданылатын сөздермен сөз тіркестері |
Тақырып |
1. |
Жалпылама қорытынды |
«сонымен», «ендеше» |
|
2. |
Тыңдаушыларды нақты бір іске жұмылдыру |
«Бірішіден», «екіншіден» |
|
3. |
Тыңдаушыларға алғыс айту |
«Тыңдағандарыңызға», «Көңіл қойғандарыңызға» |
|
4. |
Юмормен аяқтау |
|
|
5. |
Мадақтау, көңіл көтерумен аяқтау |
«Сіздерге үміт артуға болатынына сенемін » |
|
5 – тапсырма. «Жігітке жеті өнер де аз» деген халық нақылынан туатын қасиеттерді ашып көрсетіңіз. Бұрынғы жігіттер мен қазіргі жігіттер арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтарды салыстыра отырып, Венн диаграммасын сызыңыздар. Ойларыңды дәлеледеңіздер.
6- тапсырма. «Ренжіспей өмір сүруге бола ма?», «Әрқашан шындықты айтуға қажет пе?»деген тақырыптарда дебат өткізіңіздер. Үш топқа бөлініңіздер.екі топ тақырыптар бойынша сөйлейді. Үшінші топ анализ жасай отырып, оларды әділ бағалайды.
Негізгі әдебиеттер:
Б.Қапасова, Б.Әбдіжүсіпова, Ш.Жұмаділова Қазақ тілін жедел оқыту. Сөз мәдениеті. Шешендік сөз өнері. Пікірталас (көшбасшының пікірталас мәдениеті). -Астана, Арман-ПВ, 2007. 232-259 беттер
С.Иманқұлова, Н.Егізбаева, Ғ.Иманалиева, Ш.Рамазанова, Б.Омарова, К.Мұқадиева Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. -192 бет.
14-апта. ҒАЛАМШАР АЙМАҚТАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
3-тақырып. Адам, сен алдымен, өзіңді таны. Сыртқы саясат.
